Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: Г.К. Кудушева

Нәтижелер саны: 12


Жаңа үлгідегі қалақты араластырғыштың параметрлерін зерттеу және анықтау
Аңдатпа:

Жұмыста жаңа типтегі араластырғыш аппараттың техникалық сипаттамасы мен жұмыс істеу принциптері баяндалған. Араластыру кезінде аппарат багында пайда болатын ағындардың геометриясы зерттелген. Араластырғышқа конструкциялық өзгерістер енгізуге ұсыныстар жасалған.

Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Қоғамдық игіліктерді ұсыну бойынша мемлекеттің қызметті талдау және бағалау
Аңдатпа:

Бұл мақалада Қазақстан экономикасының қоғамдық секторының үйдегі шаруашылықтардың табысы мен шығындарын қалыптастыруға қатысу мәселелері қарастырылады. Авторлар ұлттық есепшот жүйесінің 93 әдістемесін пайдаланып, оның негізінде үйдегі шаруашылықтар секторы табысының серпіні мен көрсеткіштер құрылымын бағалайды.

Журналдың шыққан жылы: 2012
Журнал нөмірі: 4(48)

Әлеуметтiк-экономикалық жүйедегi орта класты сәйкестендіру
Аңдатпа:

Бұл мақалада қоғамның әлеуметтік-экономикалық топтарының идентификациясы табыстың ғана емес, шаруашылықтың тауарлар мен қызметтерді тұтынуымен де анықталады.

Журналдың шыққан жылы: 2012
Журнал нөмірі: 4(48)

Қазақстан Республикасындағы микрокредиттік ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары
Аңдатпа:

Осы мақалада микрокредиттеудің негізгі қағидалары қарастырылады. Қазақстан Республикасыңдағы микрокредиттік бағдарламардың негізгі критерийлері сипатталып, микроқаржыландырудың шетелдік нарығы қарастырылған.

Журналдың шыққан жылы: 2012
Журнал нөмірі: 4(48)

«Қазхром» ТҰК Ақсу ферроқорытпа зауытында агломерат өндіру кезінде энергия үнемдеуді арттыру жолдары
Аңдатпа:

Бұл мақалада шығындарды үнемдеу үшін ферроқорытпа өндірісінің қалдықтарын ұтымды пайдалану мәселелері қарастырылған, агломерат өндірісінің энергия тиімділігі есептелген, Ақсу ферроқорытпа зауыты материалдарында күйдірудің жылулық теңгерімінің мәліметтері келтірілген. Жылдық экономикалық эффект есептеулеріне сәйкес төмендегідей нәтижелер алынды: аглогаздарды қайта циркуляциялау есебінен отынды үйнемдеу 1334,5 т.у.т.; СО жағып бітіру есебінен – 1491 т.у.т.; агренатта тирристорлық түрлендіргіштерді орнату арқылы электр энергиясын жылдық үнемдеу сағ. 1714 мың кВт·құрады. Осылайша, қатты және газ тәрізді қалдықтарды қайта өңдеу кезінде энергия үнемдеу шараларынан бөлек агломератты пайдалану да АФЗ электрпештерінің өнімділігін көтеретіндігі, электр энергиясының үлес шығыны мен қалпына келтіргіш шығынын, ендеше, дайын өнімнің өзіндік құнын төмендететіндігі анықталды.

Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Білім беру жетістіктерінің мониторинг жүйесіндегі жаңа тәсілдер
Аңдатпа:

Білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру, білім беру қызметінің сапалы қамтамасыз етудегі іс – әрекеттің жоспарлануы және қоғамды білім берудің жағдайы туралы ақпаратандыру үшін стандарттандырылған бағалау нәтижелері болуы қажет. Мақалада жоғары білім берудің заманауи кезеңіндегі бағалау жүйесі, білім беру жетістіктерінің мониторинг жүйесіндегі жаңа тәсілдер, тестілеу технологияларының ерекшеліктері қарастырылған. Сонымен қатар дәстүрлі бағалау жүйесі мен білім беруді жаңарту шеңберіндегі жүйе салыстырылған,студенттің жетістіктерін бағалаудағы мониторинг жүйесіне назар аударылған.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 1(61)

