Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Әскери қызметшілердің төтенше жағдай кезінде әрекет етуде психологиялық дайындығының ерекшеліктері

Аңдатпа:

Адамзат тарихында дағдарыс пен апаттардың көптеген мысалдары бар. Қазақстанда табиғи апаттардың барлық спектрі болуы мүмкін. Атап айтқанда, жер сілкінісі, су тасқыны, орман және дала алқаптарындағы өрт, қарлы боран және басқалар. Барлық тау және тау бөктеріндегі аймақтарда сырғыма қаупі, қар басу қаупі бар. Сонымен қатар, техногендік себептер бойынша туындаған жағдайлар да бар. Бұл апаттар адам қызметінің нәтижесінде пайда болады. Мұндай төтенше жағдайлар адамның барлық физикалық және психологиялық мүмкіндіктерін шоғырландыруды талап етеді. Әсіресе, бұл экстремалды немесе сыни жағдайларда жиі әрекет ететін әскери қызметшілер үшін маңызды. Мұндай жағдайларды шешуге психологиялық дайындық жеке адамға өз іс-әрекетінің дұрыстығына сенімділік береді және нәтижесінде табысты нәтижеге әкеледі. Бұл мақаланың мақсаты- магистрлік диссертация шеңберінде зерттеу нәтижелерін баяндау болып табылады. Негізгі екпін әскери қызметшілердің экстремалдық жағдай кезіндегі іс-қимылдарға психологиялық дайындығының ерекшеліктерін талдауға жасалған. Авторлар зерттелетін мәселені сыни жағдайда әскери қызметшілерді психологиялық даярлаудың қазіргі заманғы тәсілдері тұрғысынан ашылады. Зерттеудің қолданылатын әдістері(талдау, қорыту, эксперимент) әскери психология үшін өзекті мәселенің тереңдігін ашуға мүмкіндік берді. Зерттеу қазақстандық және шетелдік ғалымдардың заманауи ізденістерінің нәтижелеріне негізделеді. «Экстремалды жағдай» ұғымының мәнін түсіндірудің тәсілдері қарастырылды, дағдарыс жағдайында іс-қимыл жасауға әскери қызметшілердің психологиялық дайындығының ерекшелігін айқындайтын факторлар айқындалды. «Әскери қызметшілердің сыни (экстремалды) жағдайлардағы қызметке психологиялық дайындығы» ұғымы анықталды. Эксперименттің статистикалық нәтижелері ұсынылған. Тәжірибелік жұмыс барысында жүргізілген эксперименталдық қызметтің жоғары практикалық маңызы бар, өйткені Павлодар қаласының3176 "к" әскери бөлімінің жұмыс тәжірибесіне енгізу арқылы табысты сынақтан өтті және әскери қызметшілердің психологиялық даярлығында қолданылуы мүмкін. Мақала психологияның өзекті мәселесіне арналған. Мақалада баяндалған нәтижелер әскери психологтарға пайдалы болуы мүмкін.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі: