Бұл мақалада автор адам мен азаматтың жеке бостандығына қарсы шабуылдарды криминализациялаудың негіздері мен принциптерін зерттейді. Осы зерттеудің мақсаты – жеке бас бостандығына қол сұғатын әрекеттер криминализациясының негізділігін құқықтық талдау болып табылады. Қоғамда орын алатын әлеуметтік қауіпті әрекеттерді криминализациялау қылмысқа әсер ету құралдары арасында жетекші рөл атқаратындығы баса айтылады. Қылмыстық заңнаманы дамыту тәжірибесінде бұрын қылмыстық ретінде жазылмаған әрекеттер кейіннен заңнамалық деңгейде қылмыс деп танылған көптеген мысалдар бар. Зерттеудің әдіснамалық негізін дәстүрлі жалпы ғылыми және арнайы құқықтық әдістер құрайды: жүйелік-құрылымдық, тарихи-құқықтық және салыстырмалы-құқықтық. Зерттеуші жеке бас бостандығына қарсы қылмыстарды криминализациялау қажеттілігі, ең алдымен, келесі негіздердің болуымен байланысты екенін айтады: қоғамдық қауіптіліктің жоғары деңгейі; осы әрекеттердің теріс динамикасы; қылмыстық жауапкершілікті қолданбай жоюға болмайтын осы қылмыстарды жасау жағдайларының болуы; конституциялық құқықтар мен заңнамалық актілерді қорғаудың қылмыстық-құқықтық кепілдігінің қажеттілігі; қаралып отырған әрекеттерге қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттің халықаралық-құқықтық міндеттемелерінің болуы. Мақала соңында, Қазақстан Республикасында заң шығарушыны жеке басының бостандығына қол сұғушылықты криминализациялауға итермелейтін объективті негіздер шын мәнінде болған және орын алған деген негізделген қорытынды жасалады. Автор жеке бас бостандығына қарсы іс-әрекеттерді криминализациялау қағидаттарына: заңды-криминологиялық (қылмыстық-құқықтық шаралар арқылы әлеуметтік қауіпті әрекеттерге әсер ету мүмкіндігі; қудалаудың процедуралық орындылығы; санкцияның пропорционалдылығы және қуғын-сүргінді үнемдеу принципі); әлеуметтік-экономикалық (қылмыспен келтірілген материалдық және моральдық зиянның маңызды сипаты; оң салдардың негативтерден артықшылығы; қылмыстық-құқықтық тыйым салуды жүзеге асыру үшін материалдық ресурстардың болуы; әлеуметтік-психологиялық (қоғамдық құқықтық сана мен психологияның жеткілікті деңгейі); тарихи дәстүрлерді жатқызады. Мақалада автор қазақстандық заң шығарушының жеке бас бостандығына қарсы іс-әрекеттерді криминализациялау үшін шын мәнінде барлық негіз бар деген қорытынды жасайды. Сонымен бірге, жеке бас бостандығына қол сұғатын іс-әрекеттердің қылмыстық құқық нормаларымен салыстырмалы түрде реттелгеніне қарамастан, олар үшін қылмыстық жауапкершілікті құқықтық реттеу әлі де жетілдіруді талап етеді.
Мақала ашу
Аңдатпа:
Журналдың шыққан жылы:
2020
Журнал нөмірі:
3(79)
Тақырып: Құқық
Түйінді сөздер: адам құқығы, жеке бас бостандығы, адам ұрлау, бас бостандығынан заңсыз айыру, адам саудасы, құлдық