Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: көші-қон сальдосы

Нәтижелер саны: 5


Диаспоралардың маңызы мен олардың қазіргі әлемдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси үрдістерге ықпалы
Аңдатпа:

Ұсынылған мақалада диаспоралардың қалыптасуы, олардың мәні мен әлеуметтік-экономикалық, саяси үрдістерге ықпалы, сонымен қатар диаспоралардың қазіргі әлемдегі алатын орны мен мәні, олардың ұлттық-аумақтық және мемлекеттік ықпалы қарастырылады.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Тюмень облысындағы мигранттардың әлеуметтік мәселелері: әлеуметтік өлшем
Аңдатпа:

Бұл мақалада Тюмень облысында тұрып жатқан 1200 респонденттің сауалнамалық пікіртерімі, сонымен қатар сарапшылар жауаптарының негізінде аймағымызға Орта Азия елдерінен келген мигранттардың әлеуметтік мәселелері туралы қоғамдық пікірді зерттеу нәтижелерінің қосалқы талдамасының қорытындысы ұсынылған. Шетел азаматтарының келуі мен кету үрдісін, шет елден қоныс аударғандардың қылмыс деңгейін сипаттайтын статистикалық деректер талданады. Қоғамдық пікіріді білу нәтижелері еңбек көші-қоны саласындағы жағдай жалпы Ресей бойынша мигранттарға қатысты қоғамдық пікір статистикасына қарағанда әлдеқайда жақсы екендігі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік берді.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Павлодар облысының әлеуметтік сала ерекшеліктерің басқару
Аңдатпа:

Осы мақалада Павлодар облысының әлеуметтік саласын басқаруды бағалады. Негізгі әлеуметтік көрсеткіштердің талдау негізінде осы саладағы облысының күшті және әлсіз жақтарын анықтады, сондай-ақ, тұтастай алғанда өңірдің дамуына әсер мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлер анықталды. Өзгеріп отыратын әлеуметтік және экономикалық қарым-қатынастар, мәселелері аймақтық әлеуметтік кешенін басқару және дамыту байланысады. Олардың шешімі әлеуметтік реформалары, сонымен қатар Қазақстандағы әлеуметтік-саяси жағдайды қалыпқа ғана емес байланысады

Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 3(59)

Көші-қон процестері және олардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етуі
Аңдатпа:

Мақалада көші-қон процестері және олардың Павлодар өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етуі қарастырылған. Көші-қон ұғымы, факторлары және көші-қоннің түрлері белгіленген. Көші-қон процестерін және олардың Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етуін зерттеу үшін өңірдің демографиялық жағдайы зерттелген. Көші-қонның еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізетін әсері оң және теріс болуы мүмкін. Осы факторларды есепке алғанымыз көші-қон процестерін реттеу және оңтайлы саясатты анықтау үшін өте маңызды.

Автор: Ж.Н. Ахметов
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)

Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі еңбекті пайдалану және заңсыз еңбек көші-қоны мақсатындағы адам саудасы: проблема қою
Аңдатпа:

Зерттеу тақырыбы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-еңбек саясатының жалпы мемлекеттік мәселелерін шешумен тікелей байланысты, яғни әлемдегі жаһандану және аймақтық процестерге, сондай-ақ оны өңірлерде және ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттерде іске асыру тәжірибесіне сүйену көзделген. Сондай-ақ, ұлттық және ортақ мүдделерді ескере отырып, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан әлеуметтік саясаты мен еңбек әлеуетін салыстырмалы түрде қарау маңызды фактор болып табылады. Біздің елімізде қазіргі кезеңде Вестник Инновационного Евразийского университета. 2020. № 2 ISSN 1729-536X 51 заңсыз еңбек көші-қоны мен адам саудасы проблемаларына ерекше назар аударылады. Негізгі мақсат -әлеуметтік-еңбек саласындағы ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін одан әрі дамытуға және құқықтық ғылымның перспективалық және әлеуметтік, интеграциялық саясаттың маңызды бағыты ретінде еңбек құқықтарын әлеуметтік қорғауға бағытталған ұсынымдар, ұсыныстар әзірлеу. Сондай-ақ ЕАЭО елдеріндегі әлеуметтік құбылыс ретінде адам саудасы мен еңбек көші-қонын зерттеу және қарау өте маңызды. Онымен күресудің әдістері мен тәсілдерін зерделеу, сондай-ақ заңнаманы, осы әлеуметтік құбылысқа қарсы іс-қимыл стратегиясын жетілдіру.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 2(78)
Тақырып: Құқық