Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Мақалалар мұрағаты

Фильтрлар:

Тазарту

Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясаты
Аңдатпа: Бұл мақалада жаһанданудың өзектілігі дүниежүзілік процесс ретінде, сондай-ақ жаһандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының даму үрдістері қарастырылады, жаһандану термині және оның мүмкіндіктері анықталады
Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 3(71)

Қазақстан Республикасында әлеуметтік қамтамасыз етудің кейбір мәселелері
Аңдатпа: Мақалада қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау, халыққа арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау мәселесі, соның ішінде көп балалары бар отбасыларға көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік көмек мәселесі қарастырылған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы мен шет елдерде көп балалары бар отбасыларға қандай жәремақы, оның түрлері мен мөлшері бойынша салыстырмалы талдау жасалынған
Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 3(71)

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің тиімділігін бағалау
Аңдатпа: Осы мақалада Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін бағалау әдістемесі талқыланып, қазіргі уақытта қолданылып жүрген халықаралық құралдар мен мемлекеттік бағдарламаларды, сондай-ақ білім беру жүйесін қайта құрудың көрсеткіштері мен нәтижелерін жақсартуға бағытталған шаралардың себептері мен салдарларын қарастырады. Мемлекеттік мекеме ретінде дербес білім беру жүйесін құру тетіктері қарастырылады
Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 3(71)

Салық саясатының мәні және оның экономиканы мемлекеттік реттеудегі рөлі
Аңдатпа: Салық саясаты-бұл мемлекет пен өңірлердің экономикалық жағдайын нығайтуға, экономикалық дамуға, экономика мен қоғам мүдделерін үйлестіруге бағытталған мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының құрамдас бөлігі. Мақалада салық саясатының мәнін анықтау тәсілдері, экономиканы мемлекеттік реттеудегі оның негізгі рөлі жинақталған, сондай-ақ қазіргі кезеңдегі салық саясатының мақсаттары, міндеттері мен әдістері айқындалған
Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 3(71)

Мекеменің құрылымы мен функцияларын талдау жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметкерлерін оқыту және қайта даярлау
Аңдатпа: Мақалада мемлекеттік аппараттың кәсібилігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін кадрларды іріктеу мен насихаттау туралы талдамалар ұсынылған. Мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін заманауи мемлекеттік қызмет күрделі әрі динамикалық әлеуметтік жүйе болып табылатындығы көрсетіледі. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру ең оңтайлы жол ретінде саналатын біліктілікке негізделген әдісті қолдана отырып жүргізілуі тиіс және бұл барлық персоналды басқару жұмысының негізі болып есептелінеді
Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 3(71)

Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы банктік өтімділіктің жағдайы
Аңдатпа: Бұл мақалада Қазақстан Республикасының 2015-2018 жылдар аралығындағы екінші деңгейдегі банктерінің өтімділігіне талдау жасалады. Сондай-ақ, банк секторының өтімділігін реттеу процесінде Қазақстан Ұлттық Банкінің рөлі мен саясаты талқыланады
Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 3(71)