Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Жариялау этикасы

Журналдың бас редакторы жауапкершілігі

Журналдың бас редакторы Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік және баспа қызметі саласындағы заңнамасының сақталуын; ғылыми басылым сайты арқылы ақпараттық ашықтық қамтамасыз етеді.

 

Бөлім редакторларының жауапкершілігі

Бөлім редакторлары дәйексөз индексін, адалдықты, мамандардың жауапкершілігін ескере отырып, редакциялық алқа құрамын қалыптастырады.

Бөлім редакторлары қолжазбаларды жариялау туралы шешім қабылдау кезінде дербес жауапты болады. Бұл үшін ұсынылған нәтижелердің шынайылығы және олардың ғылыми маңыздылығы негіз болуы тиіс.

 

Жарияланым туралы шешім қабылдай отырып, редактор басқа редакторлармен және тағайындалған сарапшылармен кеңес жүргізе алады. Редакторлар Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.

 

Редактор қолжазбалардың зияткерлік мазмұнын нәсіліне, жынысына, діни көзқарастарына, жыныстық бағдарына, шығу тегіне, азаматтығына және авторлардың саяси көзқарастарына қарамастан бағалауы тиіс.

 

Редактор және редакциялық алқа мүшелері жариялануға қабылданған қолжазбалар туралы ақпаратты рецензент, әлеуетті рецензент болып табылмайтын үшінші тұлғаларға, редакциялық алқа мүшелеріне, баспахана қызметкерлеріне ақпарат бермеуі тиіс. Қолжазбадан алынған, жарияланбаған деректер автордың жазбаша рұқсатынсыз жеке зерттеу мақсатында пайдаланылмауы тиіс. Рецензиялау барысында алынған ақпарат немесе идеялар құпия болып қалуы керек және жеке бастың пайдасы үшін пайдаланылмауы тиіс. Мүдделер қақтығысы орын алған жағдайда редакторлар өздігінен бас тарту туралы мәлімдеуі керек, редакциялық алқадан көмек сұрауы және мақаланы жариялау туралы шешімге қатыспауы тиіс.

 

Сарапшылардың (рецензенттердің) жауапкершілігі

Сарапшы (рецензент) қолжазбаның мазмұнына объективті баға беруі тиіс және автордың жеке басы сынына жол бермеуге міндетті. Сарапшылар (рецензенттер) басылымның сапасын арттыруға және қолжазбаны жариялау туралы шешім қабылдауға ықпал етулері тиіс. Сарапшы (рецензент) рецензияланатын қолжазбаға сілтеме жасалмай жарияланған жұмыстарды анықтауы тиіс.

Қолжазбаға немесе мүдделер қақтығысына объективті сараптама жүргізу үшін өз біліктілігінің жеткіліксіз екендігін сезінген сарапшы (рецензент) бөлім редакторын хабардар етуі және өздігінен бас тартуы тиіс.

Сарапшы (рецензент) сараптама үшін алынған кез келген мақалаға құпия құжат ретінде қарауы тиіс. Сарапшы (рецензент) қолжазбаның көшірмесін жасау, оның мазмұнын бөлім редакторының уәкілеттігі жоқ тұлғалармен талқылау құқығы жоқ. Сарапшы (рецензент) автордың жазбаша рұқсатынсыз рецензияланатын мақалалардан алынған, жарияланбаған деректерді жеке зерттеу мақсатында пайдаланбауы тиіс.

 

Авторлардың жауапкершілігі

Еңбектің негізгі ұғымын қалыптастыруға, зерттеу нәтижелерін түсіндіруге елеулі үлес қосқан тұлғалар ғана, жарияланымдардың авторлары бола алады. Автор зерттеу нәтижелерін алуға қатысқан тұлғалардың үлесін бағалап, оларды тең авторлардың құрамына қосуы тиіс. Бұл ретте автор қолжазбаның соңғы нұсқасын, бірлескен авторлармен алдын ала келісуді қамтамасыз етуі тиіс. Мұндай жағдайда жұмыстың мазмұнына барлық авторлар жауап береді.

 

Студенттер мен магистранттарды жарияланымы тек ғылыми жетекшімен бірге ғана жүзеге асырылады, ғылыми жетекші жұмыстың мазмұны үшін жеке жауап береді.

 

Қолжазбалардың авторлары зерттеудің дұрыс нәтижелерін беріп, пайдаланылатын жарияланымдарға сілтеме жасауы тиіс. Кез келген плагиат көрінісінің түрі қолжазба жазған кезде алынып тасталуы тиіс. Автор тегі, аты, әкесінің аты, атаулар, құқық иеленушілер, фактілер, мақаладағы дәйексөздер туралы деректердің нақтылығына, ашық жарияланымға жатпайтын материалдардың жариялануына дербес жауап береді.

 

Автор жеке алынған деректер, кез келген құпия ақпаратты түпнұсқаның жазбаша рұқсатынсыз пайдаланбауы тиіс.

Автор қолжазбадағы бөтен мәтінді, графиктер мен суреттерді заңсыз пайдаланудың жоқтығына кепілдік береді.

Автор мақаланың қолжазбасында Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік құпиялар туралы” 15.03.1999 жылғы Заңының 11-14-баптары бойынша мәліметтері жоқ екендігіне толықтай жауапты, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің немесе қандай да бір өзге де уәкілетті органнан бұл материалды жариялау үшін рұқсат алмау кепілдігін береді.

 

Автор басқа журналда бұрын жарияланған мақаламен бірдей мақаланы ұсынбауы тиіс.

Қолжазбада елеулі қателер табылған жағдайда, автор бұл туралы бөлім редакторына, басылымға қол қойған сәтке дейін, журнал нөмірінің түпнұсқа-макеті туралы хабарлауы тиіс.

В случае обнаружения в рукописи статьи существенных ошибок автор должен сообщить об этом редактору раздела до момента подписи в печать оригинал-макета номера журнала.   Әйтпесе, автор барлық сыни ескертулерді өз есебінен түзетуі тиіс.

 

Автор мақаланы журналға жібере отырып, көрсетілген дербес жауапкершілік дәрежесін түсінеді, бұл журналдың редакциялық алқасына жазбаша өтінішінде көрсетіледі.