Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: А.С. Саткенов

Нәтижелер саны: 35


Павлодар қаласының экономикасын дамытудың негізгі басымдықтары мен болашағы
Аңдатпа:

Мақалада Павлодар қаласының экономикалық әлеуетінің талдау бағасының нәтижелері қарастырылды. Қазіргі уақытта аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының ішкі резервтерін анықтаудың мәселесі аса маңызды болып келеді, оның шешімі әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің мәні, құрылымы, бағалау әдістерін анықтаудағы жаңа амалдар шығаруды талап етеді. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің көлемі өндіргіш күштерінің даму деңгейін сипаттайды, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін, капитализация дәрежесін анықтайды.

Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың шетелдік тәжірибесі
Аңдатпа:

Мақалада ауылшаруашылық өндірісін мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибесі қарастырылды. Авторлар Агроөнеркәсіп кешенінде болып жатқан инновациялық үрдістерді (биоресурстарды қолдануды) талдады және ауылшаруашылық саласындағы қаржылық қолдаудың негізгі бағыттарын анықтады.

Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Компанияны басқарудағы тәуекелдер картасының рөлі
Аңдатпа:

Осы мақалада тәуекелдер картасы компанияны нәтижелі басқару құралы ретінде қаралып, ұйымның ойдағыдай қызмет етуі үшін тәуекелдер картасын құру мақсаттары, әдістері, сандық бағалануы және тәуекелдер картасын үлгілеу қарастырылады.

Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Уильям Теккерейдің “Ярмарка тщеславия” шығармасындағы кейiпкерлер номинациясындағы авторлық стратегия
Аңдатпа:

Мақала У. Теккерейдiң “Ярмарка тщеславия” романындағы автордың жалқы есімдерді (антропонимдерді) қолдану стратегиясына арналған. Бұл есімдер автордың өз кейiпкерлерiне деген қарым-қатынасы ретінде қарастырылады.

Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Концептінің мәнді сипаттамаларын зерттеу
Аңдатпа:

Мақала этникалық әлем суреттері – тұжырым бірлігінің басты сипатын қарастыруға арналған. Жұмыста мәдени ерекшелікпен белгіленген көп мөлшерлі лингваменталды білім «мазмұнының» аналитикалық сипаттамасы көрсетілген.

Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Шаруашылықты жүргізудің қазіргі заманғы шарттарында агроөнеркәсіптік өндірісте инновациялық технологияларды қалыптастыру
Аңдатпа:

Жұмыста Қазақстанның АӨК болып жатқан инновациялық үрдістердің талдауы жүргізілді және аграрлық өндірісті әрі қарай дамытудың негізгі бағыттары көрсетіледі. Инновациялық технологияларды қолдану халықты азық-түлікпен қаматамасыз ету, агроөнеркәсіптік өндірістің тиімділігін жоғарылату, қоршаған ортаны қорғау бойынша АӨК әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешудің ең тиімді және іскерлік құралы болып табылады.

Журналдың шыққан жылы: 2012
Журнал нөмірі: 4(48)

Қазақстандық кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеру мақсатында өнімнің сапасын басқару
Аңдатпа:

Берілген мақалада кәсіпорынның бәсекелестік қабілеттілігін жоғарлату амалдарының бірі ретінде өнімнің сапасың жақсартудың мәселелері қарастырылады

Журналдың шыққан жылы: 2012
Журнал нөмірі: 4(48)

Екінші деңгейдегі банктердің депозиттік саясаты
Аңдатпа:

Бұл мақалада екінші деңгейдегі банктердің салым саясатының сұрақтары қарастырылады. Салым шотының бірнеше түрінің болуы және оларды сұрыптау негізінде салым деректері, олардың мақсаттылығы, кіріс дәрежесі яғни осы критерийлердің бар болуы анықталады. Мақсат және міндеттердің критерийлерін анықтауда негізгі зейін қойылған.

Журналдың шыққан жылы: 2012
Журнал нөмірі: 4(48)

Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы тиімді саясатты қалыптастыру
Аңдатпа:

Мақалада шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайларындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік тұрақтылық, тамақтану қажеттілігін қанағаттандыру, импорттан тәуелсіздік, өз азық-түлік тауарларын өндіруді дамыту, азық-түлікпен қамтамасыз етуді тұрақтандыру үшін резервтік қорлар құру сияқты мемлекеттік мүдделерді қорғау стратегиясы қажет.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Павлодар қаласының және оның инфрақұрылымдық кешенінің әлеуметтік саласын дамытудың басым бағыттары және перспективалары
Аңдатпа:

Бұл мақалада Павлодар қаласының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін талдамалы бағалау нәтижелері қарастырылған. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік сала мен оның дамуы болып табылады. Осы саланың жағдайы көбінесе еңбек ресурстарының ұдайы толықтырылу үрдістерін, олардың саны мен сапасын, өндірістік күштердің ғылыми-техникалық даму деңгейін, қоғамның мәдени және рухани өмірін айқындайды.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Халықаралық бірлесу жағдайындағы аграрлық нарықтың дамуы
Аңдатпа:

Бұл мақалада Кеден одағы жағдайындағы Қазақстанның аграрлық нарығының даму мəселелері қарастырылған. Ауыл шаруашылық өнімін өндіруді тұрақты дамыту жетістігінің негізгі шарттары мыналар болып табылады: агарарлық өндірісті ішкі қолдау, АӨК саласындағы халықаралық бірігуін нығайту, инновациялық даму, ақпараттық инфрақұрылымды дамыту, өткізу нарығын əртараптандыру, қолайлы көлік бағытын жасау.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Әлеуметтік тартымдылықты қамтамасыз етуге қатысты салық саясатын реформалау
Аңдатпа:

Мақала қоғамдағы әлеуметтік бөлектету тенденцияларына ықпал ететін салық салу саласындағы қазіргі проблемаларға арналған. Әлеуметтік тартымдылықты сипаттайтын көрсеткіштер жинақтап қорытылады. Белгілі бір салық саясатының көмегімен өндіріс көлемі, жұмыспен қамту, инвестициялар, ғылым мен техниканы дамыту, құрылымдық өзгерістер, бағалар, сыртқы экономикалық байланыстар, халықтың өмір сүру деңгейі, белгілі бір тауарлардың тұтынылу деңгейі сияқты әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеуге болатындығы дәлелденген. Меншіктің түрлі нысандарын құру жағдайларында адам капиталын қалыптастыруда басты роль жұмыс берушілерге тиесілі, олар әлеуметтік тартымдылықтың аспектілерін қамтамасыз етеді немесе әлеуметтік бөлектетуге жол бермейді.

Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

2020 жылға дейін Качир ауданының ауыл шаруашылығын дамыту стратегиясын іске асырудың инвестициялық бағдарламасы
Аңдатпа:

Мақалада ауданның ауыл шаруашылығын дамату стратегиясының негізгі басымдықтары, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция салу қарастырылады, олардың саланы дамыту үшін қаншалықты қажет екендігіне талдау жасалады. Ауданның ауыл шаруашылығын және агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың инвестициялық саясатының тиімділігін арттыруға ықпал ететін негізгі факторлар анықталған.

Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Студент жастардың ана атануға саналы дайындығы
Аңдатпа:

Берілген мақалада "ана атану" ұғымының түрлі анықтамалары, сондай-ақ адамның талаптар, міндеттер, мінез-құлықтың әлеуметтік стандарттарының тұтас кешенін қабылдауын білдіретін студент жастардың ана атануға дайындалуының адамгершілік-психологиялық аспектілері қарастырылған. Мұндай дайындық студент жастардың отбасылық өмірге деген жауапкершілігін, ана атанудың әлеуметтік абыройлығын арттыруға, студент жастардың ана атануға психологиялық дайындығын көтеруге, терең, нақты білім алуға бағытталған. Студент жастардың ана атануға саналы дайындығының деңгейі әйел адамның ана болуға әзірлену кезіндегі оң және теріс факторлардың әсер етуінің жалпы нәтижесімен анықталады.

Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Балаларға арналған телевизиялық өнімнің әлеуметтік жіктелуінің контент-талдауы («Балапан» телеарнасы материалдарында)
Аңдатпа:

Жұмыста контент-анализ негізінде «Балапан» телеарнасы өнімінің әлеуметтік жіктелуінің зерттеуі ұсынылған. Гендерлік қатыстылығы, жас категориясы, білімі, қызығушылығы, ұлты, тұрғылықты орны бойынша жіктелуі қарастырылған. Берілген критерийлер контент жасауда ескеріледі және баланың әлеуметтік тобына байланысты телеарнада әр түрлі жастағы көрермендерге арналған өнім пайда болады. Авторлар балалардың негізгі әлеуметтік топтарын көрсеткен және балаларға арналған телевизиялық контентті құрастыру кезінде қолданылатын стратегиялар мен әсер ету нысандары талдаған. «Балапан» балалар телеарнасы бағдарламаларының келесі кілтті қызметтік бағыттары анықталған: танымдық, оқытушылық және ойын-сауықтық. Авторлардың ойынша, ең алдымен балаларды телеэкрандағы ашық түсті аудиовизуальды сурет қызықтырады. Көрерменнің жасы ұлғайған сайын, оның телевизиялық өнімге деген түйсігі де саналы болып келеді.Әрбір жас ерекшеліктеріне (ерте мектепке дейінгі, ересек мектепке дейінгі, кіші мектеп жасындағы, жасөспірімдік жастағы және ерте балғын жастағы) деген әсер ету стратегиялары мен нысандары балаларға арналған телевизиялық контенттің жасалуы кезінде ескеріледі.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 1(61)

БАҚ мемлекеттік органдардың өзара әрекет етуі: мәселелері және оларды шешу жолдары
Аңдатпа:

Мақалада БАҚ мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өзара әрекет ету механизмдері тиімділігінің сұрақтары қарастырылады. Осы саланың негізгі мәселелері болып табылады: бағаға бағытталған, мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы масс- медиа ақпаратын орналастыру; мемлекеттік сатып алу және бақылау мәселелері, мемлекеттік сатып алу шарттарымен шарттасылған цензура мен өзін- өзі цензурасы шеңберінде БАҚ қызметтерінің орындау сапасын бағалау бойынша көрсеткіштер жүйесінің жоқтығы. Зерттеу нәтижесінде мемлекеттік тапсырыс жүйесін енгізгеннен кейін басылымның өз-өзіне цензура жасау практикасының кеңейгені белгілі болды. Тұжырымында автор мемлекеттік органдардың БАҚ-пен өзара әрекетіндегі проблемаларды шешу жолдарын ұсынады.

Автор: А.С. Газизов
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 1(61)

Жүкті әсіресе тиімді қолдау пренатальді кезеңде әйелдер
Аңдатпа:

Мақалада тәжірибелік материалда жүкті кезіндеі психологиялық өзгерістер тәжірибесі талданып жазылған «жүктілік синдромы» кезінде көрінбейді. Жүктілінке қатысты синдром - бұл жаңа психогендік жағдайы, белгілі шектеулі уақыт кезеңіңің бала біту жүннен басталады, әйелдің өзінің жаңа жағдайын білугіне және босанумен бітпейді, өзінің баласының пигмализация кезеңімен.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 1(61)

Мектеп жасына дейінгі балалардың гипербелсенділігін түзетуде қолданылатын әдістер мен амалдар
Аңдатпа:

Бұл мақалада зейін мен гипербелсенділік жетіспеушілігінің синдромы бар мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері туралы мағлұмат берілген. Психологиялық түзетулік әдіс- тәсілдер психологтың ата-аналар мен педагогтармен тығыз қарым-қатынас жағдайында ғана тиімді болады. НЖГС түзету тәсілдерін таңдау синдром негізгі көріністерінің көрсету дәрежесінің есебімен бұзушылықтарды тудыруына қарап жеке басты болуы тиіс. НЖГС түзету көптеген терапиялар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, арт-терапия, нейропсихология, ойын терапиясы, музыкалық терапия, кітап терапиясы, құм терапиясы. Гипербелсенділік синдромы біріншіден мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалдық ортасын дамытуына ықпалын тигізеді, ол жоғары алаңдаушылық сезімін, көптеген қорқыныш пен басқа да эмоционалдық бұзушылықтардың пайда болуымен ерекшеленеді.

Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 3(67)

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің тиімділігін бағалау
Аңдатпа:

Осы мақалада Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін бағалау әдістемесі талқыланып, қазіргі уақытта қолданылып жүрген халықаралық құралдар мен мемлекеттік бағдарламаларды, сондай-ақ білім беру жүйесін қайта құрудың көрсеткіштері мен нәтижелерін жақсартуға бағытталған шаралардың себептері мен салдарларын қарастырады. Мемлекеттік мекеме ретінде дербес білім беру жүйесін құру тетіктері қарастырылады

Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 3(71)

Қазіргі жағдайда медициналық ұйымдарды басқару мәселелері
Аңдатпа:

Мақалада Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының маңызды басымдығы – халықтың денсаулығын сақтау және нығайту қаралды. Осы проблеманың контекстінде медициналық мекемелерді басқару сапасы маңызды рөл атқарады. Денсаулық сақтаудағы экономикалық дағдарыс жағдайында басқарудың жаңа нысандарын, әдістері мен үлгілерін енгізу арқылы медициналық мекемелер қызметінің тиімділігін арттыру қажет. Денсаулық сақтау ұйымдарын басқаруды қиындататын факторларды пайда болу тәсілі бойынша шартты түрде екі топқа бөлуге болады: сыртқы орта факторлары және ішкі орта факторлары. Жиынтығында, өзара әрекеттесе отырып, бұл факторлар заманауи медицинаның дамуын тежеуге алып келеді. Осылайша, қазіргі кезеңде медициналық мекемелерді басқару процесінде туындайтын негізгі проблемаларды атап өтуге болады: жеткіліксіз қаржыландырылудың бөлшегі, қазақстандық азаматтардың денсаулық сақтау жүйесіне сенімінің төмен деңгейі, медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігінің проблемалары, жоғары білікті медициналық кадрлардың тапшылығы, денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының басқарушылық біліктілігінің төмендігі. Денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің сапасын арттыру бойынша қорытындылар жасалды.

Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 1(73)

Қоғамның проблемаларын шешуде жастардың әлеуметтік кәсіпкерлігі
Аңдатпа:

Бұл мақалада азаматтардың бастамашыл топтарының Қазақстан Республикасының экономикасында қолайлы атмосфераны қалыптастырудағы қатысу проблемалары, сондай-ақ осы қызметтің себептері мен салдары талқыланып, әлеуметтік-экономикалық мекеме ретінде жастардың кәсіпкерлігін тұрақты, өзін-өзі қамтамасыз ететін жүйені құру жолдары қарастырылған.

Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 1(73)

Биореакторда сүт қышқылды lactobacillus casei bm-4/17 b-rkm 0746 бактериясын өсіру үшін қоректік ортаны оңтайландыру
Аңдатпа:

Бұл тұйінде сүт қышқылдары Lactobacillus casei BM-4/17 B-RKM 0746 биореактор арқылы өсіру үшін, қоректенетің ортанының салыстырмалы талдау жасалды. Қоректік заттардың тиімділігін анықтаудың негізгі критерийлері сүт қышқылды бактерия жасушаларының жоғары биомассасының жинақталуы және алынған биомассаға қатысты қоректік орта компоненттерінің саны болды.

Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 1(73)

Екібастұз ауданындағы Шағын және орта бизнестің дамуын талдау
Аңдатпа:

Осы жұмыста Екібастұз ауданының қазіргі кезеңдегі шағын және орта бизнесінің даму ынаталдау жүргізілді. БЖК 2020 мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауданның ШОБ субъектілеріне кредит беру көлемі, сондай-ақзерттелетін ауданның ауылдық жерлерінде Нәтижеі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша гранттық қаржыландыру қаралды. Қаржылық емес қолдау көрсету бойынша ШОБ субъектілерін сервистік қолдау тетігі келтірілген

Автор: А.С. Хакимов
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 3(75)

Білім беруді цифрландыру: артықшылықтары мен кемшіліктері
Аңдатпа:

Пандемия қоғамды цифрландыруға жаңа серпін берді. Цифрландыру-біздің шынайы өміріміздің ең маңызды трендтерінің бірі, ол білім беру саласына да белсенді түрде енгізілуде және Қырғызстанда да өз позицияларына тез ие болуда. Бұл мақалада оқытудың цифрлық технологияларын жүйелі пайдалануға бағытталған қазіргі заманғы білім беру ортасының оң және теріс жақтары қарастырылады. Қазіргі заманғы технологиялар үлкен қарқынмен дамуда. Авторлар заманауи білім беруді, атап айтқанда мектеп бағдарламасын электронды форматқа көшіру процесі сөзсіз болатынына сенімді. Осы және анықталады өзектілігі, қарастырылып отырған тақырып. Автор цифрландыру идеясы іске асырылған кезде білім беру жүйесі ғана емес, оның мәні мен мақсаты да өзгеретінін анықтады. Жаңа өсті сандық ұрпақ; жаңа сандық технологиялар пайда болды, цифрлық экономика, білім беру технологиялары өзгерді-цифрландыру басталды білім беру. Цифрландыру мен цифрландыруды қалай шатастырмауға болады? Қандай заңнамалық білім беруді цифрландыру базасы актілермен нығайтылды ма? Жақсы және жаман жақтары қандай білім беруді цифрландыру? Осы мақалада білім беруді цифрландырудың қандай перспективалары, артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Мақалада цифрлық білім берудің негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылған. Білім беруді цифрландыру қазіргі әлеуметтік шындықты сипаттайтын қажетті және сөзсіз қадам болып табылады, сондықтан болашақта маңызды проблемаларды болдырмас үшін барлық жақсы және жағымсыз жақтарын мұқият зерделеу қажет. Цифрландыру материалды өз бетінше зерделеуді білдіреді. Мұндай жүйенің барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалаңыз, оның салдары ондаған жылдардан кейін мүмкін болады. Уақыт келгенде білімнің барлық құрылымы өзгереді.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 3(79)

Қазақстанның ауылдық аймақтарының тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі факторлары
Аңдатпа:

Қазіргі уақытта ауылдық аймақтарды дамытуда әлеуметтік-экономикалық және экологиялық сипаттағы түрлі мәселелер бар, олардың ішінде негізгілері: базалық қызметтерге қол жеткізу, көліктік байланыстың болмауы, тиісті емес әлеуметтік, тұрғын үй инфрақұрылымы және басқалар. Аумақтың тұрақты дамуына қол жеткізу кез-келген мемлекет үшін үлкен маңызға ие маңызды басымдықтардың бірі болып табылады. Тұрақты даму экономика, әлеуметтік сала және экология тұрғысынан үйлесімді даму деп түсіндіріледі. Сонымен бірге, егер ағымдағы жағдайға және олардың жұмыс істеуінің ұзақ мерзімді тұрақтылығына тікелей әсер етуі мүмкін көптеген факторлар мен жағдайлар ескерілмесе және мемлекет тарапынан түрлі саясатты іске асыру шеңберінде осы үрдістерге араласу жасалмаса, әлеуметтік-экономикалық және табиғи жүйелердің тұрақты дамуы мүмкін емес. Осыған байланысты осы зерттеудің мақсаты - тұрақты дамудың мақсаттары мен міндеттері контексінде елдің ауылдық өңірлерінің теңгерімді дамуын айқындайтын және ықпал ететін негізгі факторларды анықтау және зерделеу болып табылады. Ғылыми зерттеу жүргізу шеңберінде экономикалық танымның эмпирикалық әдістері, индукция және дедукция, синтез әдістері, сондай-ақ логикалық әдістер қолданылған. Ауылдық аумақтардың орнықты дамуының қалыптасуына әсер ететін маңызды факторларды жіктеу кезінде орнықты дамудың елеулі белгісін – қоғамдық дамудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық құрамдас бөліктерінің үйлесімді тіркесімін ескеру қажет. Осы зерттеудің логикасын ескере отырып, ауылдық аумақтардың тұрақты дамуына ықпал ететін факторлардың алуан түрлілігіне сүйене отырып, оларды жүйелеуі жүзеге асырылды.

Журналдың шыққан жылы: 2021
Журнал нөмірі: 4(84)

Биокорректорлары бар күркетауық етінен балаларға арналған консервілерді өндіру әдісі
Аңдатпа:

Жас балаларға арналған қазақстандық балалар тағамы нарығында импорттық ақуыз өнімдері басым, бірақ Қазақстанда балаларға арналған отандық ақуыз өнімдерін өндіруге арналған отандық шикізат бар. 1 жастан 7 жасқа дейінгі балаларға арналған өнімдердің күнделікті тамақ құрамы жиынтығында ақуыз – 45-77 г, май – 45-80 г, көмірсулар – 160-335 г, калория – 1300-2300 г дейін болуы керек. Балалардың дене салмағының 1 кг шаққанда ақуыздың тәуліктік қажеттілігі 3-4 г құрайды. Жануарлар ақуызы жас балаларда 65-70 % болуы тиіс. Тағамда ақуыздың жетіспеушілігі кезінде балалардың өсуі тежеледі, ақыл-ойының дамуы артта қалады, сүйек тінінің құрамы өзгереді, ауруларға төзімділік және ішкі секреция бездерінің белсенділігі төмендейді. Құс етіндегі, оның ішінде күркетауықтағы жануар ақуызының мөлшері 20-21 %-ға дейін жетеді. Тамақтану рационында құс етінің балалар ағзасына оң әсер етуіне байланысты Қазақстанда табиғи қоспалары бар күркетауық етінен жасалған отандық балалар консервілерін өндіру қажеттілігі туындайды. Зерттеу барысында жас құс етінің функционалдық және технологиялық қасиеттері тұрақты ақуыз эмульсияларын түзу қабілеті зерттелді, Павлодар облысында өсірілетін жас құс етінен негізгі рецепт ингредиенттері санитарлық ережелер мен нормалар талаптарына сәйкес балалар тағамы мен жануар және өсімдік текті табиғи қоспалардың қауіпсіздігі бойынша: дәнді дақылдарды, майлы тұқымдарды, Lamiaceae тұқымдасының татымды шөптерін қайта өңдеу өнімдері, құрғақ сүтті өңдеу өнімдері таңдалды, формулалар, технологиялық параметрлер, өндіру әдістері әзірленді, балалар консервілерінің тәжірибелік үлгілерінің сапа және қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша стандартты талаптарға сәйкестігіне зертханалық зерттеулер жүргізілді.

Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 1(85)

Бастауыш сынып оқушыларының үлгерімін арттыруда түзету жұмыстарының тиімділігін арттыру
Аңдатпа:

Білім - мықты және дені сау мемлекет құрылатын және сақталатын іргетас екені белгілі. Бастауыш мектепте білім беру жүйесінің іргетасы қаланады, ол бүкіл оқу қызметі барысында толықтырылады. Сонымен қатар, көптеген бастауыш сынып оқушылары бағдарламалық материалды нашар меңгереді, бұл кейінгі оқуда сәтсіздікке әкеледі. Сондай-ақ оқушылар қанағаттанарлық баға алып, жақсырақ оқи алады. Сондықтан, бастауыш сыныптарда баланың қиындықтары оларға міндетті мектеп бағдарламасын игеруге кедергі келтіреді. Мұғалімнің маңызды міндеті - оқудағы қиындықтарды болдырмау үшін уақтылы көмек көрсету. Ол үшін олардың оқу іс-әрекетіндегі себептерін, диагностиканың көмегімен мұғалімнің қайсысы нақты жағдайда әрекет ететінін анықтай білу, оларды уақытында жою немесе салдарын түзету керек. Осылайша, бастауыш сынып оқушыларының үлгерімін арттыруға бағытталған уақтылы түзету жұмыстары қажет. Бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының үлгерімін арттыру бойынша түзету жұмыстарын ұйымдастыру - қазіргі мектептің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Мақаланың мақсаты - бастауыш сыныптарда үлгерімі төмен оқушылармен түзету жұмыстарының тиімділігін арттыру. Зерттеу барысында сипаттамалық әдіс, жүйелеу, талдау және түсіндіру әдістері, синтез қолданылды. Мектептегі сәтсіздік мәселесі өте күрделі, оны зерттеу көптеген әртүрлі тәсілдерді қамтиды, бірақ олардың барлығы мәселені қарастырудың екі негізгі аспектісіне топтастырылған: мұғалім қалай сабақ береді, оқушы қалай оқиды және оның дамуы қалай жүзеге асырылады. Бастауыш мектепте осы ерекшеліктерін ескере отырып, түзету жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар білім беру үрдісінің тиімділігін арттыруға және жалпы орта мектептің бастауыш бөліміндегі үлгерімсіздік деңгейін төмендетуге көмектеседі.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Іс-әрекет жүйесіндегі педагогтің орны мен рөлі
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: адамның рухани, зияткерлік және кәсіби әлеуетін жедел ашу идеялары әрдайым ғалымдар мен педагогтарға тиесілі ұғымдар (Я.А. Коменский, К.Д. Ушинский, В.А. Сухомлинский, Я. Корчак, А.С. Макаренко, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин және басқалар). Қазіргі заманғы жаңашыл педагогтар тұлғаға бағытталған тәсілді, субъект-субъектілік қатынастар идеяларын, ұрпақтар ынтымақтастығын басшылыққа алады. Грузин педагогы Ш.А. Амонашвили: «Гуманитарлық педагогика баланы өзінің табиғатымен қабылдайды. Ол баланың шексіздігін көреді, оның ғарыштық қасиетін түсінеді және оны өмір бойы адамзатқа қызмет етуге дайындайды. Ол баланың жеке басын оның ерік-жігерін анықтау арқылы бекітеді және процессуалдылығы сүйіспеншілікті, оптимизмді және жоғары рухани адамгершілікті алдын-ала анықтайтын педагогикалық жүйелерді құрады. Гуманитарлық педагогикалық ойлау орасан зор нәрсені қабылдауға тырысады және бұл оның ішектерінде пайда болған білім беру жүйелері мен процестерінің күші». Мұғалімнің рөлін қамтамасыз ете отырып, оқушылардың инновациялық қабілеттерін өзін-өзі ашудың құндылығын жүзеге асыру үшін білім берудің негізгі пәні ретінде адамның интеллектуалды рефлексивті механизмін тану қажет. Мақсаты: ел дамуын анықтайтын оқушылардың инновациялық қабілеттерін өсіру үшін педагогикалық қызметтің инновациялық әдістері мен модельдерін анықтау. Әдістері: ғылыми дереккөздерді талдау, жалпылау, синтездеу, модельдеу. Нәтижелер және олардың маңыздылығы: осы мәдениетті көрсете отырып, мұғалім өзара даму ортасын жасайды және оқушылардың өзін-өзі ашуына жанама түрде ықпал етеді, адамның өмір бойы өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін бастайтын өзіндік триггер ретінде әрекет етеді.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Жалға алу құқықтық қатынастарындағы субъектілердің құқықтарын қорғау тәсілдері туралы мәселе
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: құқықты қорғау құқықтық реттеу тетігінде орталық орындардың бірін алады. Қазақстан Республикасында қорғаныс институты Кеңес дәуірінде болғанмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Алайда, сыртқы, оның ішінде құқықтық және экономикалық, қоғамдық қатынастардың жұмыс істеу жағдайындағы өзгерістер, атап айтқанда, соңғы онжылдықтарда болған жалдау қатынастары саласындағы өзгерістер қолданыстағы қорғау тетігін қайта қарауды талап етеді. Ең алдымен, бұл жалдау шартының тараптары өз құқықтары мен байланысты мүдделерін қорғау үшін қолдана алатын қаражаттың тиімділігіне қатысты. Мақсаты: жалға алу қатынастарындағы субъектілердің құқықтарын қорғаудың әртүрлі әдістерін зерттеу, сондай-ақ ықтимал қақтығыстарды шешудің ең тиімді және оңтайлы әдістерін анықтау болып табылады. Әдістер: зерттеудің әдіснамалық негізін қазіргі таным әдістері құрады: диалектикалық, формальды-логикалық, салыстырмалы-құқықтық, аналитикалық-синтетикалық, жүйелік-құрылымдық, логикалық-құқықтық. Нәтижелері және олардың маңыздылығы: мақалада материалдық құқық пен мiндеттемелердiң құқықтық бәсекелестiгi жағдайында құқықтарды қорғаудың әдiстерi, жалға берушiнiң жалға алушының арам пиғылдылығы жағдайында таңдауы соңғысымен тоқтатылуы тиiс екенi дәлелденген. Сонымен қатар, заңнамалық базаның жетіспеушілігі мүлікті жалға беруден қайтару міндеті туралы сот шешімдерін орындаудың тиімді тетігінің жоқтығынан көрінеді, бұл мүлік иелерін сотта заттық сипаттағы талаптарды мәлімдеуге итермелейді. Екінші жағынан, соттардың бұзылған құқықтарды қорғаудың таңдалған тәсілінің заңнама талаптарына сәйкес келмеуі талап қоюдан бас тартуға негіз болып табылады, соның салдарынан жалға алушы тарапынан бөтен мүлікті заңсыз иелену және пайдалану іс жүзінде жалғасуда.Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін жалға алушы мүлікті қайтару жөніндегі міндетті орындаудан жалтарған жағдайда жалға берушінің мүлікті жалға беруден талап ету құқығын қорғауды құқықтарды қорғаудың құқықтық тәсілдерін қолдана отырып, атап айтқанда мүлікті басқа біреудің заңсыз иеленуінен талап ете отырып жүзеге асырған жөн деген қорытындыға келді. Сот билігінің ұстанымын жалға беру қатынастарын қазіргі заманғы шаруашылық-құқықтық реттеу қағидаттарына және азаматтық сот ісін жүргізу міндетіне неғұрлым сәйкес келетіндігін тиісті түсіндірмелермен айқындау туралы ұсыныс енгізілді.

