Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: банки второго уровня

Нәтижелер саны: 2


Негізгі даму үрдістері нарығын қашықтықтан банктік қызмет көрсету: шетелдік тәжірибе
Аңдатпа:

Мақалада қашықтықтан банк қызметтерін көрсету саласын дамыту мәселелері қарастырылған. Осы жүйені енгізіп, қолдау арқылы болашақта банк қызметтері секторын дамыта отырып, банк сатылымдарының әдеттегідей арналарын қашықтықтан ұйымдастырылатындарға ауыстыру мүмкіндігі туындайды. Авторлар жалпы қашықтықтан банк қызметтерін көрсету ұғымының мән-мағынасын ашып, тарату арналарына қатысты оның негізгі түрлерін анықтаған. Шет елдерінде кеңінен тараған қашықтықтан банк қызметтері нарығының бағалауы жасалып, осы саланы дамытуда орын алатын ерекше үдерістері мен проблемаларын сипаттайтын негізгі тенденциялары белгіленген.

Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 1(65)

Цифрландырудың қазақстандық банк қызметтері нарығына әсері
Аңдатпа:

Негізгі проблема: Соңғы жылдары әлемде қызметтің барлық салаларында цифрландырудың кең тараған әсері мен жүзеге асырылуы байқалады. Қаржы секторы бұл үрдістің әсерін көбірек сезінуде. Бүгінгі таңда банктер цифрлық инновацияларды қолдануда осы секторда көшбасшы болып табылады. Әлемдегі болып жатқан оқиғаларға байланысты банктер өз өнімдерін трансформациялауға мәжбүр болды. Интернет-банкинг, чат-боттар, контактісіз төлем жүйелері, биометриялық сәйкестендіру технологиялары және т.б. сияқты өнімдер мен қызметтер пайда болады және үнемі жаңартылып отырады. Мақалада цифрлық банкинг өнімдерінің дамуының негізгі тенденциялары және олардың банктердің қызметіне әсері талқыланады. Мақсаты: Жаңа цифрлық банктік өнімдерді және банк секторы қызметтің негізгі көрсеткіштерінің әсерін зерттеу және бағалау. Әдістері: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық-статистикалық базасы негізінде банк секторы қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау жасалды. Нәтижелері мен маңыздылығы: Жаңа цифрлық банктік өнімдерді дамытудың бағыттары мен тенденциялары зерделеніп, Қазақстан Республикасының банк секторының тиімділік көрсеткіштері салыстырылды.

Журналдың шыққан жылы: 2023
Журнал нөмірі: 4(92)