Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: лингвомәдениеттану

Нәтижелер саны: 3


Урбанизацияның этномәдени үрдістерге тигізетін әсері
Аңдатпа:

Мақалада урбанизация жағдайында дәстүрлі әлеуметтік-мәдени құңдылықтар қарастырылады, этномәдени үрдістердің даму тенденциялары сипатталады. Жүргізілген лингвистикалық және әлеуметтік зерттеу негізінде салт-дәстүр элементтерін сақтау ерекшеліктеріне талдау жасалады, этномәдени бағыттар және ұлттық мәдениеттің жеке элементтерін білу деңгейі анықталады. Автор антротопоним және басқа да жалқы есімдердің урбанонимдер – тарихи, қоғамдық, саяси және мәдени өзгерістер жіктемесіне өтуін қарастырған. Бұл үрдіс тарихи, қоғамдық, саясатты және мәдени түрлендіру болып табылады. Урбанонимдер жалқы есімдерге жатады, тіларалық коммуникацияда, шетел тілдерін үйренуде және шет тілінен аударуда тірек нүктесі болып табылады. Олар белгілі бір тарихи дәуірді сипаттап, қаланың даму тарихын қадағалауға көмектеседі, құнды лингвистикалық және елтану ақпаратының көзі болып табылады. Қазақ, орыс, ағылшын халықтары материалында (көшелердің атауы) әр түрлі урбанонимдердің пайда болуы мысалдар арқылы қарастырылған.

Автор: Н. Сеитова
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Әлеуметтік жарнама – әлеуметтік-мәдени дискурстың фрагменті ретінде
Аңдатпа:

Аталған ғылыми мақалада әлеуметтік жарнама, әлеуметтік жарнама дискурсы терминдеріне анықтама берілген, оларға сәйкес сипаттамалар жазылған, сонымен қатар оның ерекшеліктері, қолдану аясы қарастырылған. Мақалада әлеуметтік жарнамалық дискурстың мақсаттары мен міндеттері айқындалды, негіздемелер бойынша бірнеше жіктемелерге сараланды. Ғылыми мақалада жарнама дискурсы коммуникативті феномен жөнінде жазған ғалымдардың кейбір зерттеу жұмыстары қарастырылды. Аталған ғылыми еңбектердегі құнды деректер мақала жазу барысында басшылыққа алынды.

Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 3(59)

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі адам мінез-құлқын табиғатпен салыстырудың этнолингвистикалық мәні
Аңдатпа:

Қоғамда тіл байлығын дамытып, сөйлеу мәнерін жетілдіріп, өзін тұлға ретінде қалыптастыруда адам баласы жан-жағымен көптеп қарым-қатынасқа түсетіні белгілі. Сондықтан да олар әр халықтың ерекшелігіне байланысты өсіп-өрбіп, сол халықтың ғасырлар бойы жинаған құндылығының бірі болып табылады. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі адам мінез-құлқын табиғатпен салыстыру әр ұлттың өзіне ғана тән рухани өмірін суреттейді. Яғни, қос тілдегі ұлттық сезім, ұлттық мінез, ұлттық салт-дәстүр негізін айқындайды. Қазақ және ағылшын ұлттарының мәдениеті мен тілінде ерекше орын алатын, мәні мен мазмұны өшпес құндылықтарын табиғат арқылы салыстырудың жолдарын талдау, сипаттама беру. Мұнда халықтың мәдени-тарихи өмірі, халықтың дәстүрлі өмір тәжірибесінің ұлттың рухани құндылығы, парасаттылық өлшемі, ізгілігі жатыр. Мақалада ағылшын және қазақ тілдеріндегі адам мінез-құлқын табиғат арқылы салыстырудың этнолингвистикалық астары сипатталған. Лингвомәдениеттану мен когнитивтік лингвистикада кездесетін этностардың сана-сезімінде қалыптасқан мінез-құлық ұғымы жан-жақты зерттелген. Сонымен қатар авторлар қостілдегі мінез-құлық ұғымының анықтамасын негізге ала отырып, мінез-құлық көріністері мен ұлттық сана, ұлттық ойлау жүйесіне, наным-сенімдерге, көзқарастарға сипаттама берген. Туыс емес қазақ, ағылшын халықтарының мінез-құлқының қалыптасуы олардың географиялық ортасы, көшпелілік тұрмыс-салты, өмір сүру тәртібіне қарай байланысты екенін атап көрсеткен. Аталмыш зерттеу төңірегіндегі екі тілдегі фразеологиялық бірліктер әр ұлтқа тән ерекшеліктерді айқын көрсеткен. Екі халық үшін де табиғат құбылыстарын болжау олардың тұрмыс-тіршілігімен, шаруашылығымен, кәсібімен тығыз байланысты болып, халық өмірінде аса маңызды орын алатындығы көрсетілген.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі: