Аңдатпа:
Зерттеудің өзектілігі – аймақтарда елдің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың қазіргі тенденцияларының пайда болуы. Бұл еліміздің экономикасын бағалау үшін негізгі өлшем болып табылады .
Аймақта әлеуметтік және экономикалық дамудың әр түрлі критерийлерін қалыптастырудың күрделі үрдістері бар. Есепке алу үшін қажетті әртүрлі факторлардың көптігіне байланысты әлеуметтік-экономикалық дамудың бұл аспектісі зерттеудің жоғары деңгейіне ие бола алмайды. Мұның себебі – зерттеу үшін аймақтың жеке нысан ретінде талданбауы.
Сондықтан қазір аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін сапалы және сандық бағалау өзекті болып отыр. Өйткені, алынған нәтижелер негізінде одан әрі болжау ресурстарды пайдалануда ұтымды тәсілге ықпал етеді, өнеркәсіптің әртүрлі салаларының жай-күйі туралы, олардың өсуі немесе құлдырауы туралы, облыстық бюджетті дұрыс бөлу, шетелдік инвестициялар үшін тартымды мүмкіндіктер құру, жаңа кәсіпорындарды қалыптастыру және жұмыс істеп тұрғандарын жақсарту туралы түсінік береді. Павлодар облысының өңірлік ерекшеліктерін, атап айтқанда, үлкен өнеркәсіптік және индустриялық кешеннің болуын және географиялық орналасуын ескере отырып, дамудың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін бағалауды құру бұрынғыдан да қажет.
Мақаланың мақсаты – Павлодар облысы экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің қазіргі жай-күйін зерттеу.
Зерттеудің негізділігі мен ақиқаттығын талдау мен синтездің жалпы ғылыми әдістерін, диалектикалық әдісті, жүйелік тәсілді, салыстыруды, статистикалық топтарды және болжауды қолдану арқылы қол жеткізілді.
"Ұлттық статистика бюросының" материалдарын негізге ала отырып, авторлар бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыруда негіз ретінде Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін зерттейді. Деректерді талдау өнеркәсіп, сауда, құрылыс және әртүрлі шаруашылықтар сияқты салалар ЖӨӨ-нің қалыптасуында негізгі болып табылатындығын көрсетеді. Павлодар облысы экономикасының басты жақтары SWOT-талдауда көрсетілген, бұл даму ерекшеліктері мен үрдістері туралы түсінік береді. Рейтинг кестесі басқа аймақтар мен салыстырмалы талдау жүргізуге және әлеуметтік-экономикалық дамуды болжауға мүмкіндік береді
Журналдың шыққан жылы:
2022
Журнал нөмірі:
2(86)