Научный журнал

Вестник Инновационного Евразийского университета

Подать статью на рассмотрение редколлегии и рецензирование

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Назад

Поиск на сайте

Результаты по запросу: талдау және дамыту бөлімі 2456 әскери бөлімі (Астана қ.)

Кол-во результатов: 4


«Өзiн-өзi тaнy» пәнiн оқытy apқылы оқyшылapдың pyхaни-aдaмгepшiлiк құндылықтapын қaлыптacтыpy
Аннотация:

Берілген мақалада мектеп бағдарламасына енгізілген «өзін-өзі тану» пәнінің мақсат-міндеттері және пәннің жас ұрпаққа тәрбиесіндегі орны жан-жақты қозғалды. Адамгершілік тәрбие мәселелерін қарастырған ғалымдар еңбектері негізгі нысанға алынады. Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру жолдары көрсетіледі.

Год выпуска журнала: 2016
Номер журнала: 3(63)

Балабақшадағы мектепке дейінгі 5–6 жастағы балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру
Аннотация:

Бұл мақалада 5–6 жас шамасындағы балаларды балабақша жағдайында коммуникативтік дағдылардың қалыптасу үрдісінің ерекшеліктері қарастырылады. Авторлар коммуникативтік дағдылардың қалыптасуы кезінде жас шамасындағы балаларда құрдастарымен жағдайлық іскерлік қарым-қатынастағы қажеттілік пайда болатынын белгілейді. Бірлескен ойын әрекеті қарым-қатынастың мазмұны ретінде болады, құрдастарынан құрметтеу мен қадірлеуге деген қажеттілік туындайды. Қарым-қатынас шеңберін кеңейтуде баладан негізгісі сөйлеу тілі болып табылатын қатынас құралын толыққанды игеруді талап етеді. Баланың күрделенген іс-әрекетінде сөйлеу тілін дамыту бірнеше бағыттарда жүреді өзге адамдармен қарым-қатыныста қолдану жетілдіріледі, сонымен қатар сөйлеу тілі психикалық үрдістердің қайта құрылуының негізі, ойлау құралы ретінде болады. Сондай-ақ, қарым-қатынысқа түсе білу өмір сүру кезінде қалыптасады және әлеуметтік тәжірибенің негізі болып табылады.

Год выпуска журнала: 2016
Номер журнала: 3(63)

Психологические аспекты межэтнического взаимодействия в воинском коллективе в Республике Казахстан
Аннотация:

В статье рассмотрены особенности проявления психологических аспектов межэтнического взаимодействия в воинском коллективе. Базой исследования выступила пограничная служба в отдельных подразделениях Республики Казахстан. Изучены вопросы, связанные с социально-психологическим взаимодействием, рассмотрены различные типы отношений в воинских коллективах, сделаны выводы и выдвинуты предложения по созданию эффективного общения.

Год выпуска журнала: 2017
Номер журнала: 3(67)

Усуль әл-Фиқһ ғылымындағы «мәфхум әл-мухалафа» қағидасының орны
Аннотация:

Ислам діні адам өмірінің теологиялық, құқықтық және этикалық қабаттарын қамтиды. Адам өмірінің барлық салаларында орын алатын құқықтық мәселелер, пайғамбар заманында уахи арқылы, яғни Құран аяттарымен және пайғамбар үкімімен шешімін тауып отырды. Бұл кезеңде үкім шығару тәсілдері мен қағидаларын қолдануға қажеттілік туындамады. Сахабалар дәуірінде пайғамбардың көзі тірісінде орын алмаған жайттар мен сұрақтар туындап, адамдар арасында пәтуа мен үкім беру міндетінжекелеген сахабалар атқарды. Олар Құран мен сүннет тілі болған – араб тілін, аяттардың түсуі (нузул) мен хадистердің айтылу себептерін (уруд) және шариғаттың асыл мақсаттарын жақсы білді. Өйткені сахабалар ерекше қабілетке ие болумен қатар, олар ұзақ уақыт Аллаһ елшісімен бірге өмір сүріп, аят-сүрелердің түсу барысына, хадистердің айтылу себептеріне куә болды. Сонымен қатар олар үкімі діни мәтіндерде нақты келмеген мәселелерде ыждағатпен шешім шығара білді. Осылайша бұл кезеңдегі құқықтық негіздерді: Құран, сүннет және сахаба ыждағаты құрады. Табиғин және олардан кейінгі буын өкілдерінің кезінде де бұл үрдіс жалғасын тауып, ислам мемлекетінің кең етек жаюы себепті, адамдар арасында түрлі сұрақтар мен мәселелер туындады, пікірталастар артты. Оған Сағид ибн Мусайяб, Уруа ибн Зубәйр, Қазы Шурайх пен Ибраһим ибн ән-Нахаи сынды табиғин дәуірінің мужтаһидтері ғылыми негіздерге сүйене отырып шешімдерін айтып отырды. Алайда барлық ғалымдардың үкім шығару методологиясы бірдей болмады. Үкім шығаруда қолданылатын қағидалардың бірі мәфхум әл-мухалафа қағидасын дәлел ретінде қолдану жайлы да усуль ғалымдары арасында көптеген көзқарастар айтылады. Солардың ішінен алып қарастыратын мәселе Ханафи мазхабы мен мутакаллимдердің мәфхум әл-мухалафа қағидасын алып, алмауын қарастырамыз. Сонымен қатар ол қағиданың үкімге әсері жайлы да бірнеше мысалдар келтіріледі.

Год выпуска журнала: 2022
Номер журнала: 1(85)