Мақалада қазақ мектептерінде ағылшын тілін оқытудың айтылым дағдысын дамытуда қолданылатын заманауи әдістердің маңыздылығы талқыланады. Қазіргі кезде мұғалімдер тәжірибелерінде төрт негізгі бағытты басшылыққа алады: тыңдалым, сөйленім, оқылым және жазылым. Алайда, осы дағдыларды ішінара ажырататын болсақ, көптеген көмекші дағдылар бар: айтылым, емле, грамматика, лексика, тыныс белгілері және т. б. Осы дағдылардың ішіндегі ең маңыздысы - айтылым дағдысы. Сондықтан зерттеу жұмысы студенттердің айтылым дағдыларын дамытуға бағытталған ең тиімді заманауи әдістерді ұсыну, практика негізінде қолдану және нәтижесін саралауды қамтыды. Оқушының шет тілінде еркін сөйлеу қабілетінде айтылымның маңыздылығын анықтау және «Бен Франклин» жаттығуын қолдана отырып оның даму жолдарын ұсыну. Зерттеу барысында сипаттамалық, жүйелеу және аналитикалық әдістер қолданылды. Мақала авторлары еліміздің заманауи жаңартылған оқу үдерісінде оқушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеу қабілетін дамытуда айтылым дағдысының маңызды рөлін анықтайды және ағылшын тілін оқыту процесінде студенттердің айтылым дағдысын дамытуға бағытталған «Бен Франклин» жаттығуын ұсынады. Әлемдік білім беру аясында ағылшын тілі мұғалімдері үшін студенттің кез-келген тілдік құзіреттілігін дамытуда кешенді жаңа үлгідегі технологиялар оқушының шет тілін меңгеруі үшін маңызды деп қорытады. Себебі, қоғамның қарыштап дамуындағы өзгерістер жаңартылған білім беру негізінде білім беру мазмұнына жаңа идеялар мен заманауи дәстүр енгізуді алға қойып отыр
Айтылым дағдысын дамытудың заманауи перспективалары
Аңдатпа:
Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:
Тақырып: Педагогика және психология