Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: агломерация

Нәтижелер саны: 2


Конвертерлік болат балқыту өндірісінің шаңынан түрлі түсті металдарды алу
Аңдатпа:

Мақалада болат өндірісінің конверторлы шаңдарынан мырыш пен қорғасынды хлоридті айдауда температура мен қысымның әсері бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Қазіргі уақытта объективті қажеттілік конверторлы болат өндірісінің шаңдарын пайдаға жарату технологиясын өңдеу, оны одан әрі қарай қосалқы өнімдерді өндіруде өндірісте қолдану болып табылады. Шаңдарды пайдалану табиғи шикізатты үнемдеп қана қоймай, сондай-ақ, өндіріс тиімділігін арттырып, экологиялық жағдайды жақсартады. Шаңдардағы түсті металдардың құрамы агломерация немесе домна өндірісі кезінде оларды өңдеуді және пайдалануды қиындатады, бұл кезде конвертерлік шаңдардағы (шламдардағы) темір мөлшері оларды перспективалы металлургиялық шикізат ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан, шаңды толық өңдеу үшін олардан түсті металдарды алу ұсынылады. Берілген жұмыстың мақсаты - хлоридті айдау әдісімен конвертерлі өндірістің шламдарынан мырыш пен қорғасын алу мүмкіншілігін анықтаудан тұрады. Жұмыста келесідей шаңдар қолданылды: 86,3 % Fe 2O3, 3,5 % FeO, 0,9 % Al 2O3 , 1,6 % CaO, 0,9 % MgO, 1,1 % MnO, 0,8 % SiO 2 , 4,4 % ZnO, 0,5 % PbO. Зерттеу 200-1600 градус С температура және 0,01; 0,1 және 1 бар қысым аралығында Гиббс энергиясының минимумды принципі негізінде «Outokumpu» финстік металлургиялық компаниясымен HSC-5.1 бағдарламалық кешенін пайдалана отырып, толық термодинамикалық талдау негізінде жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша, қалыпты қысым кезінде қорғасын хлоридін айдау 600 градус С температурада, ал мырыш – 900 градус С кезінде басталады, қысымды 0,01 барға дейін азайту температураны сәйкесінше 500 градус С және 700 градус С дейін төмендетеді; мырышты хлоридті айдау 90-96 % деңгейге жетуі үшін үрдісті 1145-1200 градус С кезінде және lgP = -2-ден 1,2 бар дейін қысымда жүргізу қажет, бұл кезде қорғасынды хлоридті айдау дәрежесі 99,8-100 % құрайды. Тең жағдайда қорғасын хлоридімен айдау мырышқа қарағанда анағұрлым толық басталады.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 2(78)

Бизнестің экономикалық қауіпсіздігін арттырудағы экономикалық кеңістік пен іскерлік желі факторлары
Аңдатпа:

Қазіргі экономика жағдайында бизнестің қауіпсіздігіне әсер ететін, бірақ компанияға қатысты сыртқы ресурстарға немесе мүмкіндіктерге қатысты маңызды факторлар пайда болады. Экономикалық ғылымдағы бұл ресурстар мен мүмкіндіктер макро-экономикалық (экономикалық өсу, инфляция, валюта бағамдары, мемлекеттік қолдау) және институционалдық параметрлермен (нормативтік-құқықтық база, транзакциялық шығындар) дәстүрлі түрде анықталды. Экономикалық кеңістіктің ерекшелігіне байланысты мүмкіндіктерді бағалау арқылы экономикалық кеңістік сапасы бизнестің экономикалық қауіпсіздігі тарапынан әсері аз зерттелген. Бұл жағдайда, экономикалық география саласындағы соңғы зерттеулерге сәйкес, экономикалық кеңістік бизнес агенттерінің қарқынды өзара әрекеттесуімен жергілікті нарықтарды құруға қабілетті құрылым құру алаңы ретінде әрекет етеді. Осы зерттеудің мақсаты - бірыңғай экономикалық кеңістікте іскерлік желілерді құру арқылы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады Зерттеу саласы экономикалық кеңістіктің сапасын анықтау үшін халықаралық практикада табысты пайдаланылатын экономикалық кеңістікті сипаттайтын көрсеткіштерге шоғырланған. Осы тәсілді іске асыру агломерация аймағын және ондағы іскерлік желілер кеңістігін анықтауға мүмкіндік беретін, алынған нәтижелерді визуалдауға арналған талдау, салыстыру, графикалық әдіс сияқты ғылыми зерттеудің дәстүрлі әдістерін пайдалануды талап етеді. Экономикалық кеңістікті бизнестің қауіпсіздігін арттыруда іскери желіні құруға қатысты қарастыру кезінде аймақтың экономикалық кеңістігінің сапасына назар аударылады. Экономикалық кеңістіктің сапасын бағалаудың ұсынылған әдістері белгілі бір кеңістікте іскери желілерді құру мүмкіндігін анықтау үшін белсенді қолданылады. Авторлар іскери желілер белгілі бір экономикалық кеңістікте бизнестің экономикалық қауіпсіздігін арттыруда шешуші рөл атқарады деген қорытындыға келді. Ұсынылатын шаралар кешені қосымша мүмкіндіктер береді және экономикалық кеңістіктің бизнес қауіпсіздігіне әсерін күшейтеді және барынша сыртқы қауіпсіздік аймағын құрады.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі: