Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Мақалалар мұрағаты

Фильтрлар:

Тазарту

Педагогикалық пәндерді оқытуда студенттердің кәсіби қабілеттерін қалыптастыру
Аңдатпа: Бұл мақалада педагогикалық пәндерді оқыту барысында студенттердің кәсіби қабілеттерін қалыптастыру жолдары қарастырылады. Еліміздің білім беру жүйесіндегі жаңа заман талабына сай білім берудегі «құзыреттілік» және «тұлғалық» бағытта оқыту әдістері мен «құзыреттілік» анықтамасын зерттеген ғалымдардың көзқарастары сипатталады.
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 4(64)

Жеке тұлғаның мінез акцентуациялары
Аңдатпа: Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез кең мағыналы ұғым. Мінездің акцентуациялануы – адамның әрекеті мен істеріңде көрініс беретін мінез ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшеліктері. Акцентуация әрқашанда белгілі бір белгілердің күшеюін ұсынады, сөйтіп жеке тұлғаның бұл белгісі акцентуацияланған болады.Мінез бүкіл өмір бойы қалыптасады. Өмірлік бейнесіне біріккен ойлар, сезімдер мен әрекеттердің бейнелері кіреді. Сондықтан да, адамның белгілі бір өмірлік бейнесінің қалыптасуымен қатар, оның «Мен» деген қасиеттің пайда болуымен анықталады.
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 4(64)
Түйінді сөздер: Дара, күші, есею, тұйықталған

Жалпы білім беру мектебінің жаратылыстану-ғылыми бағыты бойынша оқушылардың биологиялық бағалау құрамдас бөлігінің функционалдық сауаттылығы
Аңдатпа: Мақалада 9 сынып оқушыларының биология бойынша функционалдық сауаттылығын зерттеу нәтижесі ұсынылған. РISA халықаралық бағдарламасының 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау әдістемесі қолданылған. Жаратылыстану ғылыми сауаттылықты бағалау үшін әр түрлі деңгейдегі қиындық тудыратын тестер апробациядан өтті. Оқушыларды емтиханға дайындау процесінде тікелей түрде тест тапсырмаларымен жүйелі жұмыс жүргізу және сонымен қатар базалық деңгейдегі білім мен біліктерін өндеп, бекіту қажет.
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 4(64)

Өзін-өзі тану сабақтарында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтардың қалыптасуы
Аңдатпа: Мақала өзін-өзі тану пәні арқылы оқушылардың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, ұлттық тәрбиенің мәнін толықтай түсінуге мүмкіндік береді. Оқытудың жаңашыл әдістерінің бірі ассоциаиця іс-әрекеті туралы сөз қозғалады.
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 4(64)

Әлеуметтік жағдайы төмен жасөспірімдердің ұжымға бейімделуі
Аңдатпа: Бұл мақалада әлеуметтік жағдайы төмен жасөспірімдерге арналған жалпы білім беру мекемелердің жағдайында жасөспірімдердің бейімделу мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттердің талдауы ұсынылған. Автор өзіміздің жерімізде, Қазақстанда, әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға, отбасыларға арналған мемлекет және жеке меншік тарапынан көрсетіліп жатқан қорлар мен мектеп ұжымдардың жұмысына назар аударған.
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 4(64)

Кешенді сандардың геометрияда қолданудың кейбір мысалдары
Аңдатпа: Бұл мақалада кешенді сандардың геометриялық мағынасына қысқаша түсініктеме мен олардың жазықтықты түрлендіру ретінде қолданудың мысалдары, есептері қарастырылған.
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 4(64)

Кейбір иррационалдық процестер мен бірқатар бір санды екі жақты бағалау
Аңдатпа: Мақалада кейбір рационалды білдіру және дәлелденнетін бекітуге әкелетін, ұтымды жиындар қаралады, сондай-ақ бір жалпы бағасы - төменнен және жоғарыдан (екі жақты бағалау) бір сандық бірқатар қаралады. Біз бірге кесу сол жағында сомасы, содан кейін биномдық коэффициенттер бойынша формула пайдаланылады және тәртіп шарттары жұп нөмірлі кейбір теңдеулер алғаннан кейін, онда барлық жерде, тіпті дәрежесі тақ дәрежелі екі есе, ал жақшада шығарылғаннан кейінгі барлық терминдер квадрат түбірін түсінікті фактор. Біз белгілі бір проблемалары мен теоремалары шешуде дәлелдемелерді бірнеше нұсқаларын қарастыру.
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 4(64)

Қазақстан республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясат
Аңдатпа: Мақалада дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік басқарудың ең маңызды қағидаттары қарастырылған. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі аспектілеріне талдау жүргізілген.
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 4(64)

Павлодар қаласының төтенше жағдайлар динамикасын бағалау
Аңдатпа: Бұл жұмыста төтенше жағдайлар санын азайтуға бағыталған және Павлодар қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты кешенді ескерту шараларына талдау жасалды. Табиги және техногенді төтенше жағдай шығу негізгі себептері көрсетілген. Бұл жұмыста бес жыл кезеңіндегі статистикалық мәліметтер қолданылған. Алынған мәліметтер негізінде төтенше жағдайға мемлекеттік есеп жүргізіледі. Павлодар қаласының аумағында табиғи және техногендік жағдайларын алдын алу үшін, аумақтық Азаматтық қорғаныс құрылымдары, нысанды құрылымдар мен жедел жасақтар, арнайы апаттық–құтқару құрылымдары ұйымдастырылған.
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 4(64)

Павлодар облысы ауылдық округтер әкімдерін оқытудағы құзыреттілік тәсіл
Аңдатпа: Мақалада Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығының материалдарында құзыреттілік тәсіл базасында ауылдық округтер әкімдерін қайта даярлауды ұйымдастыру қарастырылады.
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 4(64)