Мақал-мәтел дегеніміз - халықтың нақыл сөздері, белгілі бір ойды ықшам түрде, ұтымды, өткір етіп айтып беретін сөз. Мақал менен мәтелдер - ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі: ол ғасырлар бойы халықтың ұқыптап сақтап келген еңбек тәжірибесінің жиыны, ой-пікірінің түйіні, аңсаған асыл арманының арқасы, өмір-тіршілігінің айнасы, көнеден жаңаға, атадан балаға қалдырып келе жатқан, тозбайтын, тот баспайтын өмірлік өшпес мұрасы Мақал-мәтелдерді дана бабаларымыздан қалған аталар сөзі десе де болады. Демек, бұл - ұлт даналығын араға талай ғасырлар салып, бүгінгі ұрпаққа нақыш-бояуын солғындатпай, мән-мағынасын бәсеңдетпей, көркемдігі мен бейнелілігін жоғалтпай, тұтас жеткізіп отырған ана тіліміздің құдіретті күші. Бұл - даналықтың бір бұлағы тіл деген сөз.
Көненің көзі - дананың сөзі
Аңдатпа:
Журналдың шыққан жылы:
2015
Журнал нөмірі:
2(58)
Тақырып: Гуманитарлық ғылымдар