Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Мақалалар мұрағаты

Фильтрлар:

Тазарту

Қоғамның проблемаларын шешуде жастардың әлеуметтік кәсіпкерлігі
Аңдатпа: Бұл мақалада азаматтардың бастамашыл топтарының Қазақстан Республикасының экономикасында қолайлы атмосфераны қалыптастырудағы қатысу проблемалары, сондай-ақ осы қызметтің себептері мен салдары талқыланып, әлеуметтік-экономикалық мекеме ретінде жастардың кәсіпкерлігін тұрақты, өзін-өзі қамтамасыз ететін жүйені құру жолдары қарастырылған.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 1(73)

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды ұйымдастыру
Аңдатпа: Бұл жұмыста мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды ұйымдастырудың теориялық және практикалық ерекшеліктері көрсетілген, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау рәсімдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 1(73)

Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары
Аңдатпа: Бұл мақалада Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары қарастырылған, өңірдің негізгі салаларын дамытудың сипаттамасы мен серпіні келтіріледі, оның ішінде – өнеркәсіп өндірісінің, ауыл шаруашылығының жағдайы, шағын және орта бизнес саласының дамуы, еңбек нарығы, сауда, электр, жылу және сумен жабдықтау, құрылыс. Облыс экономиканың прогрессивті және әртараптандырылған құрылымымен сипатталады. Павлодар облысының өнеркәсіп құрылымында өңдеу өнеркәсібі ең үлкен үлес салмағын алады. Облыс экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету контексінде дамуының басым бағыты шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 1(73)

Қазіргі жағдайда медициналық ұйымдарды басқару мәселелері
Аңдатпа: Мақалада Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының маңызды басымдығы – халықтың денсаулығын сақтау және нығайту қаралды. Осы проблеманың контекстінде медициналық мекемелерді басқару сапасы маңызды рөл атқарады. Денсаулық сақтаудағы экономикалық дағдарыс жағдайында басқарудың жаңа нысандарын, әдістері мен үлгілерін енгізу арқылы медициналық мекемелер қызметінің тиімділігін арттыру қажет. Денсаулық сақтау ұйымдарын басқаруды қиындататын факторларды пайда болу тәсілі бойынша шартты түрде екі топқа бөлуге болады: сыртқы орта факторлары және ішкі орта факторлары. Жиынтығында, өзара әрекеттесе отырып, бұл факторлар заманауи медицинаның дамуын тежеуге алып келеді. Осылайша, қазіргі кезеңде медициналық мекемелерді басқару процесінде туындайтын негізгі проблемаларды атап өтуге болады: жеткіліксіз қаржыландырылудың бөлшегі, қазақстандық азаматтардың денсаулық сақтау жүйесіне сенімінің төмен деңгейі, медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігінің проблемалары, жоғары білікті медициналық кадрлардың тапшылығы, денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының басқарушылық біліктілігінің төмендігі. Денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің сапасын арттыру бойынша қорытындылар жасалды.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 1(73)