Аңдатпа:
Қоғамда тіл байлығын дамытып, сөйлеу мәнерін жетілдіріп, өзін тұлға ретінде қалыптастыруда адам баласы жан-жағымен көптеп қарым-қатынасқа түсетіні белгілі. Сондықтан да олар әр халықтың ерекшелігіне байланысты өсіп-өрбіп, сол халықтың ғасырлар бойы жинаған құндылығының бірі болып табылады. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі адам мінез-құлқын табиғатпен салыстыру әр ұлттың өзіне ғана тән рухани өмірін суреттейді. Яғни, қос тілдегі ұлттық сезім, ұлттық мінез, ұлттық салт-дәстүр негізін айқындайды.
Қазақ және ағылшын ұлттарының мәдениеті мен тілінде ерекше орын алатын, мәні мен мазмұны өшпес құндылықтарын табиғат арқылы салыстырудың жолдарын талдау, сипаттама беру. Мұнда халықтың мәдени-тарихи өмірі, халықтың дәстүрлі өмір тәжірибесінің ұлттың рухани құндылығы, парасаттылық өлшемі, ізгілігі жатыр.
Мақалада ағылшын және қазақ тілдеріндегі адам мінез-құлқын табиғат арқылы салыстырудың этнолингвистикалық астары сипатталған. Лингвомәдениеттану мен когнитивтік лингвистикада кездесетін этностардың сана-сезімінде қалыптасқан мінез-құлық ұғымы жан-жақты зерттелген. Сонымен қатар авторлар қостілдегі мінез-құлық ұғымының анықтамасын негізге ала отырып, мінез-құлық көріністері мен ұлттық сана, ұлттық ойлау жүйесіне, наным-сенімдерге, көзқарастарға сипаттама берген. Туыс емес қазақ, ағылшын халықтарының мінез-құлқының қалыптасуы олардың географиялық ортасы, көшпелілік тұрмыс-салты, өмір сүру тәртібіне қарай байланысты екенін атап көрсеткен.
Аталмыш зерттеу төңірегіндегі екі тілдегі фразеологиялық бірліктер әр ұлтқа тән ерекшеліктерді айқын көрсеткен. Екі халық үшін де табиғат құбылыстарын болжау олардың тұрмыс-тіршілігімен, шаруашылығымен, кәсібімен тығыз байланысты болып, халық өмірінде аса маңызды орын алатындығы көрсетілген.
Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі: