Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: демократия

Нәтижелер саны: 14


Сегізінші буынның синдромы: Жошы Улысы
Аңдатпа:

Бұл мақалада Евразия көшпенді мемлекеттерінің ерекшеліктері қарастырылған. Авторлардың пайымдауы бойынша көшпенді мемлекетте кез келген хан əулетінің басы,дамуы жəне соңы болады.. Əулеттің соңы сегізінші буыннан басталады.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Қазақстанның демократиялық саясаты
Аңдатпа:

Берілген мақалада Қазақстанның демократиялық саясатының теоретикалық аспектілерін ерекшеліктері қарастырады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайының талдауы мен мәселелері. Бұл мақалада демографиялық саясатының міндеттері және мемлекеттегі демографиялық жағдайдын жақсаруына әсер ететін жолдар ашылады. Бүгінгі танда халыққа жаңадан салынған үйлерді тиімді етіп салу мен сату ең басты назарда болмақ. Қазіргі таңда республиканы баспана алана айналдыра ртырып басшылық назарына сапаға көп көңіл бөледі.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 1(61)

Үкіметтік емес ұйымдар азаматтық қоғам институты ретінде
Аңдатпа:

Қазақстанның үкіметтік емес секторының қазіргі кезеңдегі дамуы азаматтық қоғамның қызмет жасауының, елдің тұрақты демократиялық даму жолында алға басуының, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудағы ең негізгі критерийлерінің бірі болып табылады. Осы мақалада үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық қоғамды дамытудағы басты міндеттері белгіленген. Қазақстан Республикасында азаматтық сектордың қалыптасуының және дамуының кезеңдері қарастырылған. Мемлекет Басшысының азаматтық қоғамға және үкіметтік емес ұйымдарға қатысты басты позициялары аталған.

Автор: К.Т. Шушаева
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 1(61)

Қазақстанның демографиялық жүйелері және олардың ерекшеліктері
Аңдатпа:

Бұл мақалада Қазақстанның демократиялық саясатының теоретикалық аспектілерінің ерекшеліктері қарастырылған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайының талдауы мен мәселелеріде зерттелген. Бұл мақалада демографиялық саясатының міндеттері және мемлекеттегі демографиялық жағдайдын жақсаруына әсер ететін жолдар ашылады. Демографияның тенденцияларын ескере отырып, жаңаша әдіс қолдану жағы тағы бар. Теоретикалық талдауларга әсер ететін жолдар ашылады.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің дамуы мен құрылымы
Аңдатпа:

Берілген мақалада Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінің құрылымы мен дамуының басты концепциялары қарастырылады. Жоғары білім беру жүйесінің басқармасының саясатын жуйеленуін қарастырады және уақыт өте өзгеріске ұшырайды. Ол басқарудыңжаңа әдістері және жауапкершілікке көңіл бөлуді қарастырады. Басқарудың демократиялық жолдары, жоғары оқу орындарында үлкен өзгеріске ұшырайды. Жоғары оқу орындары субъект болып келеді, сонымен қатар білім берудің жаңа жолдары ашылады. Ең негізгі ашынаулы факторлар ретінде жұмыс берушілер, академиялық қоғамдастықтар, түлектерді компоненттік түрде идентификациялау негізге алынады. Есесіне жұмыс беру аясында кәсіби тұрғыдан алғанда жоғары нәтижеге жетімен қатар, оны қамтамасыз ету керек.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)

Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі білім беру қызметтері нарығының жеке сегментінің дамуын мемлекеттік реттеу
Аңдатпа:

Мақалада мектепке дейінгі білім беру қызметтері нарығының жеке сегментін дамытуды мемлекеттік реттеу тетіктері және олардың мазмұны қарастырылады. Мектепке дейінгі қызмет көрсету саласын мемлекеттік реттеу құралдарының даму тенденциялары мен құралдарына, мектепке дейінгі білім беру қызметтері нарығының жеке сегментін дамытудағы негізгі проблемаларға және оларды шешу жолдарына талдау жасалды

Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 4(76)

Қырғыз Республикасында пробация қолданудың қазіргі мәселелері
Аңдатпа:

Автор бұл мақалада талдау жүргізіледі түсіну заңдылық жағдайында құқықтық мемлекет. Атап айтқанда, автор заңдылық құқықтық мемлекеттің негізгі принциптерінің бірі болып табылатындығын атап өтті. Сонымен қатар, демократиялық заңдарды нақты жүзеге асыру биліктің бөлінуі, демократизм, халықтың егемендігі, адам құқықтарын мойындау және кепілдендіру және т. б. сияқты өзге де заңнамалық бекітілген қағидаттарды жүзеге асыруға әкеп соқтырады. Автор қазіргі уақытта Қазақстан Республикасына қатысты құқықтық мемлекет идеясы өзінің жүзеге асырылу сатысында тұр деген қорытынды жасайды.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі және мемлекеттік биліктің өзге де органдары: өзара іс-әрекеттің проблемалық аспектілері
Аңдатпа:

Қазақстан Республикасында идеологиялық, әлеуметтік және саяси плюрализмге негізделген нарықтық экономика, демократиялық саяси жүйе және еркін азаматтық қоғам қалыптасып жатыр. Бұл конституциялық нормаларды дамытуға, Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін жаңа құқықтық институттардың алуан түрлілігіне өз түзетулерін енгізеді. Олардың қатарына Конституциялық Кеңес жатады. 2020 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына және республиканың бүкіл аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құрылғанына 25 жыл толды. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі билік үш тармағының ешқайсысына кірмейді және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады. Мақалада Қазақстанның Конституциялық Кеңесі Республиканың конституциялық құрылысының негіздерін, прокуратураның конституциялық қадағалауын, Президент билігінің институтын, функциялары мен құралдарын талдау қарастырылады, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің конституциялық-қадағалау органы ретінде ҚР Президенті, ҚР Парламенті және ҚР Үкіметінің өзара іс-әрекеттеріне талдау жүргізілді. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен мемлекеттік биліктің басқа да институттары арасындағы өзара іс-әрекетінің теориялық және практикалық мәселелерін кешенді талдау болып табылады. ҚР Конституциялық Кеңесінің қолданыстағы Заңнаманы конституцияландыру жөніндегі қызметін кешенді зерттеу – өзекті теориялық және практикалық мәселелердің бірі болып табылады. Ол түбегейлі қоғамдық реформаларды жүргізу кезеңінде қабылданған қолданыстағы Заңнаманың ауқымы мен сапасына, оны «түзету» және жетілдіру қажеттілігіне негізделген. Бұл тұрғыда, ғылыми талданып және ұғынуды қажет ететін Конституциялық Кеңеске маңызды рөл беріледі. Бұдан басқа, авторлар Конституциялық Кеңестің басқа мемлекеттік билік институттарымен өзара іс-әрекеттерін құру жолдарын зерделеп, ашып көрсетті, Кеңесте конституциялық іс жүргізуге бастамашылық жасау, ұйымдастыру-хаттамалық, ақпараттық рәсімдер, Конституциялық Кеңестің құрамын анықтау, Конституциялық Кеңестің шешіміне Мемлекет басшысының қарсылықтарын еңсеру салалары да қаралды. Мақалада қолданылатын институционалдық әдіс - Конституциялық Кеңестің мемлекеттік билік органдары жүйесінде мәні мен маңызын көрсетуге мүмкіндік берді.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 2(78)
Тақырып: Құқық

Қазақстандағы пенитенциарлық жүйенің жағдайы: тарихы және қазіргі заман
Аңдатпа:

Бұл ғылыми мақалада Қазақстан аумағындағы түрме тәрізді қылмыстық-атқару жүйесі түрінің пайда болу және даму тарихы қарастырылады, жазалау жүйесіне, оның мазмұнына, мақсаттарына, негізгі даму бағыттарына талдау жасалған, онсыз қылмыстық жазаларды орындау жүйесінің қалыптасу процесін қадағалау мүмкін емес. Мақалада жазалаудың мәжбүрлеу тәсілі ретінде әлеуметтік-таптық қайшылықтарды шешуде кеңінен қолданылатындығы атап көрсетілген. Дәстүрлі қазақ қоғамы патриархаттық-феодалдық болғандықтан, ол кландық жүйе институттарының (тапқа дейінгі қатынастар) және феодалдық формацияның (таптық қоғам) қатар өмір сүруіне имманентті болды, бұл құбылыстар антагонистік сипат ала алмады. Сондықтан патшалық Ресейге дейінгі кезеңде Қазақстан аумағында түрме болған емес. Мақалада Қазақстандағы түрме мекемелері жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы және дамуы тарихи-құқықтық тұрғыдан баяндалған. Авторлар осы мәселені мазмұнды зерттеу негізінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері, кез-келген басқа әлеуметтік институттар сияқты, қоғамдық дамудың қажеттіліктерімен тығыз байланыста дамыды деген қорытындыға келеді. Мақалада түрме қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін жүзеге асыруда жалпы өркениеттік тәсілдің әмбебаптығы қағидасының қолданылуы айқын көрсетілген. Қазақстандағы қылмыстық-атқару жүйесінің бүкіл даму тарихында алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі ескерілді. Авторлар кеңестік түрмелерде қылмыскерді қоғамнан қатаң оқшаулау тәжірибесі түзету әсері жеткіліксіз деп санайды. Шынында да, «poenitentiarius» (пенитенциарлық) терминінің латын тіліндегі мағынасы – «түзетуші» дегенді білдіреді. Осыған байланысты олар Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің түрмелерге қатысты ережелеріне түзетулер енгізуді ұсынады және әлемнің дамыған демократиялық елдерінің озық тәжірибесін ескере отырып, өз қызметіне түрмеге қамаудың прогрессивті жүйесінің кейбір үзінділерін қосады.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 3(79)
Тақырып: Құқық

Қазіргі қоғамдағы жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлі мен орны
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Жергілікті өзін-өзі басқару органдары-демократиялық мемлекеттегі құрылым негізінің ажырамас тетігі. Бүгінгі таңда жалпы қоғамдық қатынастар жүйесінде және экономикалық қарым-қатынастарда жергілікті өзін-өзі басқару жиі кездеседі. Бұл жүйе жеткілікті және сапалы деңгейде дамымаса, заңнамалық, қажетті мүмкіндіктер болмаса, жергілікті деңгейде экономикалық, әлеуметтік, тұрмыстық, мәдени және басқа мәселелерді шешу өте қиын болмақ. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары – бұл биліктің ерекше деңгейі, онда қоғамдық және мемлекеттік қағидаттары біріктіріледі. Конституциялық және әкімшілік құқықтың өзекті теориялық және тәжірибелік мәселелерінің ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың орны мен рөлін айқындау және мемлекеттік билік органдары мен өзін-өзі басқару органдарының, бір жағынан, жергілікті өкілетті және атқарушы құрылымдар мен институттардың теңгерімді өзара қарым-қатынасын бекіту аса маңызды мәнге ие болады. Мақсаты: қазіргі қоғамда жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлі мен орнын зерделеу, Қазақстанда жергілікті билік органдар дамудың болашақ көріністері мен құрылуы бойынша тәжірибелік нұсқаулықтар тұжырымдау. Әдістері: мақаланы жазу барысында суреттеу, сараптама және жинақтау, негіздеу, қисынды моделдеу, жүйелік сараптау және т.б. тәсілдер қолданылды. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттарын сараптау үшін жүйелік-талдағыш әдіс қолданылған. Жергілікті өзін-өзі басқарудың, сондай-ақ басқарудың функционалдық жүесінің құрылуын зерделеуде құрылымдық-талдағыш сараптама тәсілі қолданылды. Нәтижелері мен олардың маңыздылығы: жүргізілген зерттеу нәтижесінде алынған тұжырымдар мен ұсынымдар: Қазақстан Республикасы мәслихаттары мен әкімдіктерінің, мемлекеттік қызметшілердің тәжірибелік қызметінде; жоғары оқу орындарындағы курстарда оқу процесінде, сондай-ақ одан әрі жалпы теориялық және қолданбалы зерттеулер үшін пайдаланылуы мүмкін.

Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 2(86)

«Әскери коммунизм» кезеңіндегі Қазақстандағы мемлекеттік басқару тарихынан
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: ұсынылған мақалада «әскери коммунизм» кезеңіндегі Қазақстандағы кеңестік билік институттарының пайда болуы мен қызметі қарастырылады. Мұрағат материалдары мен жарияланған еңбектер негізінде авторлар Кеңестердің, революциялық комитеттердің қызметіне талдау жүргізілген. Қорытындылай келе, кеңестік билік институттарының пайда болуы мен мақсатын анықтайтын тұжырымдар жасалады. Мақсаты: 1918-1921 жылдардағы Қазақстандағы жергілікті басқару органдары эволюциясының негізгі тенденциялары мен ерекшеліктерін зерттеу. Әдістер: зерттеу тарихтік, ғылыми объективтілік және жүйелік құрылымдық-функционалдық талдау принциптеріне негізделген. Осыған байланысты біз келесі әдістерді қолдандық: кеңестік, партиялық және басқа да жергілікті органдардың басқарушылық қызметін қайта құру үшін тарихи реконструкция әдісі; жергілікті құбылыстар мен билік саласындағы үрдістерге қатысты жергілікті (аймақтық) ерекшеліктерді зерттеуге арналған оқшаулау әдісі; әр түрлі типтегі жергілікті билік органдарын анықтауға және сипаттауға мүмкіндік берген типологизация әдісі. Нәтижелері және олардың маңыздылығы: 1918-1921 жылдары азаматтық қарсыласу, «әскери коммунизм» және ЖЭС-тің басталуы кезінде Қазақстанда жаңа Кеңес үкіметінің органдары пайда болды және жұмыс істеді. Олардың іс-әрекетін, тіпті қысқа уақыт ішінде мұқият зерделеу, келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді: а) антидемократиялық мәні; ә) қатаң әлеуметтік бағдар; б) байырғы халықтың одан алыстауы; в) жанжалды жағдайлар жасауға имманентті қасиет; г) проблемалық жағдайды шешудің оңтайлы емес жолдары мен тәсілдерін таңдау; д) партия мен мемлекетті біріктіру процесі басталды: кез-келген лауазымды большевик қана иелене алады. Сайып келгенде, Конституцияда көзделмеген партиялық номенклатураның кеңейтілген және епсіз сыныбы пайда болды.

Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 4(88)

Құқықтық мәдениетті тиімді дамытудың құрамдас бөлігі ретінде білім алу құқығы
Аңдатпа:

Ұсынылған зерттеудің негізгі тезисі жаһанданудың қазіргі жағдайында азаматтардың білім алу құқығын жүзеге асыру қоғам мен мемлекеттің дамуының маңызды және қажетті шарты болып табылады. Білім алу құқығы әркімге білім, білік, дағды алуды, шығармашылық қабілеттерін дамытуды қамтамасыз етеді, мемлекеттік және қоғамдық институттардың тиімді жұмыс істеуіне, ұлттық қауіпсіздікке кепілдік береді, қоғамдағы тұрақтылықты бекітеді және демократиялық, әлеуметтік құқықтық мемлекеттің дамуына ықпал етеді. Зерттеудің мақсаты – халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасында білім алу құқығын конституциялық-құқықтық қамтамасыз етудің тұтас тұжырымдамасын әзірлеу және білім алу құқығын реттейтін отандық заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Әдістемелік негіз – зерттеу пәнін объективті талдауды қамтамасыз ететін философиялық-дүниетанымдық тәсілдер, принциптер, жалпы ғылыми және арнайы ғылыми әдістер жүйесі. Мақалада әркімнің білім алу құқығын қамтамасыз етуге мемлекет мүдделі екендігі негізделеді, өйткені бұл білікті еңбек әлеуетін қалыптастыратын, мемлекеттік істерді басқаруды тиімді жүзеге асыра алатын және оның тапсырмаларын орындай алатын кәсіби мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін білім. Өз кезегінде, әдетте, тұлғаның білім беру-біліктілік деңгейін арттыру жалақының өсуіне негіз болып табылады, бұл мемлекеттік бюджетке салықтарды аударудың ұлғаюына, оны толтыруға әсер етеді, демек, бұл мемлекет пен тұтастай қоғамның экономикалық өсуіне әкеледі. Мемлекеттегі білім беру жүйесінің тиімді жұмыс істеуі жұмыссыздықты азайтуға (оқушылар, студенттер жұмыспен қамтылған халық санатына жатады), мемлекеттік институттардың тыныс-тіршілігін, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әлеуметтік мемлекет құруға және қоғамдағы тұрақтылықты бекітуге ықпал етеді. Бұл мақалада қазіргі халықаралық тәжірибе контекстінде Қазақстан Республикасында білім алу құқығына ғылыми талдауды жүзеге асыруға ерекше назар аударылады. Мақалада бірқатар жаңа теориялық тұжырымдар мен ұсыныстар жасалады, атап айтқанда: жалпы (адам және азамат құқықтарының барлық санаттарына тән) және арнайы (конституциялық құқықтар жүйесіндегі білім беру құқығының ерекшелігін ашады)білім беру құқығының белгілері жіктеледі; білім беру құқығы принциптерінің тұжырымдамасы мен мазмұны, оның мәні мен дамудың жалпы бағытын анықтайтын негізгі принциптер, идеялар қандай екендігі анықталды.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:
Тақырып: Құқық

Қазіргі қоғамдағы жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлі мен орны
Аңдатпа:

Жергілікті өзін-өзі басқару органдары - демократиялық мемлекеттің құрылымдық негізінің ажырамас тетігі. Бүгінгі таңда жалпы қоғамдық қатынастар жүйесінде және экономикалық қарым қатынастарда жергілікті өзін-өзі басқару жиі кездеседі. Бұл жүйе жеткілікті және сапалы деңгейде дамымаса, заңнамалық, қажетті мүмкіндіктер болмаса, жергілікті деңгейде экономикалық, әлеуметтік, тұрмыстық, мәдени және басқа мәселелерді шешу өте қиын болмақ. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары - бұл биліктің ерекше деңгейі болып табылады, онда қоғамдық және мемлекеттік қағидаттары біріктіріледі. Конституциялық және әкімшілік құқықтың өзекті теориялық және тәжірибелік мәселелерінің ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың орны мен рөлін айқындау және мемлекеттік билік органдары мен өзін-өзі басқару органдарының, бір жағынан, жергілікті өкілді және атқарушы құрылымдар мен институттардың теңгерімді өзара қарым-қатынасын бекіту аса маңызды мәнге ие болады. Мақаланың мақсаты - қазіргі қоғамда жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлі мен орнын зерделеу, Қазақстанда жергілікті билік органдарының дамудың болашақ көріністері мен құрылуы бойынша тәжірибелік нұсқаулықтар тұжырымдау. Мақаланы жазу барысында суреттеу, сараптама және жинақтау, негіздеу, қисынды модельдеу, жүйелік сараптау және т.б. тәсілдер қолданылды. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттарын сараптау үшін жүйелік-талдағыш әдіс қолданылған. Жергілікті өзін-өзі басқарудың, сондай-ақ басқарудың функционалдық жүйесінің құрылуын зерделеуде құрылымдық-талдағыш сараптама тәсілі қолданылды. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде алынған тұжырымдар мен ұсынымдар: Қазақстан Республикасы мәслихаттары мен әкімдіктерінің, мемлекеттік қызметшілердің тәжірибелік қызметінде; жоғары оқу орындарындағы курстарда оқу үрдісінде, сондай-ақ одан әрі жалпы теориялық және қолданбалы зерттеулер үшін пайдаланылуы мүмкін.

Журналдың шыққан жылы: 2023
Журнал нөмірі: 3(91)

ҚР жастары арасындағы құқықтық тәрбие аспектілері
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Құқықтық тәрбиенің, құқықтық сананың теориялық аспектілерін дамыту. Құқықтық тәрбиенің ұйымдастырушылық формалары. Құқықтық сананы, құқықтық мәдениетті тәрбиелеудің формалары мен әдістері. Қазіргі кезеңде құқықтық мәдениеттің қалыптасу ерекшеліктері. Құқықтық мәдениетті, құқықтық тәрбиені жетілдіру мәселелері. Құқықтық тәрбие Мемлекет тұрғындарында адамның ерікті, саналы, бастамашыл, әлеуметтік және моральдық жауапты мінез-құлқын болжайтын жеке тұлғаның құқықтық белсенділігін ынталандыра отырып, құқықтық салада сенімділік пен дербестік сезімін қалыптастырады. Мақсаты: мақалада қазіргі жастарды құқықтық тәрбиелеу туралы айтылады. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру құралдары-құқықты насихаттау, азаматтардың құқықтық білімін дамыту, заңдылықты іс жүзінде нығайту, күшті заң ғылымының болуы, мемлекетте демократиялық, тиімді Конституцияның және заңдар мен заңға тәуелді актілердің жоғары құқықтық және техникалық-құқықтық сапасының арқасында қол жеткізілетін құқықтық актілер жүйесін жетілдіру. Әдістері: зерттеу әдістемесі және әдіснамасы. Зерттеудің әдіснамалық негізі: теориялық деңгейде де (жүйелік, салыстырмалы-құқықтық, формальды-құқықтық, тарихи талдау әдістері және т. б.), сондай-ақ эмпирикалық f статистикалық талдау, сауалнама, құжаттарды зерттеу, баспа басылымдары) шындық құбылыстарын ғылыми зерттеудің жалпы танылған әдістері; қылмыстық құқық теориясының негізгі ережелері, этика, философия, психология; ресми логика ережелері. Нәтижелері және олардың маңыздылығы: осыған байланысты мемлекет және құқық институты жанынан құқықтық оқыту мен тәрбиелеу мәселелеріне ғылыми зерттеулер жүргізуді, оқушы жастарға үздіксіз білім берудің барлық сатыларында Құқықтық жалпыға бірдей оқытудың мазмұны мен әдістемесін әзірлеуді қамтамасыз ететін Республикалық құқықтық тәрбие орталығын құру қажеттілігі туындады.

Журналдың шыққан жылы: 2024
Журнал нөмірі: 1(93)
Тақырып: Құқық