Мақалада кәсіпорында сапа менеджменті жүйесін енгізу нәтижелері келтірілген. ИСО 9001:2015 халықаралық стандартын, сондай–ақ өндірістік бақылауды жүзеге асыру үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды зерделеу және талдау жүргізілді. Өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде кәсіпорындарда өнімнің кіріс, операциялық және шығу бақылауын жүзеге асырудың негізгі талаптары мен ережелері анықталып келтірілген. Сонымен қатар, сапа менеджменті жүйесін енгізу үшін кәсіпорындардың қандай талаптарды сақтауы тиіс екені анықталды. Кәсіпорындардағы бұл жұмыс қажет екенін атап өткен жөн, себебі келесі артықшылықтарға ие: өнім сапасын жақсарту арқылы өнімді өткізу ұлғаяды, кәсіпорын мен персоналды басқару деңгейі ұлғаяды, өнімді әзірлеу, өндіру және пайдалану кезеңдерінде шығындарды үнемдеу жүзеге асырылады. Бұдан сапа менеджменті жүйесін енгізу үшін мынадай міндеттерді қою қажет: кәсіпорын процестерін сипаттау, үдерістерді бағалау және тиімділік критерийлерін әзірлеу, қажетті құжатталған ақпаратты әзірлеу, барлық бөлімшелерде құжаттаманы енгізу, олармен және сапа саласындағы саясатпен және мақсаттармен танысу, одан әрі SWOT-талдау жүргізу үшін ішкі аудиттерді уақтылы жүргізу және сәйкестік сертификатын алу мақсатында сыртқы аудитордың бағалау жүргізу. Сапаны басқаруда маңызды кезең-ұйымның үдерістердің сәйкессіз нәтижелерін жоймауы, әлеуетті сәйкессіздіктерді анықтау, хаттаманы жасау арқылы тәуекелді бағалау, тәуекелдерді азайту мақсатында іс-қимылдарды жоспарлауы және жүзеге асыруы тиіс. Қиындықтар туындауы мүмкін: персоналдың сапа менеджменті жүйесін енгізу қажеттілігін түсінбеуі, айқын көрудің, миссияның болмауы, процестер бойынша толық ақпараттың болмауы, бағалаудың сандық және сапалық критерийлердің жасалмауы, сапаның -процестердің, ресурстардың сапасы ретінде емес, өнімнің сапасы ретінде анықталғандығы, тұтынушылардың қанағаттануына – мониторингтің болмауы. Бұл қиындықтарды тек ISO 9001 бойынша сапа менеджменті жүйесін енгізумен ғана еңсеруге болады, өйткені халықаралық стандартта жазылған талаптар – ұйымды неғұрлым жоғары даму деңгейіне шығаруға көмектесетін кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың нақты құралы болып табылады.
Мақала ашу
Аңдатпа:
Журналдың шыққан жылы:
2020
Журнал нөмірі:
2(78)