Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: аминдер

Нәтижелер саны: 6


Коррозия ингибиторы ретінде қолданылатын аминдердің химиялық анализі
Аңдатпа:

Көмірқышқыл газы және күкіртсутектің әсерінен өндірісте қолданылатын жабдықтардың коррозиясы өрши түседі. Мұнай және газ өндірісінде коррозия жабдықтар мен саймандардың істен шығуына әкеледі, себебі олар көбінесе металдар балқымаларынан жасалған. Ингибиторладрды қолдану коррозияға қарсы шаралардың бірі болып табылады, бірақ оның концентрациясын міндетті түрде химиялық сараптама арқылы бақылап тұру қажет. Ингибитордың қалдық концентрациясын анықтау химиялық агенттің дұрыс дозасын есептеуде басты рөл атқарады. Аминдердің ең тиімді концетрациясын табу аса маңызды, себебі оның тым көп мөлшері, не жетіспеушілігі жабдықтың істен шығуына әкеледі. Химиялық сарапатаманы жүргізу мұнай өндіру саласындағы химиялық қоспаның күрделілігімен еркшеленеді. Осы мақаланың басты мақсаты -қолдағы бар әдебиетті заерттеу арқылы «тәтті» және «ащы» коррозиямен күресуге көмектесетін аминдердің қалдық химиялық сараптаманың ең тиімді әдісін табу. Сараптама берік, сезімтал, дәл құралда жүргізілуі тиіс. Газды өндіру үшін жоғары ұшқыш коррозия ингибиторлары, ал мұнай өндіру үшін молекулалық массасы жоғары агенттер қолданылатындығын ескеру қажет. Сондықтан газ-кен орны үшін қысқа көмірсутекті тізбегі бар немесе циклдік құрылымы бар аминдер, ал мұнай кен орны үшін ұзын көмірсутек радикалы бар аминдер алынады. Мұнай және газ өндіру саласында коррозия ингибиторлары ретінде қолданылатын аминдердің құрамын және механизмін теориялық түрде зерттей отырып, химиялық сарапатама үшін замануи тиісті аспаптық талдау әдістерін салыстыра отырып, аминдердің концентрациясын анықтайытын ең тиімдісін таңдау. Қазіргі заманғы аспапатық талдау әдістерін мұқият зерделеуден кейін, сенімділік, уақытты үнемдеу, бағасы жағынан ең тиімді әдісті таңдалды. Ионды хроматография күкірсутек пен көмірқышқыл газы тудыратын коррозияға қарсы пайдаланылатын аминдердің химиялық сарапатмасы үшін ең тиімді әдіс болып табылады. Сонымен қатар, мақалада аминдердің ионды хроматографиясын сәтті жүргізу үшін негізгі параметрлер талқыланып, ұсынылды.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Ресей мен Қазақстанда фортификацияланған тамақ өнімдерін өндірудің қазіргі жай-күйі мен перспективалары
Аңдатпа:

Мақалада Қазақстан мен Ресейде фортификацияланған (байытылған) тамақ өнімдерін өндірудегі перспективалық бағыттар қарастырылады. Авторлар Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы аумағындағы фортификацияланған нан-тоқаш өнімдері өндірісінің қазіргі жай-күйіне талдамалық шолу жүргізді. Микроэлементтер жетіспеушілігіндегі ең көп таралған салдардың бірі – анемия екендігі сипатталған. Анемиямен байланысты мәселелер адамдардың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін ауыр асқынуларға әкеледі. Диетадағы фолий қышқылы мен дәрумендердің жетіспеушілігі жүрек-қан тамырлары ауруларының, ана мен бала өлімінің себебі болып табылады. Ұлт денсаулығына теріс әсер ететін өмір салтына, әдеттеріне немесе табыс деңгейіне қарамастан, Ресей мен Қазақстан халқының барлық топтарының тамақтануындағы елеулі ауытқулар туралы мәселе қарастырылады: орташа өмір сүру ұзақтығы қысқарады, еңбекке қабілетті халықтың өнімділігі мен ауруларға төзімділігі төмендейді. Зерделенген отандық және шетелдік техникалық әдебиеттер, патенттік ақпарат негізінде Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасында фортификацияланған тамақ өнімдерін өндірудің қазіргі жай-күйі мен перспективаларына талдамалық шолу жүргізілді. Авторлар азық-түлікті фортификациялау – бұл тағамның қоректік сапасын жақсарту және адам денсаулығына жағымды әсер ету үшін азық-түліктегі витаминдер мен микроэлементтердің құрамын мақсатты түрде арттыру тәжірибесі екенін көрсетті. Авторлар қазіргі уақытта көптеген елдерде микронутриенттердің, оның ішінде Темірдің тапшылығы мәселесін жаппай тұтынылатын тамақ өнімдерін дәрумендер мен минералдармен байыту арқылы қалай тиімді шешуге болатындығы туралы мәселені қарастырды. Бидай ұнын темірмен фортификациялау процесі басқа микроэлементтермен және дәрумендермен бірге талқыланды, бұл темір тапшылығы анемиясы мен микронутриенттердің жетіспеушілігін болдырмауға арналған басқа стратегиялармен салыстырғанда бірқатар айқын артықшылықтарға ие. Премикспен фортификацияланған ұнды тұтынудың әдеттегі деңгейінде витаминдер мен микроэлементтерге орташа тәуліктік қажеттіліктің 30-50 %-ын қанағаттандырады. Фортификация ұнның органолептикалық және басқа да қасиеттеріне әсер етпейді және жанама әсерлер тудырмайды. Осы проблема бойынша материалды зерттеу барысында маңызды аспект тек жоғары және бірінші сұрыпты ұн байытуға жататындығы анықталды, оны дайындау кезінде астық микронутриенттердің (дәрумендердің) ең көп мөлшері бар қабықтан тазартылады, байытылған ұнның сақтау мерзімі алты айды құрайды. Авторлар Ресей мен Қазақстанда осы проблеманы шешудегі ұтымды жолдарының бірі - халықтың барлық топтары үшін күнделікті және жаппай сұраныстың байытылған өнімдерінің ассортиментін кеңейту және технологияларын әзірлеу болып табылады деген қорытынды жасады.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Табиғи хош иісті дәмдеуіш қоспалары бар жемісті көкөніс жартылай фабрикаттарының технологиясын жетілдіру
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Қазақстан Республикасындағы экологиялық жағдайдың күрт нашарлауы, адам өмірімен және оның құрамында витаминдер бар отандық жеміс-көкөніс өнімдерін жеткіліксіз тұтыну арқылы тұтынылатын тағамның сапалық құрамына, сілтілі минералдар, көмірсулар, өсімдік ақуыздары, пектиндік заттар және белсенді талшықтардың, қоршаған ортаға зиянды факторлардың әсер етуімен байланысты. Жемістер мен көкөністерді өсіру мен өңдеудің сапасын арттыру мәселесі Қазақстан Республикасының азық-түлік тәуелсіздігінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Осы уақытта Қазақстан Республикасында көкөніс өсіретін ірі шаруашылықтардың үлесі 10 %-ды ғана құрайды. Қазақстанда жеміс-көкөніс дақылдарын өнеркәсіптік өңдеу көлемі мардымсыз. Еліміздегі отандық жеміс-көкөніс өнімдеріне деген сұранысты тек 35-40 % қанағаттандырады, оның көп бөлігі Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай сияқты елдерден импортталады. Қазақстанда органикалық көкөніс өсіруді дамыту және адам ағзасынан улы заттар мен радиоактивті элементтерді байланыстырып, алып тастай алатын пайдалы және белсенді заттардың жеткілікті мөлшері бар отандық жеміс-көкөніс өнімдерінің жаңа түрлерін құру қажет. Мақсаты: жемістер мен көкөністердің табиғи дәмдеуіштері мен хош иісті қоспалары бар жартылай фабрикаттарының технологиясын жетілдіру, көкөніс қоспаларының көп компонентті рецептурасын және жоғары сапалық көрсеткіштері бар тез мұздатылған көкөніс қоспаларын өндіру әдісін әзірлеу. Әдістері: Зерттеу нысаны ретінде тез мұздатуға бейімделген қырыққабат, қолшатыр, түнгі және бұршақ дақылдарының ботаникалық тұқымдас көкөністерінің үлгілері, сондай – ақ Яснотков және имбирь тұқымдас хош иісті шөптері таңдалды. Сапа көрсеткіштерін анықтау үшін әдеттегі әдістер қолданылды. Нәтижелер және олардың маңызы: Бұл зерттеулер биогендік қосылыстардың құрамына көкөністер мен хош иісті өсімдіктердің химиялық құрамы, сондай-ақ функционалдық және технологиялық қасиеттерін зерттеуге бағытталған: көмірсулар, белоктар, витаминдер, эфир майлары, минералдар және басқа заттар. Өсімдік тіндерінің және ылғалдың, құрғақ заттардың, талшықтардың, моно- және дисахаридтердің, пектинді заттардың құрылымы зерттелді, С витаминінің массалық үлесі анықталды, ассортименттегі көкөніс қоспаларын өндірудің рецептурасы мен технологиясы жасалды, сапа көрсеткіштері анықталды.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Ет және сүйек-қауырсын витаминдік премиксті бройлер тауықтарының рационында қолдану тиімділігі
Аңдатпа:

Қазіргі заманғы өндірістік құс шаруашылығы, өнімді мал шаруашылығының ең қарқынды дамып келе жатқан саласы бола отырып, қысқа мерзімде және жыл мезгіліне қарамастан айтарлықтай көлемде өнім өндіруге қабілетті болып табылады. Осыған байланысты, құс шаруашылығы – елдің азық-түлік ресурстарын толықтырудың маңызды көздерінің бірі. Сонымен қатар, құс шаруашылығы өндіріс бірлігіне арналған жем-шөптің арзан болуына байланысты экономикалық тұрғыдан тиімді сала болып табылады. Азықтануға қарсы факторлардың теріс әсерін жеңу үшін (микотоксиндер, липидті тотығу өнімдері, амин қышқылдарының тепе-теңдігі, витаминдер, минералдар) құс рационында жаңа азықтық қоспалар қолданылады: пребиотиктер, симбиотиктер, пробиотиктер, қышқылдандырғыштар, хош иістендіргіштер және басқалар; жемнің дәмін жақсартатын, аурушаңдық пен құстың өлімін төмендетеді. Құстардың денесінде белсенділігі мен сіңімділігі жоғарылаған дәрумендердің, микроэлементтердің жаңа түрлерін қолдануға ерекше назар аударылады. Өндірісте жоғары өнімді құстар крестін енгізумен қоректік заттар мен биологиялық белсенді заттарға сұраныс нормаларын қайта қарау қажет болды. Бұл құстардың ақуызды, витаминді және минералды қоректенуіне де қатысты. Қазіргі уақытта құс етіндегі микроэлементтерге физиологиялық қажеттілік анықталды, қазіргі заманғы жоғары өнімді кресттер үшін қоспалардың кепілдендірілген нормаларын анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде. Премикстер өндірісінде микроэлементтердің жаңа көздерін іздеу жұмыстары жүргізілуде. Тауық бройлерінің рационында ет пен қауырсынды витаминді премиксті қолдану тиімділігін зерттей білу. Теориялық ақпаратты талдау және қорыту, жемшөп өнімінің сапасын анықтау әдісі, Гербер бойынша май құрамын анықтау әдісі. Бұл мақалада алғашқы құрамы мен жаңа протеин-витаминдік премиксті қолдану сызбасы, әзірленген қоспаны бағалау, оның құс ағзасына әсері, алынған өнімнің өнімділігі мен сапасы индикаторы ұсынылған. Жасалған ақуыз-витаминдік премиксті кешенді бағалау негізінде оны құс өсіруде қолдану сызбасы ұсынылады. Зерттеудің теориялық маңыздылығы онда қойылған ғылыми және практикалық мәселелер отандық құс өнімдерінің тиімділігін, бәсекеге қабілеттілігін және сапасын арттырудың шұғыл мәселелерін шешумен тікелей байланысты екендігімен анықталады. Жүргізілген зерттеу барысында алынған нәтижелер құс етіндегі ақуыз-витамин алмасуының ерекшеліктері, оны түзету әдістері мен құралдары туралы ақпаратты едәуір кеңейтеді. Жасалған премиксті пайдаланудың дамыған әдістерін алынған өнімнің өнімділігі мен сапасын арттыру үшін құс фабрикаларында қолдануға болады.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Балалар тағамына арналған гомогенизацияланған ет және көкөніс консервілерінің технологиясын зерттеу және әзірлеу
Аңдатпа:

Мақалада зерттелген ет және өсімдік шикізатын ұтымды пайдалана отырып, дәстүрлі органолептикалық сипаттамалары және оңтайлы құрылымдық-механикалық қасиеттері бар, ақуыз-май және аминқышқылдық құрамы бойынша теңдестірілген, тағамдық құндылығы жоғары соңғы өнімі бар жоғары сапалы өнімдер алу - өзекті тақырып болып табылады. . Адекватты тамақтануға қойылатын талап балалар тағамына арналған ет өнімдерінің рецептурасын әзірлеудің негізі болып табылады. Балалар тағамы өнімдерінің рецептурасын таңдаған кезде бала ағзасындағы зат алмасу үрдістерінің жас ерекшеліктерін ескеру керек, бұл ретте бала ағзасының қоректік заттар мен энергияға физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру керек, сонымен қатар биологиялық және физиологиялық заңдылықтарды ескеру қажет. Балалардың ағзасындағы тағамның ассимиляциясын ескеру керек, тамақты ассимиляциялаудың маңызды шарты - ағзадағы ферменттер мен тағамның химиялық құрамы арасындағы сәйкестік. Бұл ереже тағамды ассимиляциялаудың барлық кезеңдерінде сақталуы керек. Бұған ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың, витаминдердің, минералдардың теңгерімді қатынасын қамтамасыз ету үшін шикізатты іріктеу және оларды технологиялық өңдеу арқылы қоректік заттардың мақсатты теңдестірілуі арқылы қол жеткізіледі. Мақаланың мақсаты – ет және өсімдік шикізатын ұтымды пайдалану негізінде балаларға арналған гомогенді консервілердің технологиясын жасау. Зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде балалар тағамына арналған гомогенизацияланған ет және көкөніс консервілерінің физикалық-химиялық және органолептикалық сапа көрсеткіштерін бағалаудың стандартты әдістері қолданылды. Авторлар балалар тағамына арналған гомогенизацияланған ет және көкөніс консервілерін өндіру үшін ет және өсімдік шикізатын таңдау негіздемесін береді. Жаңа консервілердің физика-химиялық және органолептикалық сапа көрсеткіштері зерттелді. Жасымықтың құрылымдық-механикалық қасиеттеріне, сонымен қатар оның тағамдық және биологиялық құндылығының өзгеруіне консервілеудің технологиялық үрдістердің әсері анықталды. Ет және өсімдік шикізатын гомогенизациялаудың оңтайлы режимі таңдалды және негізделді. Балалар тағамына арналған гомогенизацияланған ет және көкөніс консервілерінің композициялық құрамын математикалық модельдеу жүргізілді. Жаңа консервілерді зарарсыздандыру режимдері негізделген. Балалар тағамына арналған дайын ет және көкөніс консервілерінің тағамдық және биологиялық құндылығы есептеліп, сапалық және сандық көрсеткіштері анықталды.

Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 4(88)

Қарбыз шырынын қосып ашытылған сүт өнімін дайындау технологиясы
Аңдатпа:

түрде пайдаланған кезде тұтастай алғанда немесе ағзаға реттеуші әсер ететін табиғи өнімдерді пайдалануды білдіреді. Оның нақты жүйелері мен мүшелері (иммуностимуляторлар, қан қысымын, холестерин деңгейін және т.б. биокорректорлар). Функционалды сүт өнімдерін жасау кезінде рецепттер тағамдық талшықтардың, витаминдер мен микроэлементтердің, органикалық қышқылдардың және басқа да биологиялық белсенді қосылыстардың көздері болып табылатын өсімдік тектес ингредиенттерді көбірек қамтиды, олар сонымен қатар дәм толтырғыштар ретінде де қызмет ете алады. Мақаланың мақсаты – бақша мәдениеті көкөністерінің сығындысын қосып ашытылған сүт өнімін дайындау технологиясын жасау. Ол үшін мыналар қажет болды: дайындалған сүтке енгізілген йогурт стартерінің мөлшерін (дозасын) таңдау, сондай-ақ сусынның ашыту үрдісіне температураның әсерін зерттеу; қоспаға енгізілген көкөніс толтырғышының мөлшерін (дозасын) және оның сусынның органолептикалық көрсеткіштеріне әсерін зерттеу; ашығанға дейін және ашытқаннан кейін оған қауын дақылы сығындысы қосылған сусынның органолептикалық қасиеттерін зерттеу; көкөніс толтырғышының ашыту үрдісіне әсерін зерттеу; өсімдік толтырғышының дозасының қышқыл түзілу процесіне әсерін зерттеу; сүт және көкөніс йогурттарына микробиологиялық зерттеулер жүргізу; сақтау кезінде сүт және көкөніс йогурттарының қышқылдығының өзгеруін зерттеу; сығындының химиялық құрамы мен биологиялық құндылығына мұздату үрдісінің әсерін зерттеу.Жұмыстың практикалық бөлігін орындау кезінде физика-химиялық, органолептикалық және микробиологиялық зерттеулер қолданылды. Орындалған жұмыстардың нәтижелерін талдай келе, ашытылған сүт өнімдерін дайындау технологиясына асқабақ сығындысын қосу арқылы барлық физика-химиялық көрсеткіштерге сәйкес келетін жаңа ашытылған сүт өнімін алуға болады деген қорытындыға келдік, органолептикалық және микробиологиялық талаптар.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі: