Көптеген елдердің экономикасын тез өзгеретін даму үрдістері инновациялық қызметті және экономиканың нақты секторын ұйымдастыруға бағытталған инвестицияларды мемлекеттік реттеу үшін ұтымды тәсілді талап етеді. Сонымен қатар, инновациялық даму жүйесіндегі қазіргі заманғы мемлекеттік саясатты талдау үшін Қазақстан Республикасы экономикасындағы инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу механизмдерінің тиімділігін толық деңгейде бағалау қажет. Осыған байланысты, мақалада бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік жүйесінде Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу механизмдерін бағалау жүргізілген. Осы мақсатта сараптамалық бағалау жүйесі пайдаланылып, Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) Жа һандық бәсекеге қабілеттілік индексінің әдістемесі түрінде іске асырылды. Қазақстан Республикасының экономикасы бойынша ДЭФ рейтингіне, елдегі инновациялық қызметті жүзеге асыруды бағалауға зерттеу жүргізілді. Осылайша, зерттеудің мақсаты бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық жүйесіндегі Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу тетіктерін бағалау болып табылады. Зерттеу әдістемесі – синтез, контент-талдау, аккомодация, монографиялық әдіс, факторлық талдау, зерттеудің экономикалық-статистикалық әдісі. Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық жүйесінде Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу тетіктеріне жүргізілген бағалау экономикадағы инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу тетіктерінің тиімділігін толық шамада бағалауға мүмкіндік берді. Авторлар Дүниежүзілік экономикалық форумның халықаралық рейтингінің 2017-2018 ж.ж., 2013-2014 жылдарға қатысты субиндекстерін зерттей отырып, «инновация» субиндексін қоспағанда, Қазақстанда рейтингтің барлық субиндекстерінің және рейтинг факторларының («Негізгі талаптар» және «Бизнестің күрделілігі») төмендегені байқалады деген қорытындыға келді. Субиндекс макроэкономикалық конъюнктураның күрт нашарлауына байланысты айтарлықтай төмендеді, бұл авторлардың пікірінше, мұнай экспортынан түсетін кірістердің айтарлықтай шығындарына тікелей байланысты. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттік бюджет көрсеткіштерінің нашарлауына әсер етті.
Жаһандық бәсекеге қабілеттілік жүйесіндегі инновациялық қызметті реттеу механизмдерін бағалау