Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Кадрлық стратегия және кадр саясаты - басқару жүйесінің құралы ретінде: Қазақстан компанияларының тәжірибесінен

Аңдатпа:

Заманауи ұйымдастыруда үдемелі дамытуды басқару проблемаларының бірі - оның кадрлық әлеуетінің тиімділігі мәселесі. Бұл мәселені мемлекет деңгейінде де, аймақтар деңгейінде де көбінесе, жас мамандарды даярлау сапасының, еңбек нарығын тиімсіз реттеу сұрақтарының салғырттығына әкеліп тірейді. Ұйымдастырудағы бұл сыртқы факторлар, күмәнсіз, оның қызметіне әсер етеді, бірақ қазіргі уақытта мемлекет пен бизнес қауымдастық бұл мәселені шешу құралдарын қалыптастырды. Алайда қызметкерлерді басқару саласында компанияның мақсаттарымен, міндеттерімен, стратегиясымен үйлесім, кадр саясатында нақты келісім мен тұрақтылық, белгілі бағыт жоқтығымен алғышартталған бірқатар ішкі мәселелер бар. Тек осы жағдайда ғана кадрлық стратегия мен кадр саясаты компанияны дамыту жолында қойылған стратегиялық мақсаттар тұрғысынан қызметкерлерді басқарудың тиімді құралы бола алады. Мақсаты - бірқатар қазақстандық компаниялардың кадр саясатының мазмұнын қарастырып, салыстырмалы талдау жүргізу, компанияның негізгі стратегиясы мен кадр саясатының өзара байланысына және келісімділігіне талдау жүрігізу. Мақаланы дайындау және онда зерттелген мәселені негіздеу кезінде анализ, салыстыру, сипаттау, жалпылау, негіздеу және т.б. дәстүрлі әдістер қолданылды. Қазақстан Республикасының ірі компанияларының материалдары бойынша авторлар мақалада кадрлық стратегия мен кадр саясатының мазмұнын отандық жұмыс берушілердің адам ресурстарын басқару мәселелеріне келгенде ескеретін негізгі факторлары ретінде зерттеп, сәйкестендірді. Талдау Қазақстан Республикасы ұйымдарының кадрлық потенциалды қалыптастыру және дамыту мәселелеріне келгенде қолданатын тәсілдерінің көп векторлы екенін көрсетті. Қазақстан компанияларының кадр саясаты осы уақытқа дейін де жағдайлық сипатқа ие болғанын және қазір де жағдайлық сипатқа ие екені анық. Бұл нарық конъюнктурасының динамикасымен және оларды дамыту мақсаттары мен міндеттерінің динамикасымен байланысты кадрлық мәселелерді шешу қажеттілігімен алғышартталған. Авторлар қызметкерлерді басқару тиімділігі және ұйымның кадр саясатының тиімділігі ұйымдағы адам ресурстарының рөлі мен маңызын анық түсінуді талап етеді. Объективті түрде бұл түсінік меншік формасы, салалық ерекшелік, өндіріс масштабы, пайдаланылатын технологиялар мен ұйым өткізетін өнім немесе қызмет нарығының динамика деңгейі сияқты факторлар бойынша анықталатын болады. Бұл түсініктің ұйымның кадрлық стратегиясы мен кадр саясатында көрініс тапқаны және оның нарықтық даму стратегиясымен үйлескені өте маңызды.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 1(85)