Аңдатпа:

Жаһандану – біздің өміріміздің ажырамас бөлігі. Сондықтан, бүгінгі таңда шет тілдерін, атап айтқанда ағылшын тілін үйренудің өзектілігі күмән тудырмайды, өйткені шетелдік мәдениетке, білімге, саяхатқа, шетелде өмір сүруге және жұмыс істеуге деген қызығушылық артып келеді. Ағылшын тілі - ең көп таралған халықаралық байланыс тілі (ақпараттық технологиялар мен веб-кеңістікті қоса). Ағылшын тілін меңгеру білім алушыларға үлкен перспективалар ашады, алайда әрбір адам жоғары оқу орнына түсу кезінде оқытудың лингвистикалық бағытын таңдай бермейді. Ағылшын тілін меңгеру - бұл көп уақытты қажет ететін үрдіс. Лингвистикалық емес бағыттағы жоғары оқу орындарында студенттер үшін басты мәселелердің бірі – ағылшын тілі бейіндік пән немесе болашақ қызмет бағыты болып табылмайтын студенттер үшін тілді меңгеру үрей тудырады және психологиялық кедергі деп аталады. Тілдік үрей мен психологиялық кедергілерді жеңу педагогикалық психология мен жоғары оқу орындарының білім беру үрдісінде өзекті мәселе болып қала береді. Мақаланың мақсаты – сөйлеу дағдыларын оқыту әдістерін, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттау және шет тілін үйрену кезінде тілдік кедергілерді жоюды егжей-тегжейлі қарастыру. Зерттеудің әдіснамалық базасын Х.Ф. Макаев, О.С. Зорькина, В.П. Ипатова, Л.В. Баринков, Е.В. Зарубин, Е.И. Капутская, Е.И Пассов, Э.Г. Азимов, А.Н. Щукин және басқалар сияқты авторлардың еңбектері құрады. Мәселе бойынша ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді сыни талдау, оқытушылардың оң тәжірибесін зерделеу және қорыту; эмпирикалық ақпаратты жинау, эксперимент, деректердің сандық және сапалық талдауы. Зерттеу нәтижелері шет тілін үйренуге деген ынтасын арттыру мақсатында студенттермен психологиялық жұмыс үшін практикалық ұсыныстарды әзірлеу үрдісінде қолдана алады. Сонымен қатар, бұл нәтижелерді мұғалімдер білім беру үрдісінің тиімділігін түзету және арттыру үшін қолдана алады.

Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 2(86)