Аңдатпа:
Бұл мақалада түрлі білім беру жүйелерінің болашақ мамандарын дайындау бойынша
агротехникалық университеттің жұмыс тәжірибесі негізінде студенттерге кәсіптік білім беруде
тұлғалық-бағдарлы оқыту технологияларын қолданудың педагогикалық шарттары қарастырылған.
Кәсіптік білім беру барысында студенттерді тұлға ретінде дамытуда оқу іс-әрекетін ұйымдастыруды
тұлғалық-бағдарлы оқыту технологиясын қолдану арқылы жүргізудің бүгінгі күн талаптарын ескере
отырып, жұмыстар жасауға әсері мол. Бұл бағытта педагогика ғылымы мен практикасына қатысты
ұлы педагогтар мен ғалымдар еңбектеріндегі идеялар мәнін талдау біздің жасаған зерттеу
жұмысымыздың бір бағыты болып табылады. Келесі маңызды бағыт ретінде білім берудің дәстүрлі
және жаңа парадигмалары талданды. Бұл жұмыстар кәсіптік білім беруді жетілдіруге оң әсер ететін
педагогикалық шарттарды анықтауға көмектеседі.
Журналдың шыққан жылы:
2015
Журнал нөмірі:
2(58)