Жеке тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекет қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Ал адам құқықтарын қорғау баланың құқықтарын сақтаудан басталады, ол өзінің физикалық және ақыл-ой жетілмеуіне байланысты мемлекет пен қоғам тарапынан ерекше қамқорлық қажет етеді. Қазақстан Республикасының 1990-шы жылдардағы терең экономикалық дағдарыспен қатар жүретін нарықтық экономикаға көшуі әлеуметтік құрылымның дәстүрлі салаларына: жұмысқа, отбасына, білім беруге кері әсерін тигізді. Осының салдарынан Қазақстан және ТМД – ның басқа да бірқатар елдері шетел азаматтарының асырап алуы үшін оларды шет мемлекеттерге жеткізетін балаларды экспорттаушы елдерге айналды. Кәмелетке толмағандардың сатылуы болып табылатын шет ел азаматтарының ТМД мемлекеттерінің балаларын асырап алудың көптеген фактілері қорғаншы және қамқоршы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары тарапынан қылмыстық – пайдакүнемдік сипатын жиі куәландырады.
Мақала ашу
Аңдатпа:
Журналдың шыққан жылы:
2019
Журнал нөмірі:
3(75)
Тақырып: Қоғамдық ғылымдар
Түйінді сөздер: құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қылмыс, криминалистикалық сипаттама, баланы ауыстыру, тараптар