Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: Б.Ж. Ибраев

Нәтижелер саны: 9


Аймақтық инновациялық жүйенің құрылымын жетілдіру аймақтың әлеуетін көтерудің негізгі бағыты ретінде
Аңдатпа:

Бұл мақалада аймақтық инновациялық жүйенің құрылымын жетілдіру мәселелері қарастырылған. Зерттеу нәтижесінде облыстың инновациялық жүйесінің құрылымын жетілдірудің төрт бағыты анықталған. Осы бағыттарға сәйкес Павлодар облысының инновациялық дамуын басқару механизмін жетілдеру бойынша ұсынымдар берілген. Сондай-ақ аймақтың инновациялық дамуына кедергі жасауы мүмкін факторлар аталған.

Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Павлодар облысының өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттері
Аңдатпа:

Мақалада Павлодар облысының өнеркәсіптік саясатының негізгі аспектілері қарастырылған. Сондай-ақ мақалада аймақтың өнеркәсіптік саясатын іске асырудың қағидалары мен алғышарттары көрініс тапқан. Инновациялық технологияларды енгізу негізінде аймақтық экономикасын жылдам дамыту үшін міндеттердің шешімі және аймақтың өнеркәсіптік саясатын жетілдіру бағыттары ұсынылған.

Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Ұлттық мінез және оның мәдениаралық коммуникациядағы орны
Аңдатпа:

Аталмыш мақалада ұлттық мінез түсінігі жан-жақты қарастырылып, оның лингвистикадағы, жалпы қоғамдағы мазмұны, орны айқындалады. Сондай-ақ ұлттық бейнемізді ашатын түрлі тілдік бірліктермен байланысы ашылып, ұлт өміріндегі маңызы алға тартылады. Осыларды негізге ала отырыа ұлттық мінездің мәдениаралық қарым-қатынастағы орны, рөлі анықталады.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 3(63)

Ауылдық аумақтардың саяси дамуын қалыптастыру мәселелері (Павлодар облысы Шарбақты ауданы материалдарында)
Аңдатпа:

Осы мақалада Павлодар облысы Шарбақты ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы қарастырылған. Ауыл шаруашылығы аудан экономикасының басым бағыты болып табылады. Жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің саны бойынша деректер ұсынылған. SWOT-талдауда өңірдің даму әлеуметтік-экономикалық нәтижелерінің кешенді сипаттамасы, аудан дамуының оң және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлері көрсетілген. Ауданды дамыту үшін туристік кластердің мәні белгіленген және ауылдық аумақтарды дамыту үшін стратегиялық бағдарламаның қажеттілігі айқындалған.

Автор: Б.Ж. Ибраев
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)

Павлодар қ. көліктік инфрақұрылымның заманауи жағдайы
Аңдатпа:

Қалалық көліктік инфрақұрылым қаланың жоспарлы құрылымында логикалық жалғасы бола тұражәне керісінше сыртқы көліктік коммуникациялармен тығыз байланысты. Замануи қаланың көліктік кешеніне: ішкі көліктік қатынастар, сыртқы көліктік қатынастар, жүк тасымалы көліктері, арнайы көліктер, сонымен қатар оның құрылымдығын қамтамасыз ететін түрлі қызметтер мен бөлімшелер кіреді. Адамның қалада жайлы жағдайда өмір сүруінің ең маңызды шарттарының бірі дамыған көліктік инфрақүрылымның болуы табылады. Қаланың көшелі-жол желісі көшелер мен жолдардың қызметтік тіркелуі, көліктік және жаяу жүру қозғалысының интенсивтілігі, аймақтың сәулеттік-жоспарлы ұйымы мен құрылыс сипаты аясында жоспарланған. Жергілікті билік органдары қаланың көліктік жүйесін жүзеге асыру бойынша жоспарлы жұмысын жүргізіп келеді.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)

Детектив ерекше әдеби жанр ретінде
Аңдатпа:

Мақалада «бұқаралық әдебиеттің» ерекше таралуына ие және бірегей болып табылатын детективтік әдебиеттің жанрлық ерекшелігін анықтауға байланысты әдебиеттанудың өзекті мәселелері қарастырылады; ХХІ ғасырдың екінші онжылдығында «гибридті формалар» алатын детективтік роман жанрының өзгеру процестері назарға алынады. Автор жанр тарихының сұрақтарын көтерді, оның морфологиясы талданады, байланыстық және типологиялық ұқсастықтарын зерттейді, әдебиеттанудың ғана емес, лингвистиканың да, «детектив» пәні болып табылатын «жанр»айқын анықтамасы берілді. Мақалада қазіргі детективтің даму жолдары, оның негізгі жанр жасаушы белгілері, құрылымдық, композициялық және сюжеттік ерекшеліктері көрсетіледі.

Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 2(70)

Қазақстандағы әдеби процесс: қазіргі заманғы интерпретация
Аңдатпа:

Мақалада Қазақстанның заманауи әдеби процесінің негізгі бағыттары дамуына талдау жасау арқылы эпикалық жанрдағы романдар, повестер, новеллалардың көркем мүмкіндіктерін көрсететін зерттеулерге шолу жүргізілген. Тәуелсіздік кезеңіндегі әдеби ренессанс толқынында жарияланған шығармаларға талдау жасалған. Автор қазіргі заманғы әдебиеттегі философиялық көкжиекпен, архетипикалық символдар және жанрлық трансформацияны қайта талдауларға пайымдау жасайды. Бұл мақалада соңғы екі онжылдықта жарық көрген шығармалардың этникалық ерекшелігін, ұлттық татулық аспектілерін қарастырады. Қазіргі заманғы жеке жұмыстар мен қазіргі сын саласы бойынша циклдарға әдеби және сыни бағалау тұрғысынан шолу жүргізілген. Белгіленген тақырыптық ерекшеліктері, жанрлық «рулық ойлау» типологиялық ерекшеліктері, тарихи прозадағы контекст мәселелері айқындалады. Автор ұлттық болмыстан жасанды түрде ығыстырылған әдебиетті әрі оның ұлттық тарихтың ескірген тұжырымдамасын қайта қарау арқылы танымал тарихи романдардың ұлттық рухтың метафизикасына көрсететін феноменін ашады.

Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 3(75)

Кәсіпорынның еңбек әлеуетін қалыптастыру мен дамытуды бағалау
Аңдатпа:

Бұл мақалада еңбек әлеуетін қалыптастыру және дамыту кезінде жүзеге асырылатын персоналды басқарудың негізгі функциялары қарастырылған. «Ақсу су арнасы» КМК еңбек әлеуетіне баға берілді, кәсіпорынның еңбек әлеуетін қалыптастыру және дамыту үрдісінің кезең деріқарастырылды. Персоналды жоспарлау мен оқытуға, сондай-ақ кадр резервін қалыптастыру процесіне талдау жүргізілді.

Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 3(75)

Лингвистикалық ландшафт – қаланың әлеуметтік лингвистикалық зерттеу объектісі ретінде
Аңдатпа:

Қаланың лингвистикалық ландшафтын зерттеу – қазіргі лингвистиканың белсенді дамып келе жатқан бағыттарының бірі. Мақалада лингвистикалық ландшафт социолингвистикалық зерттеулердің объектісі ретінде қарастырылып, аталмыш зерттеудің пәні - қала «тілі», оның қоғамдық коммуникативтік кеңістіктегі маңдайшалары, жазулары, жарнамалық билбордтар және тілді жазбаша түрде көрсетудің басқа да көрнекі нысандары ұсынылады. Қала «тілін» зерттеудің негізгі әдістері - бақылау және талдау; зерттеудің мақсаты - адамның өзін-өзі көрсете алу құралдары мен тәсілдерін анықтау, нәтижесі – қала «тілін» қаланың тілдік кеңістігінде бекіту болып табылады. Қаланың коммуникативтік кеңістігінде адамның өзін-өзі көрсетуі белгілі бір аудиторияның, өнім мен қызметті әлеуетті тұтынушының назарын аударуға лингвистикалық және экстралингвистикалық әдістер мен құралдарды қолдану мақсатында іске асырылады. Қаланың лингвистикалық ландшафтарын зерттеу қоғамдық көптілділікті түсіну мақсатында тілді таңдау, тілдер иерархиясы, тілдік байланыстар феномені, тілдерді жазбаша тіркеуді реттеу тұрғысынан қарастырылады. Сондықтан лингвистикалық ландшафт осы аумақта тұратын халықтар тілдеріне қатысты қоғамның тіл саясатының өзіндік көрсеткіші болып отыр. Авторлар белгілі бір аймақтағы тілдік әртүрліліктің ең маңызды және сенімді көрсеткіші - лингвистикалық ландшафт екендігін тұжырымдады. Символдық тұрғыда, лингвистикалық ландшафт – жергілікті қоғам мен аймақтың жекелеген топтарының ахуалын білдіретін белгілі бір көрсеткіш. Лингвистикалық ландшафтта белгілі бір тілдің дәрежесі мен қолдану жиілігінің болуы, үнемі сол қоғамдағы тілдің маңызын, ықпалы мен релеванттылығының көрсеткіші болып табылады.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 3(79)