Стандарттарға сәйкес жаңа формациядағы медбикелер даярлау бойыншабілім беру үрдісі сапасын басқару (ШЖҚ «Павлодар медициналық колледжі» КМК материалдарында)
Аңдатпа:

Мақала қазіргі жағдайда оқу орындары өзінің білім беру жұмысының нәтижелеріне қосымша жауапкершілікте болатын білім беру үрдісінің сапасы мәселелеріне арналған. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесі жұмысының тиімділігін арттыруға қабілетті медбикелер даярлауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұлар халықаралық стандарттар мен замануи қоғам талаптарына сәйкес жаңа формациядағы медбикелер. Осы бағыт Павлодар медициналық колледжіндегі «Медбикелік іс» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде қаралды.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 1(61)

Кіші мектеп жасындағы оқушының танымдық әрекеттерінің ерекшеліктері
Аңдатпа:

Мақалада балалардың танымдық әрекет ерекшеліктері қарастырылады. Танымдық қызметінің деңгейі, компоненттерін, түрлері, принциптері көрсетіледі. Мақалада танымдық қызығушылық оқушының жеке сипаттамасының маңыздылығы, ажырамас таным ретіндегі оқушының оқуға эмоционалды қатынасы жайында сөз етіледі.

Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 1(65)

Мектеп жасына дейінгі балалардың көркем әдебиет арқылы тілдерін дамыту
Аңдатпа:

Мақалада мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиет арқылы тілдерін дамытудың әдіс-тәсілдері қарастырылады. Баланың күрделенген іс әрекеті сөйлеу тілін дамыту бірнеше бағыттарда жүреді, олар өзге адамдармен қарым-қатыныста қолдану жетілдіріледі, сонымен қатар сөйлеу тілі психикалық үрдістердің қайта құрылуының негізі, ойлау құралы ретінде болады.

Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 3(67)

Биореакторда сүт қышқылды lactobacillus casei bm-4/17 b-rkm 0746 бактериясын өсіру үшін қоректік ортаны оңтайландыру
Аңдатпа:

Бұл тұйінде сүт қышқылдары Lactobacillus casei BM-4/17 B-RKM 0746 биореактор арқылы өсіру үшін, қоректенетің ортанының салыстырмалы талдау жасалды. Қоректік заттардың тиімділігін анықтаудың негізгі критерийлері сүт қышқылды бактерия жасушаларының жоғары биомассасының жинақталуы және алынған биомассаға қатысты қоректік орта компоненттерінің саны болды.

Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 1(73)

Конвертерлік болат балқыту өндірісінің шаңынан түрлі түсті металдарды алу
Аңдатпа:

Мақалада болат өндірісінің конверторлы шаңдарынан мырыш пен қорғасынды хлоридті айдауда температура мен қысымның әсері бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Қазіргі уақытта объективті қажеттілік конверторлы болат өндірісінің шаңдарын пайдаға жарату технологиясын өңдеу, оны одан әрі қарай қосалқы өнімдерді өндіруде өндірісте қолдану болып табылады. Шаңдарды пайдалану табиғи шикізатты үнемдеп қана қоймай, сондай-ақ, өндіріс тиімділігін арттырып, экологиялық жағдайды жақсартады. Шаңдардағы түсті металдардың құрамы агломерация немесе домна өндірісі кезінде оларды өңдеуді және пайдалануды қиындатады, бұл кезде конвертерлік шаңдардағы (шламдардағы) темір мөлшері оларды перспективалы металлургиялық шикізат ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан, шаңды толық өңдеу үшін олардан түсті металдарды алу ұсынылады. Берілген жұмыстың мақсаты - хлоридті айдау әдісімен конвертерлі өндірістің шламдарынан мырыш пен қорғасын алу мүмкіншілігін анықтаудан тұрады. Жұмыста келесідей шаңдар қолданылды: 86,3 % Fe 2O3, 3,5 % FeO, 0,9 % Al 2O3 , 1,6 % CaO, 0,9 % MgO, 1,1 % MnO, 0,8 % SiO 2 , 4,4 % ZnO, 0,5 % PbO. Зерттеу 200-1600 градус С температура және 0,01; 0,1 және 1 бар қысым аралығында Гиббс энергиясының минимумды принципі негізінде «Outokumpu» финстік металлургиялық компаниясымен HSC-5.1 бағдарламалық кешенін пайдалана отырып, толық термодинамикалық талдау негізінде жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша, қалыпты қысым кезінде қорғасын хлоридін айдау 600 градус С температурада, ал мырыш – 900 градус С кезінде басталады, қысымды 0,01 барға дейін азайту температураны сәйкесінше 500 градус С және 700 градус С дейін төмендетеді; мырышты хлоридті айдау 90-96 % деңгейге жетуі үшін үрдісті 1145-1200 градус С кезінде және lgP = -2-ден 1,2 бар дейін қысымда жүргізу қажет, бұл кезде қорғасынды хлоридті айдау дәрежесі 99,8-100 % құрайды. Тең жағдайда қорғасын хлоридімен айдау мырышқа қарағанда анағұрлым толық басталады.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 2(78)

Экономиканы дамыту тиімділігін арттыру контексіндегі жобалық тәсілдің кейбір аспектілері туралы
Аңдатпа:

Мақалада тиімді құралдардың бірі болып табылатын және әртүрлі факторларды шебер ескеруге мүмкіндік беретін жобаларды басқарудың әртүрлі аспектілері қарастырылады, нәтижесінде оңтайлы өзгерістерді жүзеге асыру және кәсіби қызметтің барлық түрлерінде мақсаттарға қол жеткізу сенімділігі артады. Қазақстанда жобаларды басқару 1990-шы жылдардан басталған, алайда осы басқару құралын нақты практикалық қолдану осы жүзжылдықтың басында байқалады. Авторлардың пікірінше, жеке және мемлекеттік секторларда жобалық тәсілді кеңінен енгізу мен пайдаланудың негізгі проблемаларының бірі - осы бағытты дамытуды ақпараттық-әдіснамалық қолдаудың жеткіліксіздігі. Осы зерттеудің мақсаты-қабылданатын экономикалық шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыру контексінде жобалық басқарудың теориялық-әдістемелік аспектілерін жүйелеу. Кез-келген жоба, бір жағынан, инновацияларды құруға және инвестициялық, сондай-ақ бірқатар басқа ресурстарды тиісті инвестициялауға байланысты, екінші жағынан, жоғары белгісіздік пен тәуекел жағдайында жүзеге асырылатын өзгерістер. Зерттеу барысында: салыстырмалы талдау, жүйелік тәсіл, оның негізінде жобаны басқарудың жалпы және нақты белгілері, сондай-ақ дерексіз-логикалық анықталған әдістері қолданылды. Жаһандану жағдайында компаниялардың, ұйымдар мен мемлекеттердің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған міндеттерді шешу, сондай-ақ бизнес-процестерді үздіксіз жетілдіруді қамтамасыз ету, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа сипаттағы кез-келген өзгерістерді жүзеге асыру үшін менеджменттің заманауи принциптері командалық тәсілді қажет етеді. Жобалық технологияларға тиімді көшуді қамтамасыз ететін процестер, сондай-ақ жобалардың мақсаттарына қол жеткізу тұрғысынан жобалық тәсілдің маңызды компоненттері анықталды. Жобаларды басқару әсіресе жеке компанияларда кеңінен қолданылатыны көрсетілген, қазіргі уақытта бұл құрал әртүрлі елдердің мемлекеттік құрылымдарын басқару жүйесінде белсенді түрде енгізілуде. Зерттеу нәтижелерінің маңыздылығы жобалық тәсіл туралы білім – бұл кәсіби қызметтің дербес саласы және іске асырылатын жобалардың экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған үнемді басқару жүйесі ретінде сипатталатын жалпыға бірдей танылған ғылыми бағыт болып табылады. Тұтастай алғанда, Қазақстанда жобаларды басқаруды ілгерілету процестерінің айтарлықтай жанданғанына қарамастан, қазақстандық қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық салаларына инновациялық даму құралы ретінде жобалық тәсілдеменің қазіргі заманғы технологияларының трансфертін жүзеге асыру маңызды міндет болып табылатынын атап өткен жөн.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 3(79)