Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: Х.Х. Рафикова

Нәтижелер саны: 3


Торайлар ағзасының иммундық статусын реттеуде Ветом 1.1 ролі
Аңдатпа:

Осы мақалда жаңа тұған жануарлар ағзасының дамуына теріс әсер беріп, олардың өнімділігін төмендететін факторлар тұралы мәліметтер берілген. Осындай проблеманың шешу әдісінің бірі – пробиотикалық препараттармен қолдану, осы жағдайда Ветом 1.1 қолдану. Зерттеу әдістері ұсынылған, алынған мәліметтердің сараптамасы жасалған, осыған байланысты шошқа шаруашылығында Ветом 1.1 пробиотикпен қолдану жоғары тиімді деген шешім қабылданды

Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 3(71)

Ірі қара малды дегельминтизациялау кезінде авермектиндер тобы препараттарының тиімділігін талдау
Аңдатпа:

Ауылшаруашылық жануарлары паразиттерінің түрлері мен формаларының әртүрлілігі, олардың өмірлік циклдерінің ерекшеліктері антипаразиттік препараттардың әртүрлі түрлері мен формаларын өндіруге негіз болып табылады. Ауылшаруашылық жануарларының паразиттік ауруларымен күресу кезінде маңызды шарттардың бірі ветеринарлық дәрігерлердің қолданылатын құралдардың әсер ету механизмін, олардың тиімділігін және сонымен бірге адам мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін білуі болып табылады. Паразиттік ағзалардың жоғары патогенділігін, төзімділігін және олардың дәрілік препараттардың әсеріне бейімделу қабілетін ескере отырып, қолданылатын антигельминтикалық препараттардың, оның ішінде ветеринарлық қызметтер ұсынатын жаңа құралдардың тиімділігіне үнемі мониторинг жүргізу қажет. Бұл мақалада Павлодар облысы Ертіс ауданы Майқоңыр кентінде мал басын ұстау жағдайлары мен иммундық мәртебесін ескере отырып, "Ивермектин", "Ивермек", "Аверсект-1", "Аверсект-2", "Айвин" препараттарын қолдану тәсілдері, фармакодинамикалық және фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Ірі қара малды дегельминтизациялау және емдеу кезінде осы препараттардың тиімділігіне салыстырмалы талдау жасалды, оларды осы шаруашылық жағдайында қолдануға шектеулер мен ұсыныстар анықталды. Кең спектрлі осы препараттарды эксперименттік зерттеу асептиканың барлық ережелерін және қолдану жөніндегі нұсқаулықтарды сақтау шартымен жүргізілді. Аналогтар әдісі бойынша антигельминтиктермен өңдеуге жататын ІҚМ жас төлінің жалпы саны 150 басты құрады. Жануарларды антигельминтикалық препараттармен емдеу жылына екі рет-көктемде, наурыз-сәуір айларында жайылымға шығар алдында және қыркүйек-қазан айларында қораға шығар алдында жүргізілді. Сыналатын ірі қара малдың нәжісі сынамаларының гельминтокопрологиялық талдауы ҚР АШМ ВБжҚК РММ Павлодар облыстық филиалының Ертіс РВЗ-да овоскопиялық, флотациялық, ларвоскопиялық әдістермен жүргізілді. Бір жыл ішінде ірі қара малға дегельминтизацияны екі рет жүргізген кезде авермектиндер тобының антипаразиттік препараттарын қолдану тиімділігіне салыстырмалы талдау көрсетілген. Бұл препараттарды дегельминтизация және паразиттік аурулардың алдын-алу кезінде қолдану әдістері бойынша ұсыныстар ұсынылған, оларды қолдануға қойылатын талаптар анықталған.

Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 1(85)

Ірі қара малдың репродуктивті жүйесінің патологиялық ауруларын анықтау
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Зерттеу Павлодар облысындағы «Асылтас» шаруа қожалығында ірі қара малдың, жылқының, шошқаның және басқа жануарлардың буаздылығын ерте анықтауға және жануарлардың репродуктивті жүйесінің патологиясын анықтауға арналған. Зерттеу барысында буаздықты диагностикалаудың дәстүрлі клиникалық трансректальды және ультрадыбыстық әдістері қолданылып, жануарлардың ішкі ағзаларын ультрадыбыстық зерттеудің ерекшеліктері айқындалды. Осы мақалада ұсынған қорытындылар заманауи диагностикалық құралдарды (ультрадыбыстық) қолдану зерттелетін органдардың жағдайын көрнекі түрде көруге, патологияны дұрыс диагностикалауға және емдеу үрдісінде жануарлардың сауығу динамикасын бақылауға мүмкіндік береді. Аналық ұрықтандырудың оңтайлы уақытын анықтау, эмбриогенезді және репродуктивті органдардың жай-күйін қалыпты және жануарларда патология кезінде зерттеу үшін жүктілікті, жыныстық цикл сатысын барынша ерте, объективті, жедел және үнемді диагностикалау мақсатында мал шаруашылығы практикасында УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу) әдісін қолдануды ұсынамыз. Мақсаты: Ірі қара малдың репродуктивті жүйесінің патологиялық ауруларын анықтау. Әдістері: Зерттеулер «Асылтас» ШҚ шаруашылық жағдайында 2021–2022 жылдар аралығында жүргізілді. «Асылтас» ШҚ шаруашылығы сиырлардың екі тұқымына маманданған: қырдың қызыл және симментал, барлығы 100 бас. Қырдың қызылсиырларының сүт өнімділігі 2500-нан 3000 кг-ға дейін өзгереді, май мөлшері 3,3–4,1 %. Асыл тұқымды шаруашылықтардағы өнімділігі бойынша симментал тұқымы 3500 – ден 4500 кг-ға дейін, ал сүттің майлылығы 3,75-тен 3,8 %-ға дейін. Алғашқы ұрықтандыру 15–18 ай жасында жүргізіледі. Сиырлардың шамамен 75 % - ы жасанды түрде ұрықтандырылады. Сиырлардың 80 %-ы құрамында 20%-ға дейін сіңірілетін ақуыз бар құрама жеммен қоректенеді. Физиологиялық жағдайына және өнімділігіне байланысты сиырлар күніне 5–15 кг құрама жем және 7–20 кг шөп алады. Зерттеулер 5 сиырда жүргізілді. Буаздықты диагностикалаудың дәстүрлі клиникалық трансректальды және ультрадыбыстық әдістері қолданылды. Зерттеулер ірі қара малдың, жылқының, шошқаның және басқа жануарлардың буаздылығын ерте анықтауға және жануарлардың репродуктивті жүйесінің патологиясын анықтауға арналған. PS-301V ветеринарлық ультрадыбыстық сканері қолданылды. Нәтижелері және олардың маңыздылығы: Ауылшаруашылық жануарларының ішкі ағзаларының даму ауытқулары мен патологияларын және буаздылықтың мерзімін ерте анықтауға мүмкіндік беруіне байланысты ультрадыбыстық зерттеу әдісін ветеринариялық практикада кең қолданысқа енгізу болып табылады.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі: