Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: автожолдар

Нәтижелер саны: 3


Автомобиль жолдары – Қазақстан Республикасының көліқтік-коммуникациялық кешеңінің элементі
Аңдатпа:

Осы мақалада Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары дамуы сұрағы қарастырылған. Автомобиль жолдары дамуы қазіргі жағдайда талдауы өткізілген. Сонымен қатар автомобиль жолдарының дамуы аймақтық экономикаға әсерлігі.Автомобиль жолдарын дамуы жетілдіру жолдары ұсынылған.

Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 3(59)

Павлодар облысының көлік инфрақұрылымын даму көрсеткіштеріне шолу
Аңдатпа:

Кез келген ел ішінде, сондай-ақ басқа елдерде де көлік инфрақұрылымының жағдайы экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа байланысты. Көлік инфрақұрылымын мақсатты дамыту үшін аумақтарды дамыту мемлекеттік бағдарламасын тікелей және түпкі нәтижелердің көрсеткіштері қойылады. Көлік инфрақұрылымының жағдайы сол көрсеткіштерге жету талдау негізінде бағаланады. Мақалада Павлодар облысының даму бағдарламасы бойынша көлік инфрақұрылымын тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштерін талдау тәсілдерін қарастырады.

Автор: А.Н. Ертаева
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 4(64)

Қазақстан жолдарындағы интеллектуальды көлік жүйелерін қолдану
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Қазақстанда «Зияткерлік көлік жүйесін» құру жұмыстарының атқарылу барысы, жол шаруашылық саласын дамыту, жаңғырту баяндалады. Бірнеше көлік дәліздердің, жаңа жобалардың экономикалық, әлеуметтік тиімділігі талданды. Шетелдегі атаулы мемлекеттердің көлік дәлізі, логистикалық қызмет көрсету әдістері ұсынылды. Мақсаты: Елбасы Жолдауында халық тұрмысының барлық салаларын, соның ішінде Қазақстанның көлік саласын цифрландыру мәселелеріне айрықша мән берді. Қазіргі уақытта ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Зияткерлік көлік жүйесін» құру жөнінде жұмыстар атқарылып жатыр (ITS). ITS мақсаты – көлік процесінің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған көлік инфрақұрылымын, көлік құрылғыларын және пайдаланушыларды заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жүйелік ықпалдастыру. Әдістері: Тұжырымдамада ITS құрамына 11 компонент кіретін болады. Соның бірі, негізгі автомобиль дәліздерінде орнатылатын арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары (ААӨҚ) болып табылады. Аталған құрылғы қозғалыстағы көліктерді түйіспесіз өлшеп, негізсіз тоқтатуларды алып тастамақ. Биыл ААӨҚ-ның 10 бірлігі іске қосылмақ, ал 2020 жылға қарай олардың санын 46 бірлікке дейін жеткізу жоспарланған. Сондай-ақ, жолдағы ахуал жайында жүргізушілерді ақпараттандыруға мүмкіндік беретін жол қозғалысымен басқару жүйесі, автожолдар бойында метеостанция желісі арқылы жүзеге асырылатын климаттық жағдайларды болжау және талдау жүйесі, бейне-мониторинг және жол жүру ережесін бұзуды анықтауға арналған арнайы бейне камералар желісі, республикалық автожолдар желісін күтіп-ұстауға кететін шығындарды жабатын ақылы автожол жүйелері, т.б енгізілмек. Нәтижелері және олардың маңыздылығы: Олар кезең-кезеңімен 2021 жылға дейін енгізілетін болады. Бұл жобаның жүзеге асырылуы жолдағы адам өлімін қысқартуға, транзиттік тасымал көлемі мен логистикалық қызмет көрсету жылдамдығын арттыруға, негізгі автодәліздерді толығымен өлшеу құралдарымен қамтуға және де жолдарда жүргізушілер үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Мұндай жүйелер Оңтүстік Кореяда, Жапонияда, Австралияда, Еуропада және АҚШ-та жұмыс жасауда екен.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі: