Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: Ж.Д. Омарбекова

Нәтижелер саны: 6


Қазақстан республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясат
Аңдатпа:

Мақалада дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік басқарудың ең маңызды қағидаттары қарастырылған. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі аспектілеріне талдау жүргізілген.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 4(64)

Қазіргі лексикография: даму үрдісі мен бағыттары
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Мақалада қазақ лексикографиясының қазіргі жайы мен даму бағыттары қарастырылады. Қазіргі заманғы лексикография салаларының мақсат-міндеттері мен мүмкіндіктері анықталып, сөздік түзудің ғылыми-теориялық және практикалық негіздері сипатталады. Мақсаты: Лексикография теориясы мен практикасының дамуы лексикографияны тіл білімінің жеке саласы ретінде тану, сөздіктерді құрудың теориялық негізін жасау, сөздіктердің жалпы типологиясы, сөздіктердің макро- және микроқұрылымын анықтау сияқты қажеттіліктерден туындайды. Сондықтан мақалада қазақ лексикографиясының тәжірибесін қорыта отырып, оның жалпы теориялық мәселелерін, даму бағыттарын анықтау, тіл ғылымындағы орнын көрсету мақсаты көзделген. Әдістері: Зерттеу барысында сипаттамалы әдіс, анализ, синтез жасаудың әдіс-тәсілдері қолданылды. Нәтижелер мен олардың маңыздылығы: Қазақ лексикографиясының жалпы теориялық, құрылымдық мәселелері зерделенетін ғылыми еңбектерге, қазақ лексикографиясының тарихы бойынша жасалған зерттемелерге, сөздік түзудің тәжірибесі мен ғылыми негіздері қарастырылатын зерттеу еңбектеріне қысқаша шолу жасалады. Авторлар сөздіктерді жасау жұмысында, олардың сапасын арттырудағы лексикография теориясының маңызын, сөздік бірліктерді сөзтізбеге сұрыптап алуда басшылыққа алынатын ұстанымдар құрамын, олардың қызмет ету ерекшеліктерін, зерттеу нысанына сәйкес сөздік түрінің сөзтізбесіне алынатын тілдік бірліктердің сандық және сапалық құрамын, қазақ лексикографиясының теориялық және практикалық мәселелерін, қазақ тілінің сөздіктерін жасаудың ғылыми- теориялық негіздерін белгілеп, оның сөзтізбесін түзудің құрылымдық ерекшеліктерін анықтайды. Сөздік түзудің ғылыми негіздерін, олардың сөзтізбе құрамы мен құрылымдық ерекшеліктерін зерттеудің таза ғылыми тұрғыдан да, қазақ тілін дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру тұрғысынан да маңыздылығын көрсете отырып, мақала авторлары сөздіктердің түзілу заңдылықтары мен сапасы тілдің қазіргі қоғамдағы қызметіне тікелей байланысты деген қорытынды жасайды. Қазіргі лексикографияның даму үрдісі кез келген сөздікке тән қасиеттерді зерттейтін жалпы лексикографияны және лексикографияның жеке бөлімдерін (оқу, терминологиялық, ономастикалық және т.б.) бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Жалпы лексикография типологияны қолдана отырып, барлық сөздіктердің жалпы (немесе статистикалық тұрғыдан басым) ерекшеліктерін белгілеуі керек, сонымен қатар сөздіктердің қызметі мен қолданылуының жалпы заңдылықтарын зерттеуі керек. Жеке лексикографияда сөздіктің белгілі бір түрінің ішкі құрылымын мен оны жасау әдістерін, сөздіктің белгілі бір түрінің тарихын, сөздіктің белгілі бір түрінің мақсаты мен адресатын зерттейтін бөлімдер болуы керек. Сондықтан лексикограф мамандар лексикографияның одан әрі дамуы болашақта сөздіктердің қолданыстағы түрлерін жетілдіру мен жаңа түрлерін түзуде, күрделі сөздіктердің пайда болуында және лексикографиялық қызметті компьютерлендіруде деп есептейді.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Бастауыш мектепте шет тілін оқытудағы заманауи педагогикалық технологиялар
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Мақалада бастауыш мектепте шет тілінде білім беру барысында қоолданылатын заманауи педагогикалық технологиялар сипатталады және олардың бастауыш сынып оқушысының әртүрлі құзыреттерінің дамуына әсері қарастырылады. Авторлар ақпараттық-коммуникациялық педагогикалық технологиялардың оқытуда жеке тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асыруға көмектесетінін, бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін, олардың оқу деңгейін ескере отырып, оқытуды дараландыру мен саралауды қамтамасыз ететінін айтады. Қазіргі педагогикалық технологиялар іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде оқу-тәрбие үдерісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге мүмкіндік беретіні көрсетіледі. Мақсаты: Қазіргі заманғы ағылшын тілі сабағында қолданылатын заманауи білім беру технологияларын талдау. Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның құрылымын, ұйымдастырылуын, мектеп практикасымен және білім беру жүйесіндегі инновациялық үдерістермен өзара байланысын қайта қарауды талап етеді. Сондықтан мақалада жоғары оқу орнында мамандар даярлаудың сапасын арттыруда мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды және оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану оқу үдерісінің маңызды бөлігіне айналуы тиіс екендігін дәлелденеді. Әдістері: Зерттеу барысында сипаттама әдісі, жүйелеу, талдау жасаудың әдіс-тәсілдері қолданылды. Нәтижелер мен олардың маңыздылығы: Мақала авторлары бастауыш сыныптарда шет тілдік білім берудің мақсаты ретінде оқушының жеке басының дамуын (адамгершілік және танымдық) және оның айналасындағы көпмәдениетті және көптілді әлеммен ұтымды, тиімді, заман талабына сай қарым- қатынасқа түсу қабілеттерінің кешенін анықтайды. Сондықтан білім берудің мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық технологияларды қолдана алуға қажетті білім, білік және дағдыларын қалыптастыруы маңызды деп қорытады. Себебі білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алған қазіргі кезде оқу-тәрбие үдерісіндегі өзгерістер білім берудің парадигмасын өзгертті, білім берудің мазмұнын жаңартып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас қалыптастырды.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Шет тілін оқытуда лингвоелтанымдық реалийлерді қолдану мәселесіне
Аңдатпа:

Мақалада ұлттық дүниетаныммен, әлеуметтік-мәдени жолмен анықталған елтанымдық сипаттамаларды зерттеумен ажырамас байланыста шет тілін оқыту үдерісінде қолданылатын лингвоелтанымдық тәсілді өзектендіру мәселесі қарастырылады. Қазіргі әдістемелік зерттеулер шет тілін оқытуда лингвоелтанымдық тәсілге негізделген. Сонымен қатар елтану компоненті бар лексика, зерттелетін тілдің, оның тарихының, әдебиеті, ғылымы, өнерінің, сондай-ақ салт-дәстүрлері мен әдет- ғұрыптарының ел өмірінің әртүрлі аспектілеріне әсер ететін елтану мәліметтері ерекшеленеді. Лингвоелтанымдық аспект тақырып мазмұнын байытуға ықпал етеді, сондықтан авторлар басқа мәдениетке және оның тұтынушыларына нақты қол жеткізу тәсілдерін қолдана отырып, шет тілін оқытуда сапалы нәтижелерге қол жеткізуге болатынына баса назар аударады. Шет тілін оқыту үдерісі үшін жоғары деңгейдегі елдік және коммуникативтік құндылыққа ие тілдік материалды талдау. Шет тілін оқытудың негізгі мақсаты – оқушының жеке тұлғасын дамытатын тіл елінің мәдениетін оқытумен тығыз байланысты, бұл ұлттық мәдениеттің мазмұнына кіретін мәдениетаралық қарым-қатынасқа қатысуға және оны өз бетінше жетілдіруге, оқу үдерісінде елдің болмысы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері туралы материалды қолдануға, сөйлеу актілеріндегі коммуникативті мінез-құлық, вербалды және вербалды емес мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады. Зерттеу барысында сипаттама әдісі, жүйелеу, талдау жасаудың әдіс-тәсілдері қолданылды. Оқушылардың лингвоелтанымдық құзыреттілігі, оны қалыптастырудың тиімділігі тілді меңгеру деңгейіне байланысты. Оқу үдерісінде лингвоелтанымдық реалияларды енгізу оқытуды жандандырудың маңызды элементі болып табылады, өйткені шет тілін оқи отырып, оқушы осы тілдің тілдік кодының негізінде жатқан елдің дүниетанымымен танысады. Мақала авторлары лингвоелтанымдық материалдар оқушыларғаоқытылатын тіл елі мәдениетінің құндылықтарын түсінуге, шет тілін үйренуде мәдениетаралық құзыреттіліктерді дамытуға көмектеседі деп қорытады. Оқытылатын лексиканың ұлттық-мәдени семантикасына және лингвоелтанымдық мәтіндерді қолдануға назар аударуды көздейтін шет тілін оқытудың елтанымдық бағытталған әдістемесін қалыптастыру тілді халықтың мәдениетімен тығыз байланыста меңгеруді қамтамасыз етеді, оған елдің тарихы, әдебиеті, сәулеті, өмірі, өмір салты және дәстүрлері туралы әртүрлі танымдық ақпарат кіреді.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Интерактивті танымдық стратегияларды қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдылары мен қабілеттерін жетілдіру жолдары
Аңдатпа:

Мақалада бастауыш сынып оқушыларының ауызша және сөйлеу дағдыларын жетілдіру жолдары қарастырылған, онда оқушылардың коммуникативтік білім беру ортасында оқу үдерісінің басқа субъектілерімен оңтайлы өзара іс-әрекеттін ұйымдастыруға бағытталған интерактивті стратегиялар бірінші кезектегі рөлді атқарады. Қазіргі уақытта оқушылардың шет тіліндегі коммуникативтік құзыреттілігін дамыту әдістемесінің негізгі өлшемдері мен көрсеткіштері, интерактивті танымдық стратегияларды қолдану негізінде бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін оқыту әдістері мен тәсілдері жүйесінің базистік негізі өзгерді. Авторлар интерактивті танымдық стратегияларды қолдана отырып, бастауыш сыныптарда ауызша сөйлеуді дамытудың негізгі құралы ретінде тиісті технологияның барлық кезеңдерінде дәйекті түрде жүзеге асырылатын рецептивті, өнімді және өнімді-шығармашылық сипаттағы жаттығулар жиынтығын атайды: мотивациялық-ынталандырушы, ақпараттық, аналитикалық, актуализация, өнімді, шығармашылық, аналитикалық және бағалау. Олардың бастауыш сынып оқушыларының тілдік құзіреттілігі мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға әсері сипатталған. Авторлар мотивациялық-ынталандырушы, ақпараттық, аналитикалық кезеңдер, өзектендіру кезеңі, сондай-ақ өнімді, шығармашылық, аналитикалық және бағалау кезеңдері студенттерді ағылшын тіліндегі танымдық мәселелердің мазмұнын игеру бойынша бірлескен іс-шараларға тартуды қарастырады, кіші мектеп оқушыларының өзара әрекеттесудің қабылданған нормаларына сәйкес коммуникативті қарым-қатынас дағдыларын интернационалдануын болжайды, олардың тілдік және әлеуметтік-мәдени білімдерінің, іскерліктері мен дағдыларының деңгейіне сәйкес интерактивті танымдық стратегияларды қолдану негізінде бастауыш сыныптардағы ағылшын тілі сабақтарында ауызша сөйлеуді дамыту үдерісін ұйымдастыруға бағытталғандығын дәлелдейді. Интерактивті танымдық стратегиялар негізінде бастауыш сыныптарда ауызша сөйлеу дағдыларын дамытудағы әртүрлі тәсілдерді зерттеу, шет тілдік қарым-қатынасты оқытуда интерактивті танымдық стратегияларды практикалық қолданудың мақсаттары мен міндеттерін қолдана отырып, бастауыш сыныптарда ауызша сөйлеу құзыреттілігін қалыптастырудың әртүрлі кезеңдеріндегі тапсырмалар мен жаттығулар кешенін талдау, интерактивті танымдық стратегияларды қолдану негізінде бастауыш сыныптарда ауызша сөйлеуді дамытудың арнайы әдістемесін құру мен іске асырудағы әлеуметтік күтулер мен білім беру практикасының объективті қажеттілігі арасындағы қайшылықтар анықталады. Әдістері: зерттеу барысында сипаттау әдісі, жүйелеу, талдау, түсіндіру әдістері қолданылды. Нәтижелер және олардың маңыздылығы: мақала авторлары интерактивті танымдық стратегияларды қолдана отырып, бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдылары мен қабілеттерін жан-жақты дамыту үшін шет тіліндегі коммуникативті іс-әрекетті жобалау, зерттеу, музыка, бейнелеу, пәндік, әдеби және шығармашылық жағынан біріктірудің маңызы зор екенін көрсетеді. Интерактивті танымдық стратегиялар (мақсаты, міндеттері, тәсілдері, принциптері, мазмұны, технологиясы, құралдары, тиімділік өлшемдері, іске асыру шарттары) негізінде бастауыш сыныптарда ауызша сөйлеу дағдылары мен іскерліктерін дамыту бойынша әзірленген оқыту моделі бастауыш сынып оқушыларының шет тілін меңгеру үдерісінде коммуникативтік біліктер мен тілдік құзыреттіліктерді дамытуға ықпал етеді.

Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 1(85)

Бастауыш мектепте шетел тілін оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістері
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Мақалада бастауыш мектепте шетел тілінде білім беру барысында қолданылатын дәстүрлі және жаңа инновациялық әдістер салыстырылып, әрқайсысының артықшылықтары да, кемшіліктері де сараланады, дәстүрлі әдістердің кемшін жақтарын жаңа әдістер арқылы толықтыру жолдары көрсетіледі. Қазіргі кезде шетел тілін оқытуда қолданылатын негізгі әдістер қарастырылады. Соңғы жылдары шетел тілдерін оқыту саласында пайда болған жаңа инновациялық әдістер қатарында community language learning / counseling learning («қауымдар» әдісі, «кеңесші» әдісі), сугестопедиялық әдіс, total physical response (физикалық әрекеттерге сүйену әдісі), ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың көмегімен тілді оқыту әдісі, consciousness-raising approach (саналы бағытталған әдіс), task based learning (коммуникативтік тапсырмалар әдісі), neuro-linguistic programming (нейролингвистикалық бағдарламалау), guided discovery (басқарылатын ашылым не жаңалық), test-Teach-test әдісі аталады. Олардың бастауыш сынып оқушысының тілдік құзыреттері мен шығармашылық қабілетінің дамуына әсері қарастырылады. Авторлар шетел тілдерін оқыту үдерісіндегі қазіргі әдістеменің басты әрі маңызды шарты жасанды шеттілдік орта құру, яғни табиғи тілдік орта қалыптастыру екенін айтады. Соңғы зерттеулерге сүйеніп, «электронды тілдік орта» ұғымына түсініктеме береді. Қазіргі баланың тілі гаджетпен шығып жатқандықтан, бастауыш сынып оқушыларының электронды тілдік ортада өмір сүруі шет тілін үйретудің міндеттерін шешуге мүмкіндік беретіні көрсетіледі. Мақсаты: Қазіргі заманғы ағылшын тілі сабағында қолданылатын дәстүрлі және заманауи білім беру әдістерін талдау. Оқушынының оқу үдерісінің басты тұлғасы ретінде белсенді болуы, басқа оқушылармен тығыз байланыста жұмыс істей алуы, оқушыға өз физиологиялық, интеллектуалдық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік беру жеке, жұппен, топпен, сыныппен және тағы басқа жұмыс түрлерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Аталған оқыту әдістерінің ішінде бұрыннан қолданылып келген әдістер және осы замандық жаңа әдістер қамтылған. Әрбір әдістің өзіне тән ерекшеліктері болады. Сондықтан ағылшын тілін оқыту әдістерін салыстыра сипаттау аса маңызды. Әрбір ескі де, жаңа да әдістің артықшылығы мен кемшілігі болады. Сондықтан ағылшын тілін оқыту әдістемесі әрдайым толықтыруды, жетілдіруді талап етеді. Ендеше олардың оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде, танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдіруде маңызы өте зор. Әдістері: Зерттеу барысында сипаттама әдісі, жүйелеу, талдау, түсіндіру әдістері қолданылды. Нәтижелер мен олардың маңыздылығы: Мақала авторлары бастауыш сынып білім алушыларының жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына, өмірде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуінде ағылшын тілін жақсы менгеруінің маңызы үлкен екендігн айта келіп, қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістерді әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта отырып, озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс деп қорытындылайды. Жеке тұлғаның, оның тілдік құзыреттерінің қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту, ақпаратты-коммуникативтік оқытудың, т.б. жаңа әдістер арқылы оқытудың нәтижелері баланың өз бетімен ізденуіне, өзіндік пікірін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға ретінде қалыптасуына, оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамытуына зор ықпал ететіні сөзсіз.

Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 1(85)