Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: К.Т. Шушаева

Нәтижелер саны: 3


Интегро-дифференциалды теңдеуді шешу әдістері
Аңдатпа:

Бұл мақала [a,b] кесіндісіндегі y(x) - ізделетін функция, K(x, t) и f(x) - белгілі функцияларымен берілген интегро-дифференциалды теңдеуді шығарушыларға арналған. Теңдеуді шығару үшін осы мақалада алдымен анықтамалар мен теориялар танысуға ұсынылады. Одан кейін интегро- дифференциалды теңдеуді шешу әдістері мен бірнеше есептердің шығару жолдары қарастырылады

Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Үкіметтік емес ұйымдар азаматтық қоғам институты ретінде
Аңдатпа:

Қазақстанның үкіметтік емес секторының қазіргі кезеңдегі дамуы азаматтық қоғамның қызмет жасауының, елдің тұрақты демократиялық даму жолында алға басуының, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудағы ең негізгі критерийлерінің бірі болып табылады. Осы мақалада үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық қоғамды дамытудағы басты міндеттері белгіленген. Қазақстан Республикасында азаматтық сектордың қалыптасуының және дамуының кезеңдері қарастырылған. Мемлекет Басшысының азаматтық қоғамға және үкіметтік емес ұйымдарға қатысты басты позициялары аталған.

Автор: К.Т. Шушаева
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 1(61)

Педагогикалық қарым-қатынастағы толеранттық
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Бұл мақалада кәсіби қарым қатынасты толеранттықпен жетілдіру қажеттілігі бастауыш, орта және жоғары білім беретін оқытушылардың психологиялық-педагогикалық біліктілігін арттыру міндетін, олардың кәсіби құзыреттілігін педагогика, психология, акмеологияның заманауи жетістіктері саласында қарым-қатынасын арттыру ретінде анықтайды. Мақсаты:Тыңдаушылар үшін біліктілікті жетілдіру мен білім құру жолдары арқылы шешуді қарастырады. Осы орайда, оларда жаңа жеке ресурстардың анықталуы жағдайында және заманауи педагогтың кәсіби қарым қатынасының өсуінде тиімді стратегияларды құру мақсатында оларды неғұрлым тиімді пайдалану сөз болады. Әдістері: Акмеологиялық жобалау өмірдің стратегиясымен, мінез-құлық немесе кәсіби қарым қатынасының жетілдірудің анықтамасымен байланысты жеке жұмыс үшін қолданылатыны кеңінен ашылған. Акмеологиялық кеңес беру – бұл педагогтардың кәсіби қызметтердің қарым қатынас шыңына жетуге көмек көрсетеді. Қарым-қатынас бірлескен жұмысты ұйымдастыруға, жоспар құруға және оны талқылауға және оларды жүзеге асыруға көмектеседі. Нәтижелері және олардың маңыздылығы: Адамдардың қарым-қатынасының мақсаты өсуде: дүние туралы білім алу және жеткізу, оқыту және тәрбиелеу, бірлескен іс-әрекеттегі адамдардың психикалық әрекеттерін үйлестіру, жеке және іскерлік қарым-қатынастарды анықтау және орнату кеңінен талдау жасаланған.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі: