Аңдатпа:

Ұсынылған мақалада асқазан-ішек жолдары ауруларының алдын алу мақсатында пробиотиктер мен пребиотиктер бар ашыған сүт өнімдерін қолдану қажеттілігінің негіздемесі берілген. Сондай-ақ, ішек микрофлорасын қалыпқа келтіруге ықпал ететін пребиотиктері бар функционалды ашыған сүт сусынын дайындау әдісі ұсынылған. Тақырыптың өзектілігі Қазақстан Республикасының халқы арасында асқазан-ішек ауруларының кең таралуымен, бұл ішектің қалыпты микрофлорасын дамытуға қажетті қоректік заттардың жетіспеушілігімен, сондай-ақ пробиотиктердің кейбір түрлерінің тұрақсыздығымен байланысты, бұл оларды қолданудың тиімділігін төмендетеді.

Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 2(74)