Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: виды игр

Нәтижелер саны: 6


Тюмень облысындағы мигранттардың әлеуметтік проблемалары: әлеуметтік өлшеу
Аңдатпа:

Мақалада Тюмень облысында тұратын 1200 респонденттен сауалнамалық жауап алу негізінде аймаққа Орталық Азия елдерінен келетін мигранттардың әлеуметтік мәселелері туралы қоғамдық пікірді зерттеу нәтижелерін, сонымен қатар сарапшылардың жауаптарын екінші рет талдау нәтижелері ұсынылған. Шетелдік азаматтардың келу және кетуін сипаттайтын статистикалық мәліметтер; шете елден қоныс аударғандардың қылмыстылық деңгейі талданады. Қоғамдық пікіртерімнің нәтижелері еңбек миграциясы саласындағы жағдай жалпы Ресей бойынша мигранттарға қатысты қоғамдық пікір сұрастыру статистикасына қарағанда анағұрлым жақсы деген тұжырым жасауға мүмкіндік берді.

Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Тюмень облысындағы мигранттардың әлеуметтік мәселелері: әлеуметтік өлшем
Аңдатпа:

Бұл мақалада Тюмень облысында тұрып жатқан 1200 респонденттің сауалнамалық пікіртерімі, сонымен қатар сарапшылар жауаптарының негізінде аймағымызға Орта Азия елдерінен келген мигранттардың әлеуметтік мәселелері туралы қоғамдық пікірді зерттеу нәтижелерінің қосалқы талдамасының қорытындысы ұсынылған. Шетел азаматтарының келуі мен кету үрдісін, шет елден қоныс аударғандардың қылмыс деңгейін сипаттайтын статистикалық деректер талданады. Қоғамдық пікіріді білу нәтижелері еңбек көші-қоны саласындағы жағдай жалпы Ресей бойынша мигранттарға қатысты қоғамдық пікір статистикасына қарағанда әлдеқайда жақсы екендігі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік берді.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Формирование коммуникативных навыков у детей дошкольного возраста 5–6 лет в условиях детского сада
Аңдатпа:

В дaнной стaтьe рaссмaтриваются oсoбеннoсти прoцесса фoрмирoвания коммуникативных навыков у детей 5–6 лет в условиях детского сада. Автор отмечает что, при формировании коммуникативных навыков у детей 5–6 лет возникает потребность в ситуативно-деловом сотрудничестве со сверстником. Содержанием общения становится совместная игровая деятельность, параллельно возникает потребность в признании и уважении сверстника. Расширение круга общения требует от ребенка полноценного овладения средствами общения, основным из которых является речь. Высокие требования к развитию речи предъявляет и усложнившаяся деятельность ребенка. Развитие речи идет в нескольких направлениях: совершенствуется ее практическое употребление в общении с другими людьми, вместе с тем речь становится основой перестройки психических процессов, орудием мышления. Также умение общаться формируется прижизненно и является результатом социального опыта.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 3(63)

Қазіргі әлемде диаспоралардың маңызы және олардың әлеуметтік-экономикалық және саяси үрдіске ықпалы
Аңдатпа:

Осы мақалада диаспоралардың қалыптастырылуы, олардың мәні мен әлеуметтік-экономикалық, саяси үрдістерге ықпалы, сонымен қатар қазіргі уақытта алатын орны мен мәні, ұлттық-аймақтық және мемлекеттің пайда болуына жасайтын ықпалы.

Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 3(67)

Еңбек ұтқырлығы арқылы кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері
Аңдатпа:

Аймақтық кәсіпкерлік туралы әдебиеттер адам капиталының аймақаралық ағындарын елемеуге тырысады, алайда кеңістікті ұтқырлық дамып келе жатқан кәсіпкерлерге кәсіпкерлік мүмкіндіктерді пайдалану үшін әртүрлі жерлерде білім мен желілерге мүмкіндік береді.Жүргізілген зерттеудің мақсаты ұтқырлық пен кәсіпкерлік арасындағы байланысты орнату болды. Көпсалалы тәжірибе мен жергілікті емес білімі мигранттардым үмкіндіктерге негізделген кәсіпкерлік кедеге нұмтылыспен қамтамасыз етеді. Аймақтық орта мен кәсіпкерлік себеп арасындағы байланыс көрсетілген, ол кеңістіктік ұтқырлық тәжірибесі бар және жоқ адамдар мүмкіншіліктеріне негізделген. Мигранттар мен жергілікті тұрғындардың кәсіпкерлік себептерінің сипаттамалары мен қозғаушы күштерін салыстыратын жұмыс күшінің динамикасын зерттеу мәліметтеріне талдау жасалды. Сауалнама жүргізілді, онда жергілікті әріптестерімен салыстыру бойынша кәсіпкер-мигранттар арасында мүмкіндіктерге негізделген кәсіпкерлік қызметтің жоғары таралғанын көрсетеді.Ресми қазақстандық статистика мәліметтері ішкі көшіп-қонушылардың олар көшіп келген аймақтың экономикасы мен әл- ауқатының дамуына әсерін ескермейді. Жүргізілген талдау мен сауалнама негізінде кеңістіктік ұтқырлық тәжірибесі мүмкіндіктерге негізделген бизнеске кіру ықтималдығын едәуір арттыратыны анықталды. Аймақтық орта мигранттардың емес, мигранттардың кәсіпкерлік себептеріне әртүрлі жолдармен әсер етеді. Жергілікті кәсіпкерлерге фирманың эндогендік сипаты көбірек әсер етеді, ал мигрант кәсіпкерлер жергілікті қажеттіліктерге де, нарықтық аймақтармен сыртқы байланысқа да негізделген бизнесті бастайды.Аймақтық орта мигранттар мен көшіп келмейтіндердің кәсіпкерлік мотивтеріне әсер етеді, бірақ кеңістіктегі ұтқырлық тәжірибесі мигранттардың мүмкіндіктеріне негізделген бизнесті бастау ықтималдығын едәуір арттырады.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Индустрия 4.0: еңбек нарығындағы қиындықтар мен мүмкіндіктер XVIII
Аңдатпа:

XVIII ғ. басталған өнеркәсіптік өндірісте бу мен механикаландырылған өндірісті пайдалану экономикада үлкен өзгерістер тудырды. Нәтижесінде өнімнің саны мен сапасының артуымен бірге өндіріс шығындары төмендеді. Осы кезеңде өндіріс қол еңбегінен механикаландыруға революциялық жолмен өтті. Индустрия 4.0-дің еңбек нарығына әлеуетті әсері әлі зерттелмеген ғылыми сала болып қала береді. Индустрия 4.0 жұмыспен қамту құрылымын өзгерту арқылы жұмыссыздыққа әкеледі және жұмыссыздық пен еңбек қатынастары тұрғысынан жаңа құрылымдық мәселелер тудырады деп есептеледі. Зерттеудің мақсаты: Индустрия 4.0-дің еңбек нарығына әсерін және әсердің салдарын анықтау болып табылады. Өндірістің даму эволюциясы зерттелді, электр энергиясымен жаппай өндіріс «Индустрия 2.0» дәуіріне алып келді, содан кейін цифрлық революция пайда болды, «Индустрия 3.0» өндіріс процестерінде электроника мен ақпараттық технологияны қолдану басталды. Халықаралық сарапшылардың, ғалымдардың пікірі бойынша автоматтандыру және роботтандырылған өндіріс біліксіз жұмыс күшіне үлкен әсер етеді және қоғамның осал секторларының, яғни әйелдер, мигранттар, жастар мен жұмыс күшінің қысқаруына алып келеді деп күтілуде. Бұл зерттеу төртінші өнеркәсіптік революцияның еңбек нарығына мүмкін әсерін бағалады. Индустрия 4.0-де қалыптасып келе жатқан тенденцияларға әдеби шолу және талдау жасау арқылы процестің тәуекелдері, мүмкіндіктері мен қиындықтары салыстырмалы түрде қарастырылады. Елдерде еңбек нарығының өзгеруін дұрыс қабылдауы және тиісті шаралар қойылуы керек екендігі анықталды. Әйтпесе, қолданылатын еңбекке негізделген арзан индустрияландыру моделі салыстырмалы артықшылығын жоғалтады.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі: