Аңдатпа:

Зерттеу барысында топтық фитнес жаттығуларын ұйымдастыру арқылы 25-35 жас аралығындағы әйел адамдарды сауықтырудың психофизиологиялық ерекшеліктері қарастырылды. Жұмыс тәжірибелік бағытта құрыстырылған. Авторлардың алдына қойған мақсаты: әйел адамдарға психофизиологиялық сауықтыру бағытында көмек беру үшін топтық фитнес жаттығулар кешенін құру. Эксперименттік жұмыста 25-35 жас аралығындағы әйел адамдардың дене дайындықтары мен функционалдық жай-күйі, дене дамуының деңгейлері бағаланды. Міндеттерді іске асыру барысында зерттеуге қатысқандардың дене дайындықтар, функционалдық жай-күйі, дене даму деңгецлерінің нәтижелері анықталып, көрсетіліп отырды. 25-35 жас аралығындағы әйел адамдарға арналған топтық фтнес жаттықтыру кешеніне статодинамикалық және психологиялық блогы да енгізілді.

Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 1(69)