Журналдың шыққан жылы: 2023
Журнал нөмірі: 3(91)
Тақырып: Құқық

ШҚО 2021-2023 жж. вегетациялық жағдайына байланысты күнбағыс гендік қорының үлгілерін фитопатологиялық бағалау
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: «ОХМК» ЖШС селекционерлері күнбағыс гендік қорының коллекциясын сақтап, оның қалыптасуын жалғастыруда. 1972-2021 жылдар аралығында әр түрлі генетикалық бастапқы материалдан алынған тұрақты күнбағыс үлгілерінің гендік қорын одан әрі селекциялық жұмыста қолдану үшін тиімді қолданып, сақтау керек. Селекциялық жұмыстың сәттілігі көбінесе қолда бар гендік қорға байланысты болып табылады. Ол неғұрлым бай және алуан түрлі болса, экономикалық құнды белгілер мен қасиеттердің барлық параметрлері бойынша өндіріс талаптарына жауап беретін дақылдардың сұрыптары мен будандарын құру және тиімді жұмыс істеу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Сондықтан гендік қорды жинау, зерттеу, сақтау, сонымен қатар, оларға иммунологиялық талдау жасап, ауруларға деген төзімділіктерін тексеру – маңызды міндет болып табылады. Шығыс Қазақстан облысының күнбағыс алқабынан алынатын өнім елдің майлы дақылдардың жиналатын жалпы өнімнің жартысынан көбін құрайды. Ал агроценоздың өнімділігі вегетациялық кезеңнің ауа-райына байланысты, ол эпифитотикалық жағдайдың дамуын анықтайды және нәтижесінде әртүрлі ауру қоздырғыштарымен зақымдайды. Өсімдік ауруы бұл физиологиялық функциялардың бұзылуымен, өсімдіктің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты қоршаған ортаның тікелей немесе жанама әсерінен құрылымдық ауытқумен, оның өсуіне кедергі келтіретін, экономикалық құндылығын төмендететін патологиялық процесс. Мақсаты: 2021-2023 жылдардағы Шығыс Қазақстан облысында қалыптасқан вегетациялық жағдайларға сүйене отырып, күнбағыс гендік қорындағы имидазол және сульфонилмочевина топтарының гербицидтеріне төзімді Rf гендері бар тозаңды қалпына келтіруші аталық үлгілердің ауру қоздырғыштарының түрлік құрамы мен зақымдану дәрежесін анықтау. Әдістері: далалық және зертханалық зерттеу әдістері. Нәтижелер мен олардың маңыздылығы: 2021 жылдан бастап сульфонилмочевина және имидазол гербицид топтарына төзімді будан алу мақсатында 161 күнбағыс үлгісіне 42 селекциялық белгілері бойынша сипаттамасы жасалып, ауру қоздырғыштарының түрлік құрамы мен үлгілердің зақымдану дәрежесі анықталды. Бұл деректер болашақта төзімді, әрі толерантты күнбағыс буданын алу үшін жүргізілетін селекциялық жұмыстар үшін негіз болып табылады.

Журналдың шыққан жылы: 2023
Журнал нөмірі: 3(91)

Жоғары сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін психологиялық тренинг арқылы дамыту
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Мақалада жоғары сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту мәселесі философиялық, педагогикалық, психологиялық, ғылыми-әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жүргізу арқылы оны дамытудың өзекті бағыттары қарастырылған. Орта білім беру мекемелерінде оқыту үрдісінің жетілдіру жоғары сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан жоғары сынып оқушыларының орта білім беру мекемелерінде оқып жүрген кезінде олардың ойлау, белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге үйрету міндеті туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы жоғары сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыруға септігін тигізетін оқу үдерісін ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді. Мақсаты: әрекетте пайдаланылатын әртүрлі гуманитарлық парадигманы қайта форматтаудың жалпы логикалық координаттары мен әдістерін негіздеу. Әдістері: генетикалық мазмұнды логиканың онтологиялық қағидаты, объектілердің нақты бейнелерін олардың абстрактілік мәніне сүйене отырып түрлендіру әдісі, абстрактыдан нақты тілге көтерілу әдісі, ойдың схемалық бейнелерінің ойлау тілі және қызметтің әдіснамалық теориясының тілі. Қазіргі уақытта мұндай жаңарту ғылым мен мектеп практикасын сабақтастыра дамыту құралы ретінде белсенді оқыту технологиясының әдістері мен құралдарына көшу болып табылады, оны пайдалану көп жағдайда жеткіншектердің қызығушылығы мен белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Нәтижелер және олардың маңыздылығы: әмбебап қозғалыстың логикалық негізделген әмбебап дерексіз-бетонды координаталары берілген. Өмірге және қызмет әлеміне қатысты оларды координаттар арқылы анықтауға болады: «өмір сүру деңгейі – қызмет тиімділігі», немесе «әрекет тиімділігі – уақыт», немесе «нәтиже – шығындар», немесе «сапа – сан», т.б. Ойлаудағы анықтық қозғалыс векторларының нақтыдан абстрактіліге түсу, абстрактіліден нақтыға көтерілу логикасында, сонымен қатар олардың үйлесуі арқылы беріледі. Танымдық іс-әрекетті тұрақты қажетсіну ізденімпаздық және оны жоспарлап, ұйымдастыру нәтижесін көрі студенттердің танымдық қанағаттану сезімін тудырады. Мұндай нәтиже жеткіншекті жаңа танымдық әрекетке белсенділікпен ізденіске, ісі меңгере білуге тәжірибе жинақтауға дағдыландырады.

Журналдың шыққан жылы: 2024
Журнал нөмірі: 1(93)

ҚР фармацевтикалық компанияларының дамуы мен мемлекеттік реттелуін талдау
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Қазақстанда фармацевтикалық нарық ТМД елдерінде ең дамыған нарықтардың бірі болып табылады. Белгілі бір дәрежеде тапшылықты еңсеріп, дайын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың әртүрлі түрлерімен қанықтыру қамтамасыз етілді. Қызмет көрсету мәдениеті өсті. Фармацевтикалық нарықтардың дамуындағы негізгі әлемдік үрдістер – тігінен интеграцияланған компаниялардың шоғырлануы мен дамуы байқалады. Дистрибьюторлік, өндірістік және бөлшек сауда секторларында өзгерістер орын алуда. Дәріхана желілерінің саны артып келеді. Заманауи маркетингтік технологиялар енгізілуде. Сондай-ақ, шетелдік өндірушілер үшін Орталық Азия елдері арасындағы Қазақстанның фармацевтикалық нарығы заңнамалық орта тұрғысынан барынша қолжетімді және ашық болып қала береді. Алайда, нарықтың әлеуеті халықтың салыстырмалы түрде аз санымен және сатып алу қабілетімен шектеледі. Фармацевтика өнеркәсібінің өсуі әлі де негізінен жалпы препараттарға сұраныс есебінен жүзеге асырылатын болады. Қазақстанның ЕАЭО-ға кірігуі дәрілік заттардың сапасын арттыруға және олардың құнын төмендетуге ықпал ететін болады. Мақаланың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық компаниялардың дамуы мен мемлекеттік реттелуіне талдау жүргізу, Қазақстан Республикасының фармацевтикалық компанияларын реттеу саласындағы мәселелерді және оларды шешу жолдарын анықтау болып табылады. Әдістері: зерттеудің әдіснамалық негізі Қазақстан Республикасының индустриялық - инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалпы өнеркәсіпті, атап айтқанда фармацевтика өнеркәсібін кешенді талдау болып табылады. Нәтижелер және олардың маңыздылығы: Бұл мақалада авторлар Қазақстанның фармацевтикалық нарығының дамуы сипатталған және соңғы жылдардағы қорытындылар талданған. Сондай-ақ, авторлар Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде фармацевтика өнеркәсібін дамытудың негізгі аспектілерін қарастырды. Зерттеу барысында әдеби дереккөздерге шолу талдауы қолданылды. Отандық өнеркәсіптік нарықты, атап айтқанда фармацевтикалық индустрия болып табылатын құрамдас бөлікті талдау барысында авторлар өндірушілердің алдында тұрған бірқатар мәселелерді анықтадық. Атап айтқанда, этикалық комиссиялардың болмауы, қосылған құн салығының жоғарылауы.

Журналдың шыққан жылы: 2024
Журнал нөмірі: 1(93)

Қазақстан республикасындағы электрондық қаржылық қызметтер нарығы: даму мәселелері мен перспективалары
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: өмірдің қазіргі кезеңінде қаржы саласындағы инновациялар қаржылық делдалдықты оңтайландыруға ықпал етеді және өз кезегінде экономикалық өсуді ынталандырады. Қаржылық инновациялар жинақ капиталын инвестициялық капиталға бөлудің тиімділігін арттырады, сонымен қатар нарықтардағы өтімділікті арттырады. Цифрлық экономика дамыған сайын дәстүрлі ірі қаржы институттарының функционалын қаржы технологияларымен (FinTech) ішінара алмастыру орын алды. FinTech дәстүрлі қаржылық қызметтерді мобильді қызметтермен, әлеуметтік медиа қызметтерімен, үлкен деректерді біріктіру және өңдеумен, бұлтты технологиялармен біріктіруді қамтиды. Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы электрондық қаржы қызметтері нарығының негізгі бағыттарын айқындау, экономиканың қаржы секторын дамытудың негізгі мәселелері мен перспективаларын анықтау болып табылады. Әдістері: жұмыста салыстырмалы жүйелік, тік және көлденең талдаудың жалпы ғылыми әдістері, құрылымдық-функционалдық әдіс, аналитикалық әдістер, экономикалық және Статистикалық зерттеу әдістері қолданылды. Нәтижелер және олардың маңыздылығы: авторлар қазіргі экономиканың қаржы секторын цифрландырудың негізгі бағыттарын анықтады, FinTech саласының компаниялары мен қызметтерінің теориялық және практикалық бөлімдердегі рөлін атап өтті, экономикалық әдебиетте осы тұжырымдаманы анықтаудың өзекті тәсілдерін келтірді. Қаржы секторын цифрландырудың осы бағытын дамытудың негізгі себептері мен факторлары, соның ішінде қаржылық қолжетімділік тұжырымдамасы, FinTech артықшылықтары мен кемшіліктері негізделді, оларды жіктеуге әртүрлі тәсілдер, елдік және өңірлік ерекшеліктер келтірілді, даму үрдістеріне талдау жүргізілді. FinTech краудфандинг бағыты атап өтілді, оны анықтау және жіктеу тәсілдері келтірілді, краудфандинг механизмінің артықшылықтары анықталды, оның қазіргі экономикадағы рөлі талданды. Қаржы секторын цифрландырудың маңызды бағыты ретінде алгоритмдік сауданың даму үрдісі зерттелді. FinTech-тің ең жылдам дамып келе жатқан бағыттарының бірі ретінде мобильді қаржылық қызметтерге егжей-тегжейлі талдау жүргізілді, оларды жіктеу тәсілдері келтірілді, мобильді төлемдердің өсуін ынталандыратын фактілер, елдік және аймақтық ерекшеліктер негізделді. Сақтандыру секторын цифрландырудың негізгі бағыттары талданды, InsurTech артықшылықтары туралы негізделген қорытындылар жасалды.

Журналдың шыққан жылы: 2024
Журнал нөмірі: 1(93)

Банктік тәуекелдерді басқару: компанияның қолданыстағы тәжірибесін бағалау
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: бүкіл әлемдегі банк бизнесі - экономиканың маңызды салаларының бірі болып табылады. Жоғары технологиялық бола отырып, ол макро және микро деңгейде болып жатқан өзгерістерге өте сезімтал. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай өзгерістер несиелік мекемелер мен нарықтардың интернационалдануының күшеюімен, банк заңнамасы мен заманауи компьютерлік технологиялардың жетілдірілуімен, бәсекелестік деңгейінің жоғарылауымен, қаржы нарықтарында жаңа банктік өнімдер мен қызметтердің пайда болуымен байланысты. Магистрлік диссертация тақырыбының өзектілігі коммерциялық банктің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін банк қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын белгісіздіктердің теріс әсерінен тиімді қорғау тетіктерін қалыптастыру, пайдалану және банкті басқару құрылымына интеграциялау қажет. Мұндай механизм банктік тәуекелдерді басқару болып табылады. Бұл мақаланың мақсаты банктік тәуекелдерді басқару тиімділігінің бар проблемаларын зерттеу және оны жетілдіру бойынша практикалық ұсыныстарды әзірлеу болып табылады. Әдістері: жұмыстың әдіснамалық негізі салыстырмалы жүйелік, құрылымдық-деңгейлік, диалектикалық, тік және көлденең талдаудың, сапалық және сандық тәсілдер мен аналитикалық қабылдаудың жалпы ғылыми әдістері болып табылады. Қорытындылар мен ұсыныстардың теориялық ережелерін негіздеуде танымның экономикалық, статистикалық және эмпирикалық әдістері қолданылды. Нәтижелер және олардың маңыздылығы: зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы банктік тәуекелдерді басқаруды кешенді талдаудың теориялық ережелерін дамытуда, сондай-ақ коммерциялық банктердің практикалық қызметінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстарды қолдану мүмкіндігінде жатыр. Коммерциялық банктердің тәуекел-менеджментінің жай-күйіне талдау және тиімділігін бағалау жүргізілді, тәуекел-менеджменттің жұмыс істеу тетігінің ерекшеліктеріне талдау жүргізілді.

Журналдың шыққан жылы: 2024
Журнал нөмірі: 1(93)

ҚР жастары арасындағы құқықтық тәрбие аспектілері
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Құқықтық тәрбиенің, құқықтық сананың теориялық аспектілерін дамыту. Құқықтық тәрбиенің ұйымдастырушылық формалары. Құқықтық сананы, құқықтық мәдениетті тәрбиелеудің формалары мен әдістері. Қазіргі кезеңде құқықтық мәдениеттің қалыптасу ерекшеліктері. Құқықтық мәдениетті, құқықтық тәрбиені жетілдіру мәселелері. Құқықтық тәрбие Мемлекет тұрғындарында адамның ерікті, саналы, бастамашыл, әлеуметтік және моральдық жауапты мінез-құлқын болжайтын жеке тұлғаның құқықтық белсенділігін ынталандыра отырып, құқықтық салада сенімділік пен дербестік сезімін қалыптастырады. Мақсаты: мақалада қазіргі жастарды құқықтық тәрбиелеу туралы айтылады. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру құралдары-құқықты насихаттау, азаматтардың құқықтық білімін дамыту, заңдылықты іс жүзінде нығайту, күшті заң ғылымының болуы, мемлекетте демократиялық, тиімді Конституцияның және заңдар мен заңға тәуелді актілердің жоғары құқықтық және техникалық-құқықтық сапасының арқасында қол жеткізілетін құқықтық актілер жүйесін жетілдіру. Әдістері: зерттеу әдістемесі және әдіснамасы. Зерттеудің әдіснамалық негізі: теориялық деңгейде де (жүйелік, салыстырмалы-құқықтық, формальды-құқықтық, тарихи талдау әдістері және т. б.), сондай-ақ эмпирикалық f статистикалық талдау, сауалнама, құжаттарды зерттеу, баспа басылымдары) шындық құбылыстарын ғылыми зерттеудің жалпы танылған әдістері; қылмыстық құқық теориясының негізгі ережелері, этика, философия, психология; ресми логика ережелері. Нәтижелері және олардың маңыздылығы: осыған байланысты мемлекет және құқық институты жанынан құқықтық оқыту мен тәрбиелеу мәселелеріне ғылыми зерттеулер жүргізуді, оқушы жастарға үздіксіз білім берудің барлық сатыларында Құқықтық жалпыға бірдей оқытудың мазмұны мен әдістемесін әзірлеуді қамтамасыз ететін Республикалық құқықтық тәрбие орталығын құру қажеттілігі туындады.

Журналдың шыққан жылы: 2024
Журнал нөмірі: 1(93)
Тақырып: Құқық