Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: Р.Е. Байзаков

Нәтижелер саны: 2


Павлодар қаласының төтенше жағдайлар динамикасын бағалау
Аңдатпа:

Бұл жұмыста төтенше жағдайлар санын азайтуға бағыталған және Павлодар қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты кешенді ескерту шараларына талдау жасалды. Табиги және техногенді төтенше жағдай шығу негізгі себептері көрсетілген. Бұл жұмыста бес жыл кезеңіндегі статистикалық мәліметтер қолданылған. Алынған мәліметтер негізінде төтенше жағдайға мемлекеттік есеп жүргізіледі. Павлодар қаласының аумағында табиғи және техногендік жағдайларын алдын алу үшін, аумақтық Азаматтық қорғаныс құрылымдары, нысанды құрылымдар мен жедел жасақтар, арнайы апаттық–құтқару құрылымдары ұйымдастырылған.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 4(64)

Қазақстан Республикасы жылу станцияларының тиімділігін арттыру құралдары мен әдістерін әзірлеу және зерттеу
Аңдатпа:

Бұл мақала Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің негізгі мәселелеріне арналған: 1) Экономика және халық тарапынан энергия мен отынға өсіп отырған сұранысты жабу үшін өндірістік қуаттардың болмауы. Электр және жылу энергиясына сұраныстың артуы, бұл жаңа өндіруші қуаттарды енгізуді талап етеді. Отын нарығында тапшылық байқалуда. Жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттарын (бұдан әрі-МӨЗ) жаңғырту және толық қуатқа шығару 2030 жылға дейін ішкі нарықты қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді; 2) Шикізат салаларының экспорттық бағдарлануы, экономиканың энергия ресурстарының экспортына тәуелділігі. Мұнай-газ және атом салаларына технологиялар мен инвестициялар тарту мақсатында экспортпен айналысатын халықаралық компаниялармен энергия ресурстарын өндіру туралы келісімдер жасалды. Егер ел ішінде оны өңдеуді ынталандыру жөнінде шаралар қолданылмаса, Қазақстан Орта мерзімді перспективада отандық мұнай өңдеу зауыттары үшін мұнай тапшылығына тап болуы мүмкін. Өндірілген уран толығымен экспортталады;

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі: