Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: комплекс «HSC- 5.1»

Нәтижелер саны: 3


Фибоначчи жепе-теңдігінің бір жинақтамасы
Аңдатпа:

Мақалада Фибоначчи (1170-1250) классикалық тепе-теңдігінің жинақтамасы берілді, және де осы жұмыста комплекстік сандар теория қолданылады. Нәтижесінде шыққан теңдіктер әмбебап түрінде берілді, сондықтан осы теңдіктер сандар теориясы, математикалық талдау, математиканың басқа да салаларында қолданды мүмкін.

Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 1(69)

Конвертерлік болат балқыту өндірісінің шаңынан түрлі түсті металдарды алу
Аңдатпа:

Мақалада болат өндірісінің конверторлы шаңдарынан мырыш пен қорғасынды хлоридті айдауда температура мен қысымның әсері бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Қазіргі уақытта объективті қажеттілік конверторлы болат өндірісінің шаңдарын пайдаға жарату технологиясын өңдеу, оны одан әрі қарай қосалқы өнімдерді өндіруде өндірісте қолдану болып табылады. Шаңдарды пайдалану табиғи шикізатты үнемдеп қана қоймай, сондай-ақ, өндіріс тиімділігін арттырып, экологиялық жағдайды жақсартады. Шаңдардағы түсті металдардың құрамы агломерация немесе домна өндірісі кезінде оларды өңдеуді және пайдалануды қиындатады, бұл кезде конвертерлік шаңдардағы (шламдардағы) темір мөлшері оларды перспективалы металлургиялық шикізат ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан, шаңды толық өңдеу үшін олардан түсті металдарды алу ұсынылады. Берілген жұмыстың мақсаты - хлоридті айдау әдісімен конвертерлі өндірістің шламдарынан мырыш пен қорғасын алу мүмкіншілігін анықтаудан тұрады. Жұмыста келесідей шаңдар қолданылды: 86,3 % Fe 2O3, 3,5 % FeO, 0,9 % Al 2O3 , 1,6 % CaO, 0,9 % MgO, 1,1 % MnO, 0,8 % SiO 2 , 4,4 % ZnO, 0,5 % PbO. Зерттеу 200-1600 градус С температура және 0,01; 0,1 және 1 бар қысым аралығында Гиббс энергиясының минимумды принципі негізінде «Outokumpu» финстік металлургиялық компаниясымен HSC-5.1 бағдарламалық кешенін пайдалана отырып, толық термодинамикалық талдау негізінде жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша, қалыпты қысым кезінде қорғасын хлоридін айдау 600 градус С температурада, ал мырыш – 900 градус С кезінде басталады, қысымды 0,01 барға дейін азайту температураны сәйкесінше 500 градус С және 700 градус С дейін төмендетеді; мырышты хлоридті айдау 90-96 % деңгейге жетуі үшін үрдісті 1145-1200 градус С кезінде және lgP = -2-ден 1,2 бар дейін қысымда жүргізу қажет, бұл кезде қорғасынды хлоридті айдау дәрежесі 99,8-100 % құрайды. Тең жағдайда қорғасын хлоридімен айдау мырышқа қарағанда анағұрлым толық басталады.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 2(78)

Палладий фосфинді кешенінің қатысуымен изобутиленді көміртек моноксидімен және спирттермен гидроментоксикарбонилдеу
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: қазіргі кезде негізгі өнеркәсіптік органикалық синтез және мұнайхимиялық өнеркәсіпте органикалық қосылыстарды алудың кең қолданылатын ең тиімді әдістерінің бірі көміртек моноксиді негізіндегі синтездер болып табылады. Бұл синтетикалық органикалық химияның маңызды саласы үздіксіз даму үстінде және оның жыл сайын тәжірибелік мәні өсуде. Пластикалық массаларды, синтетикалық талшықтарды, майлағыш майларды, еріткіштерді, жоғары октанды базалық бензиндерді және дәрілік препараттарды алу үшін құнды шикізат болып табылатын барлық оттекті органикалық қосылыстарды көміртек моноксиді негізінде іс жүзінде синтездеуге болады. Қазіргі заманғы әлемдік медицина тәжірибесінде 1000-ға жуық түрлі дәрілік препараттардың түрлері қолданылады. Ал медициналық практикада қолданылатын аса маңызды деген дәрілік препараттардың тізіміне 700-ге жуық атаулар кіреді. Әлемнің кез келген мемлекеті дәрілердің толық номенклатурасын өндіруге шамасы келмейді. Біздің мемлекетіміздің дәрі-дәрмекке деген қажеттілігі жылына 300 миллион АҚШ долларынан асады; қазіргі бар қуаттылықпен өз қажеттілігін тек 7 %-ға ғана қамтамасыз етеді. Ал қалғаны алыс және жақын шет елдерден импортталады. Мұнай мен газдың қорына бай Қазақстан Республикасында мұнайхимия саласының даму мәселесі өте өзекті болып табылады. Елдегі бар үш мұнай өңдейтін зауыттарда мұнай зауыттары газдарының көмірсутектік шикізаты негізіндегі мұнайхимиялық өндірістер саласы жоқ. Мұнайға бай Қазақстан үшін мұнай химиялық өнеркәсіптің қалыптасуы мен дамуы объективтік қажеттілік және бұл тек уақыт мәселесі. Мақсаты: изовалериан қышқылының ментил эфирін алу тәсілдерін жетілдіру мақсатында палладийдің фосфинді кешендері негізіндегі гомогенді каталитикалық жүйелер қатысында изобутиленді көміртек моноксиді және l-ментолмен гидрокарбментоксикарбонилдену реакциясын зерттеу болып табылады. Әдістері: органикалық синтез, гомогенді металкомплексті катализ, зерттеудің химиялық және физикалық әдістері. Нәтижелер мен олардың маңыздылығы: алғаш рет изобутиленді көміртек моноксидінің төменгі қысымында гидроментоксикарбонилдену реакциясындағы палладийдің фосфинді комплекстері негізіндегі түрлі жүйелердің каталитикалық активтілігі анықталды. Изобутиленді көміртек моноксиді және l-ментолмен палладийдің фосфинді комплекстері негізіндегі гомогенді каталитикалық жүйелер қатысында гидроментоксикарбонилдену реакциясының ықтималды жүру механизмі ұсынылды. Изобутиленді Pd(Acac)2-PPh3-TsOH, Pd(PPh3)4-PPh3-TsOH және Pd(PPh3)4-TsOH жүйелері қатысында көміртек моноксиді және l-ментолмен гидроментоксикарбонилдену реакциясын жүргізудің оңтайлы жағдайлары табылды.

Журналдың шыққан жылы: 2023
Журнал нөмірі: 3(91)