Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Мақалалар мұрағаты

Фильтрлар:

Тазарту

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің дамуы мен құрылымы
Аңдатпа: Берілген мақалада Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінің құрылымы мен дамуының басты концепциялары қарастырылады. Жоғары білім беру жүйесінің басқармасының саясатын жуйеленуін қарастырады және уақыт өте өзгеріске ұшырайды. Ол басқарудыңжаңа әдістері және жауапкершілікке көңіл бөлуді қарастырады. Басқарудың демократиялық жолдары, жоғары оқу орындарында үлкен өзгеріске ұшырайды. Жоғары оқу орындары субъект болып келеді, сонымен қатар білім берудің жаңа жолдары ашылады. Ең негізгі ашынаулы факторлар ретінде жұмыс берушілер, академиялық қоғамдастықтар, түлектерді компоненттік түрде идентификациялау негізге алынады. Есесіне жұмыс беру аясында кәсіби тұрғыдан алғанда жоғары нәтижеге жетімен қатар, оны қамтамасыз ету керек.
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)

Жергілікті деңгейде бюджеттік қаражаттарды тиімді басқару (Железинка ауданы мысалында)
Аңдатпа: Мақалада бюджеттік қаражаттарды басқару механизмі қарастырылған. Бюджеттік кірістердің тиімділігін арттыру құралдары анықталды. Мақала негізі ретінде Железинка ауданының бюджеті қарастырылды. Бюджетті құрастырудың «шығындарды бақылау» әсілінен «нәтижелерді басқару» тәсіліне ауысуы негізделінді, осыған байланысты қаржылық сферада жаңа түсінік – нәтижеге бағытталған бюджеттеу пайда болды. Мемлекттік қаржылық басқару саласының өзекті мәселелері анықталып, оларды шешу жолдары ұсынылды. Қарастырылған сұрақтардың қазіргі кезеідегі зектілігіне байланысты мақаланың тәжірибелік маңызы бар.
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)

Қазақстанның демографиялық жүйелері және олардың ерекшеліктері
Аңдатпа: Бұл мақалада Қазақстанның демократиялық саясатының теоретикалық аспектілерінің ерекшеліктері қарастырылған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайының талдауы мен мәселелеріде зерттелген. Бұл мақалада демографиялық саясатының міндеттері және мемлекеттегі демографиялық жағдайдын жақсаруына әсер ететін жолдар ашылады. Демографияның тенденцияларын ескере отырып, жаңаша әдіс қолдану жағы тағы бар. Теоретикалық талдауларга әсер ететін жолдар ашылады.
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)

Қазақстанда моноқалаларды мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары мен шаралары
Аңдатпа: Мақалада, еліміздің тұрақтылығын дамытуға мақсатталған Қазақстанда моноқалаларды мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары қарастырылған. Көптеген моноқалаларындың әлеуметтік-экономикалық дамуында жағымсыз тенденциялары орын алып жатқасын тақырып өзекті болып табылады. Авторлар «моноқала» ұғымының түсініктемесін дәлелдей отырып, олардың топтастырмасын шығарған және сипаттамасын қарастырған. Сонымен қатар ҚР Үкіметі қарастырып бекіткен моноқалаларын дамыту бағдарламасы және мұндағы негізгі ұғымдар мен элементтер қарастырылған. Моноқалаларын экономикаға диверсификациялау құралдары, оларды моноқаллардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру үшін жағдай жасау мақсатында қолдануы қарастырылған.
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)

Павлодар қ. көліктік инфрақұрылымның заманауи жағдайы
Аңдатпа: Қалалық көліктік инфрақұрылым қаланың жоспарлы құрылымында логикалық жалғасы бола тұражәне керісінше сыртқы көліктік коммуникациялармен тығыз байланысты. Замануи қаланың көліктік кешеніне: ішкі көліктік қатынастар, сыртқы көліктік қатынастар, жүк тасымалы көліктері, арнайы көліктер, сонымен қатар оның құрылымдығын қамтамасыз ететін түрлі қызметтер мен бөлімшелер кіреді. Адамның қалада жайлы жағдайда өмір сүруінің ең маңызды шарттарының бірі дамыған көліктік инфрақүрылымның болуы табылады. Қаланың көшелі-жол желісі көшелер мен жолдардың қызметтік тіркелуі, көліктік және жаяу жүру қозғалысының интенсивтілігі, аймақтың сәулеттік-жоспарлы ұйымы мен құрылыс сипаты аясында жоспарланған. Жергілікті билік органдары қаланың көліктік жүйесін жүзеге асыру бойынша жоспарлы жұмысын жүргізіп келеді.
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)

Коммерциялық телевизиялық жарнаманың қалыптасуы әлем үлгісінің құрылымы («Еуразия» Бірінші арнасы» материалында)
Аңдатпа: Мақалада телевизиялық коммерциялық жарнама арқылы қалыптасаын әлемнің кеңістіктік-уақыттық және субъектті-объектті сипаттарының үлгісін сипаттау арқылы жарнама үлгісінің талдауы ұсынылған. Жарнамалық үлгіні сипаттау үшін автор «Еуразия» бірінші арнасы» телеарнасында көрсетілетін коммерциялық жарнама роликтерінің контент-талдауы келтірілген. Автордың ойынша ой-санаға белгілі бір құндылықтарды еңгізе отырып, жарнама белгілі бір өмір кейпін насихаттайды. Авторлар жарнаманы бұқаралық ақыл-есті жаулап алу механизмінің талдауы келтірілген. Жұмыста құндылықтарды жаулап алу, «рухани» жаулап алу – адам бойында белгілі бір идеалдар мен құндылықтарды қалыптастыру; зияткерлік жаулап алу; сезім арқылы жаулап алу т.б. талдаулары ұсынылған.
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)