Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: автокөлік

Нәтижелер саны: 3


Автомобиль көлігін электрмен жабдықтау жүйесінің тиімділігін арттыру
Аңдатпа:

Мақалада электр генераторларының шығыс кернеуі бойынша диагностикасы негізінде электр жабдықтарының жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету әдістерін жетілдіру арқылы автокөлік жұмысының тиімділігін арттыру жолдары қарастырылған. Диагностика ретінде бос тұрған режимде пайда болған кернеуге спектрлік талдау жасау және алынған нәтижелерден генератор элементтерінің күйін анықтау ұсынылады. Ұсынылған шешімдердің тиімділігі мұқият тексеру негізінде генератордың әртүрлі элементтерінің күйін анықтай алатын генератордың бөлінбейтін диагностикасы арқылы анықталады. Бұл әдіс генераторды жұмыстан шығаруды қажет етпейді, оның құрылымына тәуелді емес және генераторды күрделі пайдалану жағдайларында техникалық қызмет көрсетудің бастапқы кезеңінде генератордың жай-күйі туралы алдын-ала ақпарат алу үшін қолдануға болады.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 1(77)

Ақсу қаласының өндіріс орындарынан шығатын улы заттардың жүкті әйелдерге тигізетін әсері
Аңдатпа:

Қазіргі кезеңдегі ғылыми-техникалық прогресс пен өнеркәсіп өндірісі қарқынмен дамыған жағдайда қоршаған ортаны қорғау проблемасы өте өткір мәселеге айналып отыр. Қоршаған ортаның негізгі компоненттерінің бірі – атмосфералық ауаның ластануы қазіргі кезеңде адам денсаулығына, ауқымдыжәне аймақтық климаттық жағдайға айтарлықтай әсерін тигізуде. Ластаушы заттардың негізгі түрлері газ тәрізді заттар. Отын жанғанда, автокөлік қозғалысы кезінде көміртек оксиді бөлінеді. Ол өте улы газ. Қанның құрамындағы гемоглобинмен оңай әрекеттесіп, организміді улайды.Сондықтан, автокөліктерден және өндіріс нысандардан шығатын улы қалдықтарды азайтуөте өзекті мәселе болып отыр.

Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 4(72)
Түйінді сөздер: Зауыт, экология, адам ағзасы.

Қазақстандық автопромды, автокөлікті және логистиканы сандық жүйеге көшіру: ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілер
Аңдатпа:

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы автомобиль өнеркәсібін, автокөлікті және логистиканы сандық жүйеге көшіру мәселелері талданады. Негізгі акценттер автопромды, көлік пен логистиканы сандық жүйеге көшіруге алып келетін экономика мен қоғам үшін оң нәтижелерді қарауға, осы салалардағы міндеттер мен сандық жүйеге көшіру мазмұнын талдауға, автопромды, автокөлікті және жол логистикасын құқықтық реттеу болашағын осы салаларда сандық жүйеге көшіруді жетілдірудің ішкі заңнамалық және халықаралық-құқықтық құралдары түрінде талдамалық пысықтауға бағытталған. Алдағы уақытта қазақстандық заң шығарушы қабылдауы мүмкін қазақстандық заңдардың жеті жобасына негіздеме берілді. Ең маңызды және бірінші кезектегі заң жобаларына: «Сандық (креативті) экономиканы мемлекеттік басқару туралы», «Өндіру мен пайдалануда интеллектуалдық көлік жүйесін дамыту туралы», «Компаниялар, кәсіпорындар мен мекемелер қызметіне сандық жүйеге көшіруді енгізу туралы», «Барлық қазақстандық автомобиль жолдары бойындағы сандық технология негізінде логистиканы жетілдіру туралы» жатады.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі: