Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Мақалалар мұрағаты

Фильтрлар:

2(58)

Тазарту

Топырақтың қатуы туралы есептердегі интегралды түрлендіру әдісі
Аңдатпа: Денелерді қыздыру және суыту процесі интегралды түрлендіру әдісі арқылы зерттеледі. Теориялық есептеулер нәтижесінде қоршаған орта температурасына байланысты топырақтың қатып қалу режимі белгілі болды. Лапластың түрленуі құрылыстағы бетон плотиналарының, құрылыс алаңдарының температуралық өрісін анықтау барысында тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Сайттарды құру бойынша оқыту интернет-порталын әзірлеу
Аңдатпа: Мақалада сайттарды құру бойынша авторлық ақпараттық-оқыту жүйесінің талдауы ұсынылған. Бұл жүйе пайдаланушыны web-программалау негіздерімен және WordPress, OpenCart – танымалы басқару жүйелерімен (Content management system CMS) таныстыратын электрондық курсты қамтиды. Сайттар дамытуға дайын жүйені пайдалану сайт дамыту үшін қаржылық және уақыт шығындарын айтарлықтай азайтады, өйткені CMS аясында қажетті функциялардың көпшілігі қазірдің өзінде жүзеге асырылған
Автор: Д.Е. Цапенко
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Pd-ПЭГ/ZnO катализаторының катализдік қасиеттеріне температураның әсері
Аңдатпа: Осы мақалда Pd-ПЭГ/ZnO катализаторында сутектеу реакциясын жүргізудің ең оңтайлы температуралық режимі ұсынылған. Катализаторды жасау мақсатында кейбір шетелдік авторлардың жұмыстары зерттелді, оларды дайындау үшін энергия ресурстарының шығыны шамалы болады, ал катализатордың белсенділігі бұрынғы деңгейде қалады.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Электронды оқулықтардың жаңа буынын жоғары мектепте, мұғалімдердің біліктілігін арттыру факультетінде қолдану
Аңдатпа: Мақалада жаңа буын оқулықтарын қолдану арқылы оқыту процесін тиімді басқару үшін оқытушының іс-әрекетінің үлгісін жасау қажеттілігі сипатталады. Құрастырылған үлгі ашық түрде оқыту мақсаттарын, әдістерін, нәтижелерін ескереді. Оның көмегімен білі алушының білім деңгейінің мәселесі шешіледі. Сонымен қатар оның танымдық қызметін басқару проблемасы жойылады.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

C# бағдарламалау тілінде интерфейсті жүзеге асырудың екі стратегиясы
Аңдатпа: Мақалада интерфейсті жүзеге асырудың екі стратегиясы сипатталады. Бірінші стратегия класс объектілерінің қосымша қасиеттерін береді. Интерфейстен кейін жүретін және оның әдістерін іске асыратын класс оларды анық жүзеге асыра алады. Іске асырудың басқа стратегиясы әдістің атын интерфейстің атымен анықтап, интерфейстің кейбір әдістерін жабық (private) ету болып табылады.
Автор: Т.М. Салий,
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Турбина конденсаторы суының жылуын пайдаға асыру әдісі
Аңдатпа: Энергия үнемдеу бағыттарының бірі жылулық сорғыларды қолдану болып табылады, олардың көмегімен төменәлеуетті тасталған жылуды пайдалану мүмкін болады. Мақалада жылу эдектр станцияларында жылулық сорғыларды қолдану мүмкіндігі қарастыралған. Жылулық сорғыны орнату арқылы төменәлеуетті тасталған жылуды ЖЭС-та қолдану сұлбасы берілген.
Автор: А.П. Плевако
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

«Қазхром» ТҰК Ақсу ферроқорытпа зауытында агломерат өндіру кезінде энергия үнемдеуді арттыру жолдары
Аңдатпа: Бұл мақалада шығындарды үнемдеу үшін ферроқорытпа өндірісінің қалдықтарын ұтымды пайдалану мәселелері қарастырылған, агломерат өндірісінің энергия тиімділігі есептелген, Ақсу ферроқорытпа зауыты материалдарында күйдірудің жылулық теңгерімінің мәліметтері келтірілген. Жылдық экономикалық эффект есептеулеріне сәйкес төмендегідей нәтижелер алынды: аглогаздарды қайта циркуляциялау есебінен отынды үйнемдеу 1334,5 т.у.т.; СО жағып бітіру есебінен – 1491 т.у.т.; агренатта тирристорлық түрлендіргіштерді орнату арқылы электр энергиясын жылдық үнемдеу сағ. 1714 мың кВт·құрады. Осылайша, қатты және газ тәрізді қалдықтарды қайта өңдеу кезінде энергия үнемдеу шараларынан бөлек агломератты пайдалану да АФЗ электрпештерінің өнімділігін көтеретіндігі, электр энергиясының үлес шығыны мен қалпына келтіргіш шығынын, ендеше, дайын өнімнің өзіндік құнын төмендететіндігі анықталды.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Түрлі параметрлердің кейбір жылу өткізбейтін материалдардың жылу өткізгіштігіне әсері
Аңдатпа: Мақалада процестін негізгі факторлардың жылу оқшаулағыш материалдардың жылу өткізгіштігіне әсерін талдау нәтижелері келтірілген. Негізгі факторлар ретінде тығыздық, температура және ылғалдылық қарастырылған. Зерттеулер тәжірибені жоспарлау теориясы негізінде өткізілген. Материалдың тығыздығы мен температурасына жылуөткізгіштіктің алынған тәуелділіктері осы факторлардың эксперимент нәтижесіне шамамен бірдей әсер ететінін көрсетті.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Алюминий электролизерлердің отқа төзімді материалдарының термоберіктік сипаттамаларының талдауы
Аңдатпа: Бұл мақалада пеш түбін шегендеуде туындайтын термиялық кернеу тұрғысынан алюминий электролизерінің оттөзімдерін қыздыру процесін оңтайландыру әдістері қарастырылған. Оттөзімдердің функциональдық міндеттері аталған. Оттөзімдерді қолдану сипаттамалары ұсынылған. Пештің футеровкасына термиялық әсер еткен кезде физикалық құбылыстар орын алады, олар термиялық кеңею деп аталады. Жоғары температураларда өзінің сипаттамаларын сақтап қалатын материалдар - отқа төзімді материалдар деп аталады. Термиялық беріктік нақтырақ сипатталған. Беріктік шегін зерттеу үшін ғылыми стенд қолданылған. Тәжірибелер өткізу барысында температура мен қысымды өлшеу әдісі келтірілген. Электролизерлерді футеровкалау үшін отқа төзімді материалдардың сипаттамаларын және өндірістегі нақты жүктемелерді мүмкіндігінше дәлірек білу қажет
Автор: А.А. Асаинов
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)