Аңдатпа:
Негізгі мәселе: Қазақстанда фармацевтикалық нарық ТМД елдерінде ең дамыған нарықтардың бірі болып табылады. Белгілі бір дәрежеде тапшылықты еңсеріп, дайын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың әртүрлі түрлерімен қанықтыру қамтамасыз етілді. Қызмет көрсету мәдениеті өсті. Фармацевтикалық нарықтардың дамуындағы негізгі әлемдік үрдістер – тігінен интеграцияланған компаниялардың шоғырлануы мен дамуы байқалады. Дистрибьюторлік, өндірістік және бөлшек сауда секторларында өзгерістер орын алуда. Дәріхана желілерінің саны артып келеді. Заманауи маркетингтік технологиялар енгізілуде. Сондай-ақ, шетелдік өндірушілер үшін Орталық Азия елдері арасындағы Қазақстанның фармацевтикалық нарығы заңнамалық орта тұрғысынан барынша қолжетімді және ашық болып қала береді. Алайда, нарықтың әлеуеті халықтың салыстырмалы түрде аз санымен және сатып алу қабілетімен шектеледі. Фармацевтика өнеркәсібінің өсуі әлі де негізінен жалпы препараттарға сұраныс есебінен жүзеге асырылатын болады. Қазақстанның ЕАЭО-ға кірігуі дәрілік заттардың сапасын арттыруға және олардың құнын төмендетуге ықпал ететін болады.
Мақаланың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық компаниялардың дамуы мен мемлекеттік реттелуіне талдау жүргізу, Қазақстан Республикасының фармацевтикалық компанияларын реттеу саласындағы мәселелерді және оларды шешу жолдарын анықтау болып табылады.
Әдістері: зерттеудің әдіснамалық негізі Қазақстан Республикасының индустриялық - инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалпы өнеркәсіпті, атап айтқанда фармацевтика өнеркәсібін кешенді талдау болып табылады.
Нәтижелер және олардың маңыздылығы: Бұл мақалада авторлар Қазақстанның фармацевтикалық нарығының дамуы сипатталған және соңғы жылдардағы қорытындылар талданған. Сондай-ақ, авторлар Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде фармацевтика өнеркәсібін дамытудың негізгі аспектілерін қарастырды. Зерттеу барысында әдеби дереккөздерге шолу талдауы қолданылды. Отандық өнеркәсіптік нарықты, атап айтқанда фармацевтикалық индустрия болып табылатын құрамдас бөлікті талдау барысында авторлар өндірушілердің алдында тұрған бірқатар мәселелерді анықтадық. Атап айтқанда, этикалық комиссиялардың болмауы, қосылған құн салығының жоғарылауы.
Журналдың шыққан жылы:
2024
Журнал нөмірі:
1(93)