Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: И.В. Маркина

Нәтижелер саны: 5


Кедендік одақ елдерінде көлеңкелі экономиканың қалыптасу детерминанттары мен факторларының сипаттамасы
Аңдатпа:

Мақалада нарықтық бастамаларға негізделген шаруашылық жүйенің ажырамас элементі көлеңкелі экономика болып табылатыны негізделеді. Соңғы он жылдықтағы реформалардың нәтижесінде пайда болған Кедендік Одақ елдеріндегі көлеңкелі экономиканы қалыптастыратын дәстүрлі және жаңа детерминанттар аталған. Көлеңкелі экономиканың факторлары айқындалған, олардың қазіргі уақыттағы жіктелуі берілген.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы еңбектік әрекетінің мотивациясының құрылу принциптері
Аңдатпа:

мақсатты индикатор өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарындағы өнімділікті екі есе арттыру болып табылады. Еңбек өнімділігінің дамуының қарқынды факторларының бірі еңбектік әрекетті тиімді ынталандыру (мотивация) болып табылады. Бұл мақалада адамдық ресурстарды ынталандырудың әртүрлі концепцияларында бейнеленген өнеркәсітік кәсіпорындарындағы еңбектік әрекетті ынталандырудың құрылу принциптері қарастырылған.

Автор: И.В. Маркина
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 3(59)

Қазақстанда ауылшаруашылығы биотехнологиясының дамуы
Аңдатпа:

Осы мақалада Қазақстанда ауылшаруашылығы биотехнологиясының дамуының негізгі мәселелері және тенденциялары, елдің агроөнеркәсіп өндірісі кешенінде биотехнологияларды қолданудың болашағы қарастырылған. Қазақстанның ғылыми ұйымдарының шетелдік жетекші ғалымдары мен ғылыми ұйымдарын тарту арқылы ауылшаруашылығы биотехнологиялары саласында өткізіп жатқан зерттеулері, технологиялар бойынша әзірленген ұсынымдар және барлық салалардың биотехнологиясындағы жаңа өнімдердің атаулары туралы деректер келтіріледі. Қазақстан үшін агроөнеркәсіп кешенінде жасалған биотехнология саласындағы перспективалы технологиялар және АӨК-дегі ғылым мен технологиялар саласындағы табыстың шарттары анықталады.

Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 3(59)

Агроөнеркәсіптік кешендегі карбонды жылубөлу материалды қолдану мүмкіндігі
Аңдатпа:

Жылубөлу материал ретінде карбон қабаттары агроөнеркәсіптік кешендегі пайдалану көрсетілген. Бұл айтарлықтай электр энергиясы, экологияны жақсартуға, шығындарды азайтуға және ғимараттарды пайдалану, жөндеу және күтіп ұстау үнемдеуге мүмкіндік.

Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 1(69)

Жамбыл облысы жағдайында жайылымдарды пайдаланудың биоэкологиялық негіздері
Аңдатпа:

Негізгі мәселелер: Мал шаруашылығы салаларының жемшөп базасының негізін табиғи жемшөп алқаптары құрайды. Республикадағы азық базасының қазіргі жай-күйін талдау көрсеткендей, жануарлар рационында 80%-ға дейін жайылымдық жемшөп құрайды. Қазақстанның барлық аумағы бойынша 64%-дан астамын жайылымдық жерлер алып жатыр. Жайылымдық жемшөп - бұл жыл сайын жаңартылатын өсімдік ресурсы, оның ықтимал өнімділігі шамамен 23-28 млн. тонна жемшөп бірлігін құрайды. Сонымен бірге, пайдаланушылардың осы ұлттық байлыққа тұтынушылық қатынасы жерлердің азық-түлік әлеуетін төмендетеді (өнімділік төмендейді, шөптің құрамы мен жем сапасы өзгереді, пайдалы өсімдіктер арамшөптермен және улы өсімдіктермен алмастырылады). Осыған байланысты, үлкен қаржы ресурстарын жұмсамай, республиканың топырақ-климаттық аймақтарының ерекшеліктерін ескере отырып, табиғи ресурстарды ұтымды басқару негізінде балама жолдарды іздеу және ауыл шаруашылығы өнімін өндіру технологиясын жетілдіру қажеттігі туындайды. Бәсекеге қабілетті мал шаруашылығы өнімін (етін) өндіру резервтерінің бірі қазіргі уақытта мал жайылым телімдерде жыл бойы мал ұстауды құру болып табылады, өйткені жемшөп тасымалдауға және таратуға жұмсалатын шығындар азаяды. Маусымдық жайылым айналымдарын ұйымдастырумен шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу технологиясы Жамбыл облысының таубөктерлік-дала аймағы жағдайында шалғайдағы учаскелерде мал жаюдың оңтайлы жүктемесі өзекті болып табылады және республиканың мал шаруашылығы саласының сұраныстарын көрсетеді. Мақсаты: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен ауылы «Батыр» шаруа қожалығы жағдайында жайылымдардың тозу себептерін, оларды қалпына келтіру мүмкіндіктерін зерттеу, шалғайдағы жайылымдарды пайдалану және жайылым ресурстарын ұтымды пайдаланудың ғылыми негізделген тәсілдерін жасау. Әдістер: Термостат-салмақ әдісі, И.В. Тюрин әдісі, Мачигин әдісі, ионометриялық әдіс. Нәтижелер және олардың маңыздылығы: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен ауылы «Батыр» шаруа қожалығының таубөктерлік-дала аймағында теңіз деңгейінің биіктігіне байланысты топырақ жамылғысы мен жайылымдардың ботаникалық құрамы зерттелінді. Зерттеу жұмысы топырақ - өсімдік - жануарлар - мал шаруашылығы өнімдері жүйесінде жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде Жамбыл облысының таубөктерлік-дала аймақтағы қой шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге жайылымдардың өсімдік жабынының өсімі және өсуі 15-18%-ға дейін қалпына келтіруге және тиімді мал жаю жолымен мал өнімін 12 %-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Автор: Ж.Б. Исаева
Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 2(86)