Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: ақылды аяқкиім

Нәтижелер саны: 4


Қазақстандағы денсаулық сақтау секторын цифрландыру: негізгі кезеңдер, проблемалар және перспективалар
Аңдатпа:

Мақалада Қазақстанда цифрлық медициналық көмек көрсетудің дамуы талқыланып, даму қарқыны келешекте ақылды медицина қарқынды дамуын сенімділікпен болжауға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтауды цифрландырудың негізгі кезеңдері қарастырылған, ал қазіргі кезеңде оның даму ерекшеліктері мен проблемаларын сипаттайтын негізгі үрдістер бөлінді.

Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 2(70)

Қоғамдық тамақтандыру саласында молекулярлы өнімдерді жасауда инновациялық тәсілдеме мүмкіндіктері
Аңдатпа:

Бұл мақалада молекулярлы тамақтандыру өнім технологиясының инновациялық бағыты қарастырылған. Ет өнімдерін гель түріндегі жартылай сфера жасалуы үшін түп негіздің желефикация мен сферификация үдерістері зерделенген

Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 1(73)

Заманауи технологиялар – интерьер дизайнындағы инновациялық мәселелерді шешу тәсілі ретінде
Аңдатпа:

Мақалада қазіргі заманғы жарықтандыру технологиялары мен энергия үнемдеу факторларын талдауға негізделген шығармашылық дизайн идеяларын жүзеге асыруға ықпал ететін заманауи технологиялар қарастырылады. Бұл мақалада заманауи дизайнның мақсаты - адамның қоршаған ортасын жаңарту арқылы жаңа кеңістік пен құндылықтар құру ретінде анықталады деген болжам бар. Бұл гипотезаны растау үшін жарықтандыру технологиясы мен электрониканы, тұжырымдамалық және көркем жобалау мәселелерін шешуде қолдану негіздемесі болуы керек. Ғылыми зерттеулер кафе интерьерін жобалау мысалында дизайнерлік шешімдерді қабылдау әдістемесіне және шығармашылық қиял мен дизайнердің жаңа тұжырымдамалық шешімдерін іске асырудың жаңа жолдарын ашуға негізделген. Автор интеллектуалды кеңістік, процесс ретінде интерьер, интеграцияланған жарық жүйелері, ішкі кеңістікті ақпараттандыру, безендірудің жаңа әдістері, т.б. терминдерді қарастырады және дәлелдейді. Функционалды міндеттер тұрғысынан жобалау жағдайларын талдау мысалдары келтірілген, жобалық шешімдер қабылдау кезіндегі талаптардың жіктелуі негізделген. Интерьердегі жарықтандыру технологиялары интерьерді қалыптаудың эстетикалық және технологиялық принциптерін біріктіретін барлық міндеттерді шешетін құрал ретінде қарастырылады. Қазіргі заманғы технологиялар дизайнердің құралы ретінде қарастырылады, оны дизайнның ғылыми жетістіктер мен инновациялық технологиялардың тұтынушы ортасына өткізгіш ретіндегі рөлін түсіну үшін қолдану керек.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Авторлық аяқкиімді жобалауда инновациялық технологияларды қолдану
Аңдатпа:

Мақалада киім мен аяқ киім материалдары саласындағы инновациялық технологияларды қолдану мысалында ақылды заттарды жасау әдістері талқыланады. Пішінді қалыптастыру факторлары аксессуарлар мен аяқкиімдер арқылы өзінің имиджін қалыптастыратын жеке тапсырыс берушінің қалауы мысалында дәлелденеді. Автор аяқкиімнің эргономикалық факторларға байланысты арнайы функционалдық ерекшеліктеріне сүйене отырып, пішіндеу факторларын қарастырады. Дизайнер заманауи аяқкиімнің трансформациялану факторын, жаңа аяқкиімнің функционалдық сапаларының, сыртқы түрінің, дизайн ерекшеліктерінің өзгеруін болжай алады. Нәтижесінде осы түрлендірулерге сүйене отырып, жаңа эмоционалды бейне мен жаңа форма алады. Туфли формасы тапсырыс берушінің талабы бойынша трансформация факторына айналады. Мақалада осы аяқкиімнің функционалдық міндеттері, пластикалық сипаттамалары, техникалық және дизайнерлік міндеттері қарастырылған. Зерттеу әдістері ретінде мақалада трансформацияның мүмкін кезеңдері бар эксперименттік модельдердің нұсқалары ұсынылады, алдынала техникалық мәліметтер келтіріледі, әйгілі әлемдік дизайнерлердің аяқкиімнің инновациялық үлгілеріне салыстырмалы талдау жасалады, болашақта осы модельді дамыту туралы болжамдар орындалады. Зерттеу барысында тәжірибелік әдіс қолданылды. 12 16 жас аралығындағы топтардың артықшылықтарын ескере отырып, аяқкиімнің формасы жасалды, бұл тұтынушылар санатына сүйене отырып, біз аяқкиімді функционалды форма ретінде ұтымды түсінудің шегінен шыға алдық және оған фантастикалық образдың мағынасын бердік, тұтынушылардың осы жас тобы бұл форманы мағыналық және көркемдік контексте қарастыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, осы модельге «ақылды аяқкиім» тұжырымдамасын инвестициялай отырып, біз ауыстырылатын бөлшектерді қайта құру арқылы модификациялау және түрлендіру қабілетін ғана емес, аяқкиімнің элементтерін бір бүтінге біріктіре отырып, бір формадан екінші түрге жобалау және реинкарнациялау мүмкіндігін де қарастырдық, сонымен қатар тұтынушының шығармашылық әлеуетін дамыттық, ол өз қалауы бойынша құрылымды қалпына келтіре алады және іс жүзінде дизайнер ретінде жаңа модель қалыптастыра алады. Мақала әр түрлі қызмет салаларында оны одан әрі дамыту туралы болжамдар жасайды. Мысалы, медицина, спорт, өнер т.б. Жаңа материалдарды енгізуді қарастыра отырып, біз нанотехнология саласындағы жаңалықтарға сүйендік және осы модельдің мүмкін болатын ерекшеліктерінің қатарында түстің өзгеруі, материалдардың жарыққа, температураға реакциясы және т.б. Жоба қазіргі заманғы материалдардың формасы мен ерекшеліктерін жобалаудағы кең мүмкіндіктердің арқасында тұтынушылардың кең ауқымы үшін жасалатын осындай аяқкиімді жасауға бағытталған.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі: