Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: И.Ж. Бейсембаев

Нәтижелер саны: 7


Құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар жеке тұлғаға бағыттап оқыту қағидасын іске асыру ретінде
Аңдатпа:

Мақалада мектептегі білімде қолданылатын негізгі құзыреттер қарастырылған, негізгі құзыреттердің авторлық жіктелімі ұсынылған. Авторлар ынта – тапсырма тұжырымы – ақпарат көзі – есеп түрі сияқты құзыреттілікке бағытталған тапсырмалардың құырылымын талдаған, орыс тілі бойынша дәстүрлі тапсырмаларды құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларға өзгерту практикалық мысалдармен көрсетілген.

Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Ингуш лингвомәдениетіндегі құдалықтың фреймдік құрылуы
Аңдатпа:

Бұл мақалда құдалықтың дәстүрлі салттың ингуш үйлену тойының фрейм ұсыну қарастырылды. Осы салттың ұлттық ерекшелігі өтуінің құрылымы және ингуш халқының әдеттегі элементтер берілген.

Журналдың шыққан жылы: 2012
Журнал нөмірі: 4(48)

Публицистикалық мəтіндегі автор бейнесі
Аңдатпа:

Берілген мақалада автор бейнесінің категориялары қазіргі публицистикалық мəтіндегі аймақтық пресса материалында автордың өз ойын жеткізуінің түрлі тəсілдері сипатталған. авторлық «Мен» публицистикалық мəтінінде негізгі жəне факультативтік механизмдердің қалыптасуының құрылымына баса көңіл аударылады

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Ағылшын лингвомəдениетіндегі ұлттық жəне трансұлттық прецеденттік феномендер
Аңдатпа:

Берілген мақалада ағылшын лингвомəдениетінің құндылығын белгілейтін прецеденттік феномені қарастырылған. Ағылшын лингвомəдениеті кеңістігінің прецеденттік феномендерін зерттеу барысында ұлттық жəне трансұлттық прецеденттік феномендер анықталды. Антикалық мифологияға, діндер, топонимдер, мəдени өмірге, əдеби шығармалар, басқа да өнер түрлерінің шығармалары, тарих жəне саясатқа негізделген трансұлттық прецеденттік феномендерге баса көңіл аударылады.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Қазақстандағы шетелдіктердің коммуникативтік бейімделуін анықтау құралы ретіндегі психолингвистикалық эксперимент
Аңдатпа:

негізінде Қазақстандағы шетелдіктердің коммуникативтік бейімделуінің дәрежесін айқындау мәселелері қарастырылады. Эксперимент жүргізу барысы - дайындық, тәжірибені іске асыру және алынған қорытындыларын талдау кезеңдері сипатталған. Зерттеу нәтижесінде Қазақстандағы әрбір шетелдіктің бейімделу дәрежесі туралы қорытынды шығарылды

Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Шежірелердегі метамәтін бірліктерінің функционалды-семантикалық ролі
Аңдатпа:

Мақала орыс тілі синтаксисі қарастырмаған мәселелерге, оның ішінде, XI-XIV ғ.ғ. ежелгі орыс жылнамасының ескерткіштеріндегі эгоцентрлік элементтердің қызметіне арналған. Диахроникалық зерттеу қазіргі орыс тілінде эгоцентрикалық бірліктердің табиғатын, функционалдық-семантикалық ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі. Мақалада негізгі мәтіннің «семантикалық өрнегін» түсіндіретін, оның әр түрлі элементтерін біріктіретін, күшейтетін және бекітетін метатекстік бірліктердің негізгі белгілері қарастырылады, сондай-ақ олардың ежелгі орыс шежірелік мәтіндердегі сөйлеуші позицияның өзіндік экспликаторы ретіндегі рөлі білінеді. Жылнамалық мәтінде метатекстілік бірліктердің болуы - көне орыс әдебиеті шығармаларындағы авторлық бастаудың қатысуы туралы ғылыми ережені растайды, яғни өз пікірінің (тілдік шығармасының) тілдік кодына авторлық қатынасты анықтауға мүмкіндік береді. Жалпы, метатекстуалды интерпретация объектінің түсінігін жеңілдетуге, оны сипаттаудың жаңа элементтік базасын табуға бағытталған.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 2(78)

Еңбек құқықтарын қорғау аспектісінде еңбек заңнамасының қолданылу тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: бұл зерттеу еңбек заңнамасын жетілдірудің мәселелерін қарастырады. Қазақстан Республикасындағы нарықтық қайта құруларды дамытудың қазіргі кезеңінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа кіруін ескере отырып, еңбек заңнамасын реформалау мәселелері аса маңызды мәнге ие болады. Бұл еңбек құқығын іске асыру саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге жаңа көзқарастардың пайда болуын қажет етті. Осыған байланысты еңбек құқығының көптеген қағида ережелерін қайта қараудың өзектілігі пайда болады және олардың арасында нарықтық экономика жағдайында еңбек қатынастарының әртүрлі салаларында еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері соңғы орын алмайды. Қазақстан Республикасының қазіргі даму кезеңінде еңбек заңнамасы тек еңбек қана емес, сонымен қатар басқа да әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтар мен бостандықтардың кең кешенін жүзеге асыруға кепілдік беруі тиіс. Салыстырмалы түрде зерттелгеніне қарамастан, еңбек заңнамасын одан әрі жетілдіру мәселелерін зерттеу Қазақстан Республикасының заңнамасы да, атап айтқанда еңбек заңнамасы да үнемі дамып, одан әрі дамыту мен жетілдіруді қажет ететіндігін ескере отырып, өзектілігін жоғалтпайды. Мақсаты: зерттеудің мақсаты - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының қазіргі жай-күйін кешенді зерттеу және еңбек құқықтарын қорғау тұрғысынан оны жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындау болып табылады. Әдістері: зерттеудің әдіснамалық негізін қазіргі таным әдістері құрады: диалектикалық, формальды-логикалық, тарихи, салыстырмалы-құқықтық, аналитикалық-синтетикалық, жүйелік-құрылымдық, логикалық-құқықтық. Нәтижелер және олардың маңыздылығы: мақалада Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдірудің негізгі бағыттарын қарауға жаңа теориялық-әдіснамалық тәсілдердің қажеттілігі негізделеді, осыған байланысты адам мен азаматтың еңбек құқықтарын одан әрі жетілдіру тұрғысынан қамтамасыз етуге арналған еңбек заңнамасын зерттеудің шұғыл қажеттілігі туындайды. Еңбек заңнамасын жетілдіру тұжырымдамасы анықталды, ол мемлекеттің құзыретті органдарының осы қатынастарды құқықтық реттеудің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған еңбек және олармен тығыз байланысты қатынастарды дамыту қажеттіліктеріне сәйкес оның сапалы жағдайын қолдау жөніндегі қызметін білдіреді.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:
Тақырып: Құқық