Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Мақалалар мұрағаты

Фильтрлар:

Тазарту

Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі білім беру қызметтері нарығының жеке сегментінің дамуын мемлекеттік реттеу
Аңдатпа: Мақалада мектепке дейінгі білім беру қызметтері нарығының жеке сегментін дамытуды мемлекеттік реттеу тетіктері және олардың мазмұны қарастырылады. Мектепке дейінгі қызмет көрсету саласын мемлекеттік реттеу құралдарының даму тенденциялары мен құралдарына, мектепке дейінгі білім беру қызметтері нарығының жеке сегментін дамытудағы негізгі проблемаларға және оларды шешу жолдарына талдау жасалды
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 4(76)

Қазақстан Республикасы аймақтарында білім беру жүйесінің рейтингісіндегі Павлодар облысының мектепке дейінгі тәрбие беру мен білім беру жүйесі: жағдайын талдау, мәселесі мен даму үрдісі
Аңдатпа: Отандық және әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бастауыш мектеп білім беру жүйесінің жұмысының сәттілігі оның ішкі факторларымен ғана емес, сонымен бірге мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру сатысында (МТБ) балалардағы осы процестің дайындығына байланысты. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасындағы МТБ жүйесін дамыту мәселелеріне құқықтық реттеу тұрғысынан да, мемлекет тарапынан бақылау және оның дамуын бағалау тұрғысынан да ерекше көңіл бөлінеді. Мақалада ҚР МТБ дамуының негізгі тенденциялары және аймақтық мектепке дейінгі білім беру мен республикалық білім беру жүйесінің даму деңгейін бағалау рәсімдерінің мазмұны талданады; Павлодар облысының мектепке дейінгі тәрбие және білім беру жүйесінің жай-күйіне, мәселелеріне және даму тенденцияларына және оның Қазақстан аймақтарындағы білім беру жүйелерінің ұлттық рейтингіндегі позициясына талдау және бағалау келтірілген.
Автор: Л.И. Кашук
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 4(76)