Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Мақалалар мұрағаты

Фильтрлар:

Тазарту

Қазақстан Республикасындағы есірткі және бақыланатын психотроптық заттармен байланысты жағдайды бағалау
Аңдатпа: Бұл мақалада Қазақстан Республикасының есірткі айналымы мен есірткіге қарсы іс-қимыл саласындағы құқықтық реттеудің өзекті мәселелері зерттеледі. Зерттеудің мақсаты қазіргі заманғы есірткі ахуалына әкелетін мәселелерді қарастыру және оларды шешу мүмкіндіктерін анықтау болып табылады. Ашылған қылмыстардың төмендеуімен қатар осы салада әрекеттердің жыл сайын төмендеуі белгіленді. Жастар арасында интернет желісі арқылы синтетикалық есірткі белсенділігінің өршуі байқалады. Есірткіге қарсы күрестің нәтижелеріне ҰҚТ-ны жою, контрабанда мен есірткі бизнесінен түскен кірісті заңдастыру және әртүрлі бағыттағы кешенді алдын алу іс-шараларын жатқызуға болады. Нашақорлықтың қазіргі заманғы нысандарын алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы күреске бағытталған кешенді бағдарлама әзірлеу. Есірткі бизнесіне және есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл әдістерін жетілдіру.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 4(76)

Экономика мен кәсіпкерлік саласында азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық-құқықтық механизмдері
Аңдатпа: Мақалада мемлекеттегі экономикалық мүдделерінің теориялық негіздері ғана талданып қоймай, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі туралы авторлық пікірлер айтылып, экономикалық мүдделерді құқықтық қорғауды қамтамасыз етумен айналысатын Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының практикалық қызметінің аса маңызды бағыттары зерттеледі. Мақалада Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін құқықтық қорғауды жүзеге асыратын құқық қорғау органдары мәртебесін белгілеуге байланысты мәселелер егжей-тегжей қаралады. Кейбір қолданыстағы ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне қатысты барлық мәселелерді қамтымайды. Мұнда зерттелетін тақырып көбінесе өзекті болып табылатын жаңашылдықпен сипатталады.
Автор: Ж.Б. Aманбай
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 4(76)