Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: контент-талдау

Нәтижелер саны: 5


Балаларға арналған телевизиялық өнімнің әлеуметтік жіктелуінің контент-талдауы («Балапан» телеарнасы материалдарында)
Аңдатпа:

Жұмыста контент-анализ негізінде «Балапан» телеарнасы өнімінің әлеуметтік жіктелуінің зерттеуі ұсынылған. Гендерлік қатыстылығы, жас категориясы, білімі, қызығушылығы, ұлты, тұрғылықты орны бойынша жіктелуі қарастырылған. Берілген критерийлер контент жасауда ескеріледі және баланың әлеуметтік тобына байланысты телеарнада әр түрлі жастағы көрермендерге арналған өнім пайда болады. Авторлар балалардың негізгі әлеуметтік топтарын көрсеткен және балаларға арналған телевизиялық контентті құрастыру кезінде қолданылатын стратегиялар мен әсер ету нысандары талдаған. «Балапан» балалар телеарнасы бағдарламаларының келесі кілтті қызметтік бағыттары анықталған: танымдық, оқытушылық және ойын-сауықтық. Авторлардың ойынша, ең алдымен балаларды телеэкрандағы ашық түсті аудиовизуальды сурет қызықтырады. Көрерменнің жасы ұлғайған сайын, оның телевизиялық өнімге деген түйсігі де саналы болып келеді.Әрбір жас ерекшеліктеріне (ерте мектепке дейінгі, ересек мектепке дейінгі, кіші мектеп жасындағы, жасөспірімдік жастағы және ерте балғын жастағы) деген әсер ету стратегиялары мен нысандары балаларға арналған телевизиялық контенттің жасалуы кезінде ескеріледі.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 1(61)

Коммерциялық телевизиялық жарнаманың қалыптасуы әлем үлгісінің құрылымы («Еуразия» Бірінші арнасы» материалында)
Аңдатпа:

Мақалада телевизиялық коммерциялық жарнама арқылы қалыптасаын әлемнің кеңістіктік-уақыттық және субъектті-объектті сипаттарының үлгісін сипаттау арқылы жарнама үлгісінің талдауы ұсынылған. Жарнамалық үлгіні сипаттау үшін автор «Еуразия» бірінші арнасы» телеарнасында көрсетілетін коммерциялық жарнама роликтерінің контент-талдауы келтірілген. Автордың ойынша ой-санаға белгілі бір құндылықтарды еңгізе отырып, жарнама белгілі бір өмір кейпін насихаттайды. Авторлар жарнаманы бұқаралық ақыл-есті жаулап алу механизмінің талдауы келтірілген. Жұмыста құндылықтарды жаулап алу, «рухани» жаулап алу – адам бойында белгілі бір идеалдар мен құндылықтарды қалыптастыру; зияткерлік жаулап алу; сезім арқылы жаулап алу т.б. талдаулары ұсынылған.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік жүйесіндегі инновациялық қызметті реттеу механизмдерін бағалау
Аңдатпа:

Көптеген елдердің экономикасын тез өзгеретін даму үрдістері инновациялық қызметті және экономиканың нақты секторын ұйымдастыруға бағытталған инвестицияларды мемлекеттік реттеу үшін ұтымды тәсілді талап етеді. Сонымен қатар, инновациялық даму жүйесіндегі қазіргі заманғы мемлекеттік саясатты талдау үшін Қазақстан Республикасы экономикасындағы инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу механизмдерінің тиімділігін толық деңгейде бағалау қажет. Осыған байланысты, мақалада бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік жүйесінде Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу механизмдерін бағалау жүргізілген. Осы мақсатта сараптамалық бағалау жүйесі пайдаланылып, Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) Жа һандық бәсекеге қабілеттілік индексінің әдістемесі түрінде іске асырылды. Қазақстан Республикасының экономикасы бойынша ДЭФ рейтингіне, елдегі инновациялық қызметті жүзеге асыруды бағалауға зерттеу жүргізілді. Осылайша, зерттеудің мақсаты бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық жүйесіндегі Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу тетіктерін бағалау болып табылады. Зерттеу әдістемесі – синтез, контент-талдау, аккомодация, монографиялық әдіс, факторлық талдау, зерттеудің экономикалық-статистикалық әдісі. Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық жүйесінде Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу тетіктеріне жүргізілген бағалау экономикадағы инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу тетіктерінің тиімділігін толық шамада бағалауға мүмкіндік берді. Авторлар Дүниежүзілік экономикалық форумның халықаралық рейтингінің 2017-2018 ж.ж., 2013-2014 жылдарға қатысты субиндекстерін зерттей отырып, «инновация» субиндексін қоспағанда, Қазақстанда рейтингтің барлық субиндекстерінің және рейтинг факторларының («Негізгі талаптар» және «Бизнестің күрделілігі») төмендегені байқалады деген қорытындыға келді. Субиндекс макроэкономикалық конъюнктураның күрт нашарлауына байланысты айтарлықтай төмендеді, бұл авторлардың пікірінше, мұнай экспортынан түсетін кірістердің айтарлықтай шығындарына тікелей байланысты. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттік бюджет көрсеткіштерінің нашарлауына әсер етті.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 2(78)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларының сапасын бағалауға әдіснамалық тәсілдер (халықты жұмыспен қамту саласы мысалында)
Аңдатпа:

Мемлекеттік жоспарлау және Өңірлік даму жүйесінің ресми танылған мәселелерінің бірі – мемлекеттік органдар қызметін іске асырудың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау әдіснамасының жетілдірілмеуі болып табылады. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен жергілікті уәкілетті органдардың есептері тікелей нәтижелердің абсолютті және кейде салыстырмалы мәндерін береді. Іс жүзінде экономикалық, әлеуметтік тиімділікті бағалау және қоғамға әсерді бағалау жүргізілмейді. Осыған байланысты авторлар мемлекеттік Бағдарламалардың сапасын (тиімділігін) бағалаудың әдістемелік тәсілдерін әзірледі (Қазақстан Республикасының «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы мысалында) өңірлік дамудың теориясы мен тәжірибесі үшін өзекті міндет болып табылады. Жұмыстың мақсаты -Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру сапасын бағалаудың әдіснамалық негіздерін зерттеу болып табылады (Қазақстан Республикасының «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының материалдары бойынша). Мақалада сапалық және сандық әдістердің бірлігін қамтамасыз ететін мәселелерді шешудің жүйелі тәсілі қолданылады: сапалы контент-талдау; ғылыми әдебиеттер мен заңнамалық базаны толығырақ шолуға негізделген зерттеу объектісін егжей-тегжейлі зерделеуге мүмкіндік беретін монографиялық әдіс; экономикалық-статистикалық зерттеу әдісі. Зерттеудің маңыздылығы-мемлекеттік басқару жүйесінде бағдарламаларды бағалауға әдіснамалық тәсілдердің анықталуында. Бағдарламаның бір қатысушысына үлестік шығындарды есептеу мен талдауды көздейтін экономикалық бағалау үшін «ЖҚЖК-2020» бағдарламасының бағыттары бойынша түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге арналған үлестік шығындардың мәндеріне динамикалық және салыстырмалы талдау жүргізу ұсынады. Бұл бағдарламаның жекелеген жобалары мен бағыттары динамикадағы шығындар бойынша салыстыруға және болашақта олардың негізсіз өсуіне әсер ететін факторларды анықтауға мүмкіндік береді. Ұсынылған көрсеткіштерді есептеу аймақтық бөлімде де маңызды, өйткені ол ұлттық мәндерден бір бағытта немесе басқа бағытта айтарлықтай ауытқитын аймақтарды көруге мүмкіндік береді.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Халықты жұмыспен қамту саласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру сапасын бағалаудың әдіснамалық негіздері
Аңдатпа:

Мемлекеттік жоспарлау және өңірлік даму жүйесінің ресми танылған мәселелерінің бірі мемлекеттік органдар қызметін іске асырудың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау әдіснамасының жетілдірілмеуі болып табылады. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен жергілікті уәкілетті органдардың есептері тікелей нәтижелердің абсолютті және кейде салыстырмалы мәндерін береді. Іс жүзінде экономикалық, әлеуметтік тиімділікті бағалау және қоғамға әсерін бағалау жүргізілмейді. Осыған байланысты авторлардың мемлекеттік бағдарламалардың сапасын (тиімділігін) бағалаудың әдістемелік тәсілдерін әзірлеуі (Қазақстан Республикасының «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы мысалында) өңірлік дамудың теориясы мен практикасы үшін өзекті міндет болып табылады. Жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру сапасын бағалаудың әдіснамалық негіздерін зерттеу болып табылады (Қазақстан Республикасының «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының материалдары бойынша). Мақалада сапалық және сандық әдістердің бірлігін қамтамасыз ететін мәселелерді шешудің жүйелі тәсілі қолданылады: сапалы контент-талдау; ғылыми әдебиеттер мен заңнамалық базаны кең шолуға негізделген зерттеу объектісін егжей-тегжейлі зерделеуге мүмкіндік беретін монографиялық әдіс; экономикалық-статистикалық зерттеу әдісі. Зерттеудің маңыздылығы мемлекеттік басқару жүйесінде бағдарламаларды бағалауға әдіснамалық тәсілдерімен анықталады. Бағдарламаның бір қатысушысына үлестік шығындарды есептеу мен талдауды көздейтін экономикалық бағалау үшін авторлар «ЖҚЖК-2020» бағдарламасының бағыттары бойынша түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге арналған үлестік шығындардың мәндеріне динамикалық және салыстырмалы талдау жүргізуді ұсынады. Бұл бағдарламаның жекелеген жобалары мен бағыттарын динамикадағы шығындар бойынша салыстыруға және болашақта олардың негізсіз өсуіне әсер ететін факторларды анықтауға мүмкіндік береді. Ұсынылған көрсеткіштерді есептеу аймақтық бөлімде де маңызды, өйткені ол ұлттық мәндерден бір бағытта немесе басқа бағытта айтарлықтай ауытқатын аймақтарды көруге мүмкіндік береді.

Журналдың шыққан жылы: 2023
Журнал нөмірі: 3(91)