Аңдатпа:
Негізгі мәселе: Жергілікті өзін-өзі басқару органдары-демократиялық мемлекеттегі құрылым негізінің ажырамас тетігі. Бүгінгі таңда жалпы қоғамдық қатынастар жүйесінде және экономикалық қарым-қатынастарда жергілікті өзін-өзі басқару жиі кездеседі. Бұл жүйе жеткілікті және сапалы деңгейде дамымаса, заңнамалық, қажетті мүмкіндіктер болмаса, жергілікті деңгейде экономикалық, әлеуметтік, тұрмыстық, мәдени және басқа мәселелерді шешу өте қиын болмақ. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары – бұл биліктің ерекше деңгейі, онда қоғамдық және мемлекеттік қағидаттары біріктіріледі. Конституциялық және әкімшілік құқықтың өзекті теориялық және тәжірибелік мәселелерінің ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың орны мен рөлін айқындау және мемлекеттік билік органдары мен өзін-өзі басқару органдарының, бір жағынан, жергілікті өкілетті және атқарушы құрылымдар мен институттардың теңгерімді өзара қарым-қатынасын бекіту аса маңызды мәнге ие болады.
Мақсаты: қазіргі қоғамда жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлі мен орнын зерделеу, Қазақстанда жергілікті билік органдар дамудың болашақ көріністері мен құрылуы бойынша тәжірибелік нұсқаулықтар тұжырымдау.
Әдістері: мақаланы жазу барысында суреттеу, сараптама және жинақтау, негіздеу, қисынды моделдеу, жүйелік сараптау және т.б. тәсілдер қолданылды. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттарын сараптау үшін жүйелік-талдағыш әдіс қолданылған. Жергілікті өзін-өзі басқарудың, сондай-ақ басқарудың функционалдық жүесінің құрылуын зерделеуде құрылымдық-талдағыш сараптама тәсілі қолданылды.
Нәтижелері мен олардың маңыздылығы: жүргізілген зерттеу нәтижесінде алынған тұжырымдар мен ұсынымдар: Қазақстан Республикасы мәслихаттары мен әкімдіктерінің, мемлекеттік қызметшілердің тәжірибелік қызметінде; жоғары оқу орындарындағы курстарда оқу процесінде, сондай-ақ одан әрі жалпы теориялық және қолданбалы зерттеулер үшін пайдаланылуы мүмкін.
Журналдың шыққан жылы:
2022
Журнал нөмірі:
2(86)