Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: Г.М. Тулекова

Нәтижелер саны: 6


Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға ауысу тұжырымдамасын іске асыру үшін бейресми экологиялық білімді дамыту мəселелері
Аңдатпа:

Мақалада аймақтың экологиялық проблемаларын əлеуметтік зерттеу нəтижелері келтіріліп, халықтың экологиялық мəдениетін қалыптастыру бойынша ұсыныстар жасалған.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Болашақ мұғалімнің ғылыми құзіреттілігін қалыптастырудың ерекшеліктері туралы
Аңдатпа:

Ұсынылған жұмыс оның сапасына және мәдениет пен руханилықта, білім беруде, инновацияларды енгізуде жетекші рөлге негізделген ХХІ ғасырдағы білім беру тұжырымдамасын сипаттайды. Сондай-ақ, қазіргі заманғы білім беру парадигмасының негізі болып табылатын өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тәрбиелеу секілді басымдықтарды көрсетеді. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды күшті инновациялық білім беру технологиясы ретінде қарастырады.

Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 3(67)

Зерттеу іс-әрекеті мұғалімнің кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруының бір формасы ретінде
Аңдатпа:

Бұл мақалада мұғалімнің кәсіби өзін-өзі жүзеге асыру нысандарының бірі болып табылатын зерттеу қызметінің мәселесі қарастырылған. Мұғалімнің зерттеу қызметі мұғалімнің кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруының бір түрі болып табылады. Қазіргі уақытта мектептер жаңа формациядағы мұғалімдерді, атап айтқанда, мектепте тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу әдістерін меңгере алатын зерттеушілерді қажет етеді. Әрине, бұл жерде осындай мәселе туындайды: білім беру жүйесі үнемі реформалауға ұшырайтын заманауи жағдайларда мұғалімнің кәсіби өзін-өзі жетілдіруін дамытуға болатындай. Мектептің оқу-тәрбие үдерісіне инновацияны енгізу педагогтың кәсібилігіне қойылатын талаптарды арттырады. Осындай талаптарға мектеп педагогтарының зерттеу жұмыстарын орындауы да жатады. Өкінішке орай, олардың кейбір қиындықтары бар. Олардың бірі – зерттеу қызметі туралы жеткілікті білімнің болмауы, атап айтқанда, қажетті зерттеу біліктерінің, уәждемелерінің қалыптаспауы болуы мүмкін. Сондықтан, біз мұғалім жүйелі түрде зерттеу қызметімен айналысу үшін оған мотивация қажет деп айтамыз. Алайда, бір мотивация тәжірибесі жеткіліксіз, мұғалім зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдерін, зерттеу іс-әрекеттерін меңгеруі тиіс. Өзінің кәсіби қызметінде мұғалім зерттеу қызметі – өзін-өзі жүзеге асыруға жол екенін түсінуі тиіс. Зерттеу жұмысы мұғалімнің өз білімін жетілдіру тақырыбын іске асыруда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, қазіргі заманғы мектеп мұғалімінің зерттеу қызметі кәсіби қызметтің негізгі элементі, педагогикалық шығармашылықтың жетекші өлшемі, оқытушылар мәртебесінің өсу көзі, жауапкершілік, қабілет және талант көрсеткіші, білім алушылардың дамуы, әлеуметтенуі және өзін-өзі анықтауы үшін жағдай болып табылады. Тек мұғалімнен, оның бастамашылығынан, зерттеу қызметімен, шығармашылықпен айналысқысы келетіндіктен ғана мектептегі инновациялық өзгерістердің сәттілігі байланысты. Егер мектеп даму режимінде өмір сүрсе, онда оған зерттеу, тәжірибелік‐эксперименттік жұмыс, шығармашылық ізденіс тән. Тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу қызметі барысында жаңа тәжірибе жасалып, күрделі мәселелерді оңтайлы шешу туады. Мақалада ұсынылған материалды жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері өз бетімен білім алу және мұғалім портфолиосын құрастыру тақырыбын әзірлеу де пайдаланаалады

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 2(78)

Қазақстан Республикасындағы дербес деректер: цифрландыру жағдайында құпиялылықты қамтамасыз ету мәселелері
Аңдатпа:

Бұл мақалада ақпараттық қоғамның дамуы жағдайында жеке тұлғаның жеке деректері құпиялылығын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады. Мақаланың мақсаты - экономика мен қоғамды цифрландыру жағдайында Қазақстан Республикасында жеке деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету мәселелерін зерттеу. Осы зерттеудің әдіснамалық негізін жалпы ғылыми әдістер құрайды: философиялық, диалектикалық, синергетикалық, индуктивті, дедуктивті, талдау және синтез әдісі, формализация, ұқсастық, зерттеудің тұтастығы мен тепе-теңдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін материалистік және эмпирикалық әдістер, сондай-ақ шет елдерде және Қазақстанда дербес деректерді қорғау жүйесінің мазмұнына барабар талдау жүргізуге мүмкіндік берген формальды-заңдық әдіс. Жаһандану, ақпараттық ашықтық және цифрландыру процестері жеке адам, қоғам және мемлекет мүдделерінің теңгерімін сақтай отырып, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларын шешуге бағытталған бірқатар міндеттер қойды. Осыған байланысты Интернет желісіндегі Дербес деректер айналымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары бүгінгі күні ғылым мен құқық қолдану тәжірибесі үшін өзекті болып табылады. Қазақстан Республикасының Дербес деректер туралы қолданыстағы заңнамасы ақпараттық жүйелерде дербес деректерді өңдеуге қатысты мәселелерге жеткілікті назар аудармайды. Интернет желісінде дербес деректерді өңдеу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру киберқауіпсіздік тұжырымдамасының («Қазақстанның Киберқалқаны») ережелерін іске асыру шеңберінде өзекті болып отыр. Сонымен қатар, ұлттық заңнамада дербес деректерді рұқсатсыз жинаудан нақты кепілдіктер жоқ. Қазақстан Республикасының осы қатынастар саласындағы қолданыстағы заңнамасында бірқатар заңнамалық шешімдер бар, алайда шет мемлекеттердің озық тәжірибесін пайдалануды ескере отырып, уақтылы түзетулерді талап ететін құқықтық қателіктер бар. Бұл мақалада жеке деректерді бұзудың заманауи қауіптерін зерттеуге ерекше назар аударылады және оларды қорғау әдістері қарастырылған. Авторлар «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында дербес деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету тәртібіне қойылатын талаптар белгіленгеніне қарамастан, олар жалпы сипатқа ие және одан әрі нақтылауды қажет етеді деген қорытындыға келеді. Бұдан басқа, осы уақытқа дейін тиісті құқықтық регламенттеуді алмаған дербес деректердің құпиялылығын қамтамасыз етуге тікелей қатысы бар бірқатар елеулі аспектілер бар.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 3(79)
Тақырып: Құқық

Әскери қызметшілердің төтенше жағдай кезінде әрекет етуде психологиялық дайындығының ерекшеліктері
Аңдатпа:

Адамзат тарихында дағдарыс пен апаттардың көптеген мысалдары бар. Қазақстанда табиғи апаттардың барлық спектрі болуы мүмкін. Атап айтқанда, жер сілкінісі, су тасқыны, орман және дала алқаптарындағы өрт, қарлы боран және басқалар. Барлық тау және тау бөктеріндегі аймақтарда сырғыма қаупі, қар басу қаупі бар. Сонымен қатар, техногендік себептер бойынша туындаған жағдайлар да бар. Бұл апаттар адам қызметінің нәтижесінде пайда болады. Мұндай төтенше жағдайлар адамның барлық физикалық және психологиялық мүмкіндіктерін шоғырландыруды талап етеді. Әсіресе, бұл экстремалды немесе сыни жағдайларда жиі әрекет ететін әскери қызметшілер үшін маңызды. Мұндай жағдайларды шешуге психологиялық дайындық жеке адамға өз іс-әрекетінің дұрыстығына сенімділік береді және нәтижесінде табысты нәтижеге әкеледі. Бұл мақаланың мақсаты- магистрлік диссертация шеңберінде зерттеу нәтижелерін баяндау болып табылады. Негізгі екпін әскери қызметшілердің экстремалдық жағдай кезіндегі іс-қимылдарға психологиялық дайындығының ерекшеліктерін талдауға жасалған. Авторлар зерттелетін мәселені сыни жағдайда әскери қызметшілерді психологиялық даярлаудың қазіргі заманғы тәсілдері тұрғысынан ашылады. Зерттеудің қолданылатын әдістері(талдау, қорыту, эксперимент) әскери психология үшін өзекті мәселенің тереңдігін ашуға мүмкіндік берді. Зерттеу қазақстандық және шетелдік ғалымдардың заманауи ізденістерінің нәтижелеріне негізделеді. «Экстремалды жағдай» ұғымының мәнін түсіндірудің тәсілдері қарастырылды, дағдарыс жағдайында іс-қимыл жасауға әскери қызметшілердің психологиялық дайындығының ерекшелігін айқындайтын факторлар айқындалды. «Әскери қызметшілердің сыни (экстремалды) жағдайлардағы қызметке психологиялық дайындығы» ұғымы анықталды. Эксперименттің статистикалық нәтижелері ұсынылған. Тәжірибелік жұмыс барысында жүргізілген эксперименталдық қызметтің жоғары практикалық маңызы бар, өйткені Павлодар қаласының3176 "к" әскери бөлімінің жұмыс тәжірибесіне енгізу арқылы табысты сынақтан өтті және әскери қызметшілердің психологиялық даярлығында қолданылуы мүмкін. Мақала психологияның өзекті мәселесіне арналған. Мақалада баяндалған нәтижелер әскери психологтарға пайдалы болуы мүмкін.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Зерттеу құзыреттілігі негізгі құзыреттілік жүйесінің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: бұл күндері зерттеу құзыреттілігін зерттеу өзектілігін жоғалтпайды, керісінше, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің ерекше назарын қажет етеді. Зерттеудің негізгі пәні студенттерге негізгі құзыреттіліктерді меңгерудің ең тиімді әдістерін зерттеу дағдыларын үйрету болып табылады. Мақсаты: студенттерді оқыту процесінде зерттеу құзыреттілігінің рөлін анықтау. Әдістер: талдау, синтез және салыстырмалы талдау зерттеудің негізгі әдістері болып табылады. Нәтижелер және олардың маңыздылығы: нәтижесінде "зерттеу құзыреттілігі" ұғымы зерттелді. Бұл идеяның әртүрлі көзқарастары қарастырылады. Соңғы он жылда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы оқушылардың білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындады. Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы бар, өйткені оның нәтижелерін биология сабақтарында зерттеу құзыреттілігін дамыту бағдарламалары мен әдістерін әзірлеуде қолдануға болады.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі: