Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: көптілділік

Нәтижелер саны: 2


Көптілділік білім берудің тиімділігін бағалау бойынша мониторингтік зерттеулерді ұйымдастыру
Аңдатпа:

Бұл мақалада халықаралық тәжірибе аспектісінде көптілділік білім беруді дамыту мәселелері қарастырылады. Еуропа елдерінде көптілділік деп түсінетіндері, көптілді білім беру нормаға айналу үшін қандай шаралар қолданылатыны көрсетілген. Қазақстан Республикасында көптілді білім берудің тиімділігін бағалау бойынша мониторингтік зерттеулерді ұйымдастырудың мүмкін әдістері ұсынылған.

Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Лингвистикалық ландшафт – қаланың әлеуметтік лингвистикалық зерттеу объектісі ретінде
Аңдатпа:

Қаланың лингвистикалық ландшафтын зерттеу – қазіргі лингвистиканың белсенді дамып келе жатқан бағыттарының бірі. Мақалада лингвистикалық ландшафт социолингвистикалық зерттеулердің объектісі ретінде қарастырылып, аталмыш зерттеудің пәні - қала «тілі», оның қоғамдық коммуникативтік кеңістіктегі маңдайшалары, жазулары, жарнамалық билбордтар және тілді жазбаша түрде көрсетудің басқа да көрнекі нысандары ұсынылады. Қала «тілін» зерттеудің негізгі әдістері - бақылау және талдау; зерттеудің мақсаты - адамның өзін-өзі көрсете алу құралдары мен тәсілдерін анықтау, нәтижесі – қала «тілін» қаланың тілдік кеңістігінде бекіту болып табылады. Қаланың коммуникативтік кеңістігінде адамның өзін-өзі көрсетуі белгілі бір аудиторияның, өнім мен қызметті әлеуетті тұтынушының назарын аударуға лингвистикалық және экстралингвистикалық әдістер мен құралдарды қолдану мақсатында іске асырылады. Қаланың лингвистикалық ландшафтарын зерттеу қоғамдық көптілділікті түсіну мақсатында тілді таңдау, тілдер иерархиясы, тілдік байланыстар феномені, тілдерді жазбаша тіркеуді реттеу тұрғысынан қарастырылады. Сондықтан лингвистикалық ландшафт осы аумақта тұратын халықтар тілдеріне қатысты қоғамның тіл саясатының өзіндік көрсеткіші болып отыр. Авторлар белгілі бір аймақтағы тілдік әртүрліліктің ең маңызды және сенімді көрсеткіші - лингвистикалық ландшафт екендігін тұжырымдады. Символдық тұрғыда, лингвистикалық ландшафт – жергілікті қоғам мен аймақтың жекелеген топтарының ахуалын білдіретін белгілі бір көрсеткіш. Лингвистикалық ландшафтта белгілі бір тілдің дәрежесі мен қолдану жиілігінің болуы, үнемі сол қоғамдағы тілдің маңызын, ықпалы мен релеванттылығының көрсеткіші болып табылады.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 3(79)