Бұл мақалада 5–6 жас шамасындағы балаларды балабақша жағдайында коммуникативтік дағдылардың қалыптасу үрдісінің ерекшеліктері қарастырылады. Авторлар коммуникативтік дағдылардың қалыптасуы кезінде жас шамасындағы балаларда құрдастарымен жағдайлық іскерлік қарым-қатынастағы қажеттілік пайда болатынын белгілейді. Бірлескен ойын әрекеті қарым-қатынастың мазмұны ретінде болады, құрдастарынан құрметтеу мен қадірлеуге деген қажеттілік туындайды. Қарым-қатынас шеңберін кеңейтуде баладан негізгісі сөйлеу тілі болып табылатын қатынас құралын толыққанды игеруді талап етеді. Баланың күрделенген іс-әрекетінде сөйлеу тілін дамыту бірнеше бағыттарда жүреді өзге адамдармен қарым-қатыныста қолдану жетілдіріледі, сонымен қатар сөйлеу тілі психикалық үрдістердің қайта құрылуының негізі, ойлау құралы ретінде болады. Сондай-ақ, қарым-қатынысқа түсе білу өмір сүру кезінде қалыптасады және әлеуметтік тәжірибенің негізі болып табылады.
Балабақшадағы мектепке дейінгі 5–6 жастағы балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру
Аннотация:
Год выпуска журнала:
2016
Номер журнала:
3(63)
Рубрика: Педагогика и психология