Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: С.Е. Булекбаева

Нәтижелер саны: 14


Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың шетелдік тәжірибесі
Аңдатпа:

Мақалада ауылшаруашылық өндірісін мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибесі қарастырылды. Авторлар Агроөнеркәсіп кешенінде болып жатқан инновациялық үрдістерді (биоресурстарды қолдануды) талдады және ауылшаруашылық саласындағы қаржылық қолдаудың негізгі бағыттарын анықтады.

Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Кластерлік даму Қазақстан Республикасы аймақтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде
Аңдатпа:

Бұл мақалада кластер, кластерлік дамудың ерекшелігі көрсетілді және Қазақстан Республикасының кластерлік дамудың құрылуы.

Журналдың шыққан жылы: 2012
Журнал нөмірі: 4(48)

Автомобиль жолдары – Қазақстан Республикасының көліқтік-коммуникациялық кешеңінің элементі
Аңдатпа:

Осы мақалада Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары дамуы сұрағы қарастырылған. Автомобиль жолдары дамуы қазіргі жағдайда талдауы өткізілген. Сонымен қатар автомобиль жолдарының дамуы аймақтық экономикаға әсерлігі.Автомобиль жолдарын дамуы жетілдіру жолдары ұсынылған.

Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 3(59)

«Ер Көкше», «Ер Қосай» жырларында қолданылған қару атауларының лингвомәдени сипаты
Аңдатпа:

Аталған ғылыми мақалада «Ер Көкше», «Ер Қосай» қазақ батырлар жырларындағы әскери лексиканың ерекшеліктері, оның ішінде қару түрлері мен оның қолданылу сипаты қарастырылған. Мақалада жырларда кездесетін кесу қарулары – найза, қылыш, сүңгі, зұлпықар, семсер және ату қаруы – садақ сөздері лингвистикалық талдау әдістері негізінде сараланды. Олардың батыр бейнесін жан-жақты ашудағы мақсат-мүддесі айқындалды. Ғылыми мақалада қазақ эпосындағы батырлардың қарулану мәселелері, әскери лексика жөнінде жазған ғалымдардың кейбір зерттеу жұмыстары қарастырылды. Аталған ғылыми еңбектердегі құнды деректер мақала жазу барысында басшылыққа алынды. «Ер Көкше», «Ер Қосай» жырларында қару түрлеріне қатысты сөздердің шығу этимологиясы, лексикасы, морфологиялық құрылымы талданды. Жыр мәтіндерінде қаруға қатысты кездесетін «сүңгі», «зұлпықар», «найза», «семсер», «қылыш», «бұхаржай» архаизм сөздеріне ерекше назар аударылып, олардың қолданылуы мен жасалу тәсілі, тілдік ерекшеліктерін ашу міндеті көзделеді

Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 3(59)

Екібастуз қаласының төтенше жағдайлар динамикасын бағалау
Аңдатпа:

Бұл жұмыста Екібастұз қаласы мен оның ауылды жерлердің төтенше жағдай динамикасына талдау жасалды. Табиғи және техногенді төтенше жағдай шығу негізгі себептері көрсетілген. Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар Басқармасының бес жыл кезеңіндегі тәжірибесіне негізделген талдау жасалды. Төтенше жағдайлардан материалдың залал көптеген миллионға жетеді. Төтенше жағдайды болдырмау және алдын алу үшін, ескерту шаралары ұсынылған.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 4(64)

Педагогикалық пәндерді оқытуда студенттердің кәсіби қабілеттерін қалыптастыру
Аңдатпа:

Бұл мақалада педагогикалық пәндерді оқыту барысында студенттердің кәсіби қабілеттерін қалыптастыру жолдары қарастырылады. Еліміздің білім беру жүйесіндегі жаңа заман талабына сай білім берудегі «құзыреттілік» және «тұлғалық» бағытта оқыту әдістері мен «құзыреттілік» анықтамасын зерттеген ғалымдардың көзқарастары сипатталады.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 4(64)

Автомобиль жолдарының құрылысында сапа менеджменті жүйесінің элементтерін енгізудің артықшылықтары
Аңдатпа:

Жол сапасын басқару тұжырымдамасының негізгі қағидалары анықталды және жүйені үш деңгейде басқаруды қамтамасыз ету үшін шешілетін міндеттер: стратегиялық, тактикалық және операциялық.

Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 4(68)

Қазақстандағы денсаулық сақтау секторын цифрландыру: негізгі кезеңдер, проблемалар және перспективалар
Аңдатпа:

Мақалада Қазақстанда цифрлық медициналық көмек көрсетудің дамуы талқыланып, даму қарқыны келешекте ақылды медицина қарқынды дамуын сенімділікпен болжауға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтауды цифрландырудың негізгі кезеңдері қарастырылған, ал қазіргі кезеңде оның даму ерекшеліктері мен проблемаларын сипаттайтын негізгі үрдістер бөлінді.

Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 2(70)

Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы банктік өтімділіктің жағдайы
Аңдатпа:

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының 2015-2018 жылдар аралығындағы екінші деңгейдегі банктерінің өтімділігіне талдау жасалады. Сондай-ақ, банк секторының өтімділігін реттеу процесінде Қазақстан Ұлттық Банкінің рөлі мен саясаты талқыланады

Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 3(71)

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды ұйымдастыру
Аңдатпа:

Бұл жұмыста мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды ұйымдастырудың теориялық және практикалық ерекшеліктері көрсетілген, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау рәсімдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.

Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 1(73)

Павлодар облысының кәсіпкерлік қызметінің дамуы: жағдайы мен мәселесін талдау
Аңдатпа:

Шағын және орта кәсіпкерлік қазіргі заманғы өндірістің маңызды құрамдас бөлігі ретінде экономикадағы бәсекелестік тонусты сақтауға көп ықпал етеді, нарық қағидаттары негізінде ұйымдастырылған әлеуметтік құрылымға табиғи әлеуметтік тірек береді, сонымен қатар кәсіпкерлердің жаңа әлеуметтік қабатын қалыптастырады. Тәуелсіз Қазақстан қалыптасқан сәттен бастап, кәсіпкерлік саласы әрқашан мемлекеттің басты назарында болды, ал «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты – кәсіпкерлікті ұлттық экономиканың жетекші күші ретінде жан-жақты қолдау – оның басым міндеттерінің қатарында айқындалды.Дамудың қазіргі кезеңінде Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес саласын мемлекеттік қолдау жүйесі экономиканың осы секторына жан-жақты қолдау көрсетуге арналған бірқатар институттар мен мемлекеттік бағдарламаларды қамтиды. Шағын және орта кәсіпкерлікті (ШОК) қолдау бойынша мемлекет қабылдайтын шараларға қарамастан, өңірлерде және Қазақстан Республикасында осы саланы дамыту тұтастай алғанда бірқатар елеулі, оның ішінде, жүйелік сипаттағы мәселелерге тап болады, бұл шағын және орта кәсіпкерлік саласының жай-күйін зерттеуді, мәселелерін анықтауды және сәйкестендіруді және даму перспективаларын айқындауды көздейді. Павлодар облысының ШОК дамуының жай-күйін, үрдістерін және болашағын зерделеу, өңір кәсіпкерлерінің қызметін ұйымдастыру мәселелерін анықтау және сипаттау. Жұмыста аймақтың кәсіпкерлік қызметінің жағдайы оның дамуының негізгі әлеуметтік маңызды көрсеткіштері тұрғысынан талданады, ШОК дамуының негізгі тенденциялары мен заңдылықтары анықталады және оларды қалыптастыратын себептер негізделеді. Кәсіпкерлік қызметтің дамуын тежейтін себептерді сәйкестендіру және негіздеу құралдарының бірі ретінде зерттеуде аймақтағы ШОБ субъектілерінің мәселлерін анықтау бойынша кәсіпкерлерге сауалнама жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша өңірдегі ШОК субъектілерінің басым мәселелерінің шеңбері анықталды, олардың Қазақстан Республикасының ШОК саласындағы ұқсас мәселелермен корреляциясына баға берілді және олардың дамуын қолдаудың мемлекеттік шаралары мәнмәтінінде кәсіпкерлердің негізгі күтулерінің ауқымы айқындалды.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Ірі қара малдың репродуктивті жүйесінің патологиялық ауруларын анықтау
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Зерттеу Павлодар облысындағы «Асылтас» шаруа қожалығында ірі қара малдың, жылқының, шошқаның және басқа жануарлардың буаздылығын ерте анықтауға және жануарлардың репродуктивті жүйесінің патологиясын анықтауға арналған. Зерттеу барысында буаздықты диагностикалаудың дәстүрлі клиникалық трансректальды және ультрадыбыстық әдістері қолданылып, жануарлардың ішкі ағзаларын ультрадыбыстық зерттеудің ерекшеліктері айқындалды. Осы мақалада ұсынған қорытындылар заманауи диагностикалық құралдарды (ультрадыбыстық) қолдану зерттелетін органдардың жағдайын көрнекі түрде көруге, патологияны дұрыс диагностикалауға және емдеу үрдісінде жануарлардың сауығу динамикасын бақылауға мүмкіндік береді. Аналық ұрықтандырудың оңтайлы уақытын анықтау, эмбриогенезді және репродуктивті органдардың жай-күйін қалыпты және жануарларда патология кезінде зерттеу үшін жүктілікті, жыныстық цикл сатысын барынша ерте, объективті, жедел және үнемді диагностикалау мақсатында мал шаруашылығы практикасында УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу) әдісін қолдануды ұсынамыз. Мақсаты: Ірі қара малдың репродуктивті жүйесінің патологиялық ауруларын анықтау. Әдістері: Зерттеулер «Асылтас» ШҚ шаруашылық жағдайында 2021–2022 жылдар аралығында жүргізілді. «Асылтас» ШҚ шаруашылығы сиырлардың екі тұқымына маманданған: қырдың қызыл және симментал, барлығы 100 бас. Қырдың қызылсиырларының сүт өнімділігі 2500-нан 3000 кг-ға дейін өзгереді, май мөлшері 3,3–4,1 %. Асыл тұқымды шаруашылықтардағы өнімділігі бойынша симментал тұқымы 3500 – ден 4500 кг-ға дейін, ал сүттің майлылығы 3,75-тен 3,8 %-ға дейін. Алғашқы ұрықтандыру 15–18 ай жасында жүргізіледі. Сиырлардың шамамен 75 % - ы жасанды түрде ұрықтандырылады. Сиырлардың 80 %-ы құрамында 20%-ға дейін сіңірілетін ақуыз бар құрама жеммен қоректенеді. Физиологиялық жағдайына және өнімділігіне байланысты сиырлар күніне 5–15 кг құрама жем және 7–20 кг шөп алады. Зерттеулер 5 сиырда жүргізілді. Буаздықты диагностикалаудың дәстүрлі клиникалық трансректальды және ультрадыбыстық әдістері қолданылды. Зерттеулер ірі қара малдың, жылқының, шошқаның және басқа жануарлардың буаздылығын ерте анықтауға және жануарлардың репродуктивті жүйесінің патологиясын анықтауға арналған. PS-301V ветеринарлық ультрадыбыстық сканері қолданылды. Нәтижелері және олардың маңыздылығы: Ауылшаруашылық жануарларының ішкі ағзаларының даму ауытқулары мен патологияларын және буаздылықтың мерзімін ерте анықтауға мүмкіндік беруіне байланысты ультрадыбыстық зерттеу әдісін ветеринариялық практикада кең қолданысқа енгізу болып табылады.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Қазақстандағы еңбек нарығының жағдайы: мәселелері мен тенденциялары
Аңдатпа:

Қазіргі еңбек нарығы белгілі бір мәселелердің болуымен сипатталады, олардың арасында жұмыс берушілердің кадр қажеттіліктері мен адамдардың кәсіби құзыреттіліктері арасындағы сәйкессіздікті атап өту қажет. Еңбек нарығының ерекшеліктерін қарастыру барысында еңбек нарығына тән ерекшеліктер, тенденциялар мен заңдылықтар көрсетіледі. Қазақстанның еңбек нарығының негізгі айырмашылығы жасырын жұмыссыздықтың жоғары деңгейі болып табылады, ол бір жағынан өндірісті кеңейту резерві болып табылады, ал екінші жағынан өндірісті кеңейтумен әлеуметтік қатынастарды тұрақсыздандырудың маңызды факторына айналуы мүмкін. Экономикалық жағдайдың нашарлауы. Осыған байланысты жұмыс күшінің ұсынысы мен оған сұраныс арасындағы сәйкессіздіктер мен қайшылықтарды жою жолдарын іздеудің өзектілігі артып келеді. Мақсаты - Қазақстанның қазіргі еңбек нарығына салыстырмалы талдау жасау, жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың негізгі көрсеткіштеріне шолу, соңғы бірнеше жылда еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздіктің өсу деңгейіне шолу жасау. Мақаланы дайындау және ондағы зерттелген мәселені негіздеу кезінде талдау, салыстыру, сипаттау, жалпылау, негіздеу, т.б. сияқты дәстүрлі әдістер қолданылды. Қазақстандағы еңбек нарығы саяси, экономикалық және әлеуметтік факторлардың әсерінен үнемі дамып отырады, бірақ даму жағынан әлі де қазіргі заман талаптарынан едәуір артта қалып отыр. Осы себепті жұмыспен қамту және жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау саласында көптеген шешімін таппаған мәселелер туындады. Еңбек нарығының ерекшелігі оның проблемалары ел басшылығының көзқарасында болуы керек екендігімен анықталады, әйтпесе реттелмеген мәселелер қоғамның негізгі өндіргіш күштерін – еңбек ресурстарын тиімсіз пайдалануға ғана емес, еңбек ресурстарының жоғалуына да әкелуі мүмкін. адам ресурстарының қысқаруына байланысты елдің бәсекелестік артықшылығы, сонымен қатар олардың күрделі әлеуметтік қақтығыстарға айналуы. Сондықтан халықты жұмыспен қамтуға байланысты мәселелерді тез арада шешу, еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің әдістері мен нысандарын жетілдіру және институционалдық өзгерістерді жүзеге асыру қажет. Халықты жұмыспен қамтуды арттыруға бағытталған мемлекеттік шараларды тиімді жүзеге асыру – ел Үкіметінің басты мақсаты. Макродеңгейдегі мемлекеттік жұмыспен қамту саясаты азаматтардың еңбек ету және өмір сүрудің жоғары деңгейіне қол жеткізу құқығын іске асырудың қажетті алғышарты ретінде толық жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Сондықтан халықты толық жұмыспен қамтуға жәрдемдесу – мемлекеттің стратегиялық мақсаты.

Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 4(88)

Ерекше балалардың интеллектуалдық және кәсіби қабілеттерін ашудың инновациялық тәсілдері
Аңдатпа:

Ерекше балалардың интеллектуалдық және кәсіби қабілеттерін ашу, ең алдымен, ұстаздар жасаған тілдік ортаға байланысты. Осыған байланысты ойлау мен іс-әрекеттің (ұғымдар, категориялар, ұғымдар) тиімді педагогикалық парадигмасын құру, оның үнемі жаңартылуын қамтамасыз ету міндеті тұр. Зерттеудің мақсаты - ерекше балалардың интеллектуалдық және кәсіби қабілеттерін ашу. Негізгі зерттеу әдістері: ВАК (дерексізден нақтылыққа көшу), НКА (дерексізден нақтылыққа ауысу), АС (дерексізден нақтылыққа және кері нақтылықтан дерексізге қайту), АКА (дерексізден нақтыға дейін және қайта дерексізге). және МЖӘ (мәтінмен жұмыс әдісі). Келіп түсетін ақпараттың 80-85 % адамның көру органдары арқылы қабылданады және біздің миымыз бірнеше функцияларды орындайды. Бірақ негізгі функция - алыпсатарлық, яғни ақпаратқа сіңген білім мәнін түсінуде. Мысалы, адам кемпірқосақты бақылай алады, бірақ оның табиғатын түсінбейді, білмейді. Тек болжамды түрде ол мәнін тани алады, яғни белгілі бір заңдылық, осы ерекше құбылыстың шығу сызбасы. Сонымен, білім – ақпараттан алынған адамның өзіндік ойлауының өнімі

Журналдың шыққан жылы: 2023
Журнал нөмірі: 3(